"Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 751 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 қарашада № 8903 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 224 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           А. Жұмағалиев

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      Әлеуметтік қорғау министрі
      _____________ Т. Дүйсенова
      2013 жылғы 9 қазан

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2013 жылғы
26 қыркүйектегі № 751
бұйрығымен бекітілген

«Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару»
кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):
      еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды анықтауға;
      қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
      білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
      кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған;
      2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары:
      білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
      ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      кәсіптік даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
      3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.
      4. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы;
      2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы.
      3) еңбек қызметінің түрі – кәсіптік қызметтің негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін құрамдас бөлігі;
      4) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
      5) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
      6) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
      7) жұмыс (кәсіп) тобы – жұмыстың ұқсас түрлерін біріктіретін кәсіби жұмыстар саласы;
      8) кәсіптік қызмет саласы – біріккен ортақ негізі бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер жинағы бар сала қызметі түрлерінің жиынтығы негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін сала қызметінің бір бөлігі;
      9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
      10) кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;
      11) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
      12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік жүйесіндегі функционалдық орын;
      13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
      14) сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
      15) салалық біліктілік шеңбері – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
      16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
      17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіптік қызметтер саласында немесе шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын қызмет түрлерінің, атқарымдары мен міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.
      5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
      КҚ – кәсіптік қызмет;
      ҚТ – қызмет түрі;
      КС – кәсіби стандарт;
      ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;
      СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;
      БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы;
      ҚР МЖ 01-99 – «Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші;
      ҮБС – Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары;
      Ф – функциялар;
      М – міндеттер.

2. КС паспорты

      6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызмет саласы): «Көлік және жинақтау».
      7. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: тасымалдарды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару.
      Кәсіби стандарт «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» кәсіптік қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.
      8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілді.
      Стандарт талаптары осы саланың мынадай қызмет түрлері мен кәсіптеріне қатысты қолданылады: тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор және метрополитен бойынша кезекші.

3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкалары

Параграф 1. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор

      9. СБШ – 3 бойынша біліктілік деңгейі.
      10. Мүмкін болатын лауазым атауы: тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор.
      11. «Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор» кәсібі субъектіні көлік құралдарының пайдалану қызметін жедел есепке алу бойынша жұмыстар, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жоғалған жүктерді іздестіру, құжаттарды сату және ресімдеу сияқты негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.
      Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.
      12. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператордың еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілді.
      13. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.
      14. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторының орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілді.
      15. Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператордың құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілді.

Параграф 2. Метрополитен бойынша кезекші

      16. СБШ – 3 бойынша біліктілік деңгейі.
      17. Мүмкін болатын лауазым атауы: метрополитен бойынша кезекші.
      18. «Метрополитен бойынша кезекші» кәсібі субъектіні поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу, поездардың жүру кестесінің орындалуын жүзеге асыру және метрополитен станцияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді.
      Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.
      19. Метрополитен бойынша кезекшінің еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілді.
      20. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 3 Қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.
      21. Метрополитен бойынша кезекшінің орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілді.
      22. Метрополитен бойынша кезекшінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілді.

Тасымалдауды ұйымдастыру және
көліктегі қозғалысты басқару 
кәсіби стандартына 1-қосымша 

      1-Кесте. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Реттік №

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіп атауы

СБШ сәйкес біліктілік деңгейі

1.

Көлік құралдарының пайдалану қызметін жедел есепке алу бойынша жұмыстар; жоғалған жүктерді іздестіру; құжаттарды сату және ресімдеу

Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор

Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор

3

2.

Поездарды қабылдау, жөнелту және өткізуді, поездардың жүру кестесінің орындалуын жүзеге асырады және метрополитен станцияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді

Метрополитен бойынша кезекші

Метрополитен бойынша кезекші

3

Тасымалдауды ұйымдастыру және
көліктегі қозғалысты басқару 
кәсіби стандартына 2-қосымша 

      1-Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші (ҚР МЖ 01-99)

Базалық топ

4133

Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҮБС)

ҮБС бойынша лауазым

Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор

СБШ біліктілік деңгейі

3

      2-Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Қызметі көлікпен және тасымалдаумен байланысты ұйымдар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Жоқ

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты

Жоқ

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Практикалық тәжірибесіз техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген деңгейі

Талап етілмейді

      3-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (кәсіптің еңбек функциялары)

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Ақша қаражатымен байланысты операциялар

2

Жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу және сату

3

Жүкті, багажды жөнелтуді бақылау

      4-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (функционалдық карта)

Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)

1

Қаржылық есептеулер

Ақша

1-1) Ақша қаражатын қабылдау, есепке алу және сақтау бойынша операцияларды жүргізу

3

Жүк (жолаушылар)

Көлік құралы

3-1) Тасымалдау кезінде жүктердің дұрыс бекітілуін және орналастырылуын тексеру

3-2) Жүктерді тасымалдау кезінде еңбекті қорғау талаптарының орындалуын бақылау

2

Жүк (жолаушылар)

Компьютер, принтер, бланкілер және қағаз

2-1) Теміржол көлігіне жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу және сату

2-2) Жүктерді сақтандыруды ресімдеу

      5-Кесте. СБШ 3-деңгейі бойынша тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператордың құзыретіне қойылатын талаптар

Міндет шифры

Жеке және кәсіптік құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)

Ақша аударымдарын тексеру үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Ақша аударымдарымен жұмыс жасау

Бухгалтерлік есеп, жүк пен багажды ресімдеу нысандары

2-1)
2-2)

Тасымалдау және басқа қажетті құжаттардың ресімделуін орындау үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Іс жүргізу

Қажетті құжаттаманы толтыру (нысандар бойынша)

3-1)
3-2)

Жүкті (жолаушыларды) тасымалдауды бақылау үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жүкті көлікке бекіту дағдысы

Жүкті көлікпен тасымалдау ережелері (көлік түрлері бойынша)

Тасымалдауды ұйымдастыру және
көліктегі қозғалысты басқару 
кәсіби стандартына 3-қосымша 

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

Базалық топ

4133

Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (БТБА)

БТБА шығарылымы, тарауы

-

БТБА бойынша кәсіп

Метрополитен бойынша кезекші

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

-

      2-Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

метрополитен

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Электр өрісінің жоғарғы кернеуі; статикалық электр деңгейінің жоғарылығы

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты

жоқ

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Практикалық тәжірибесіз техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген деңгейі

Талап етілмейді

      3-Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (кәсіптің еңбек функциялары)

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Электрлік орталықтандыру аппаратында поездарды қабылдау, жөнелту маршруттарын дайындау және техникалық-басқару актісінің, стрелкалардың өзара бірігіп жұмыс істеу кестесіне, сигналдар мен маршруттарға және электрлік орталықтандыру құрылғыларын пайдалану тәртібі туралы жергілікті нұсқаулыққа сәйкес маневрлік жұмыстарды орындау бойынша операцияларды уақытылы орындайды.

2

Жарықтық табло мен барлық бақылау аспаптарының көрсеткіштерін, поездардың жөнелтілуін, маневрлік құрамдардың қозғалысын бақылайды.

3

Поездарды қабылдау және жөнелту жөніндегі кезекшілердің, автоматты өткізу пункттері операторларының, өндірістік жайлар жинаушыларының жұмыстарына басшылық жасау.

      4-кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (функционалдық карта)

Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер

1

ДОБ құрылғылары

Пульт - табло

1-1) Станция құрылғылары мен жабдығының дұрыс жұмыс жасауын бақылау (стрелкалы ауыстыру, бақылау аспаптары және т.б.)

1-2) Поездарды қабылдау мен жөнелту маршруттарын дайындау бойынша электрлік орталықтандыру аппаратында жұмыс істеу

3

Жұмысшылар, жолаушылар

Байланыс және қатты дауысты хабарландыру құрылғысы

3-1) Станция бойынша кезекшілер мен операторлардың жұмысын басқарады

3-2) Жолаушыларға қатты дауысты хабарландыру арқылы ақпарат береді

3-3) Станциялар мен аралықта тұрғаннан кейін құрамдарды қабылдауға локомотив бригадаларының (машинистердің) уақытылы келуін бақылайды

2

Поездар

Пульт - табло

2-1) Жарықтық табло мен барлық бақылау аспаптарының көрсеткіштерін, поездардың жөнелтілуін, келуін бақылау

2-2) Поездардың қозғалысы мен маневрлардың үстел журналына орталықтандыру бекеті операторының жазбажазуын бақылайды және өзі жазады

2-3) Поезд диспетчерінің поездардың қозғалысын реттік бойынша нұсқауларын орындайды, машинистерге ескерту рәсімдейді және береді, диспетчердің бұйрық көшірмелерін және басқа жол жүру құжаттарын рәсімдейді және береді

      5-кесте. СБШ 3-деңгейінің метрополитен бойынша кезекшісінің құзыретіне қойылатын талаптар

Міндет шифры

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)
1-2)

Метрополитеннің дұрыс жұмыс жасауы үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Орнықтылық, тілтапқыштық

Дабылдама, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының жұмысын білу

2-1)
2-2)
2-3)

Жоғары тұрған басшылықтың нұсқаулары мен бұйрықтарын орындау үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Сауатты сөйлей білу

Іс жүргізу

3-1)
3-2)

Метрополитендегі поездардың қозғалу кестесін орындау үшін жауапкершілікті және өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Орнықтылық, тіл тапқыштық

Метрополитен бойынша поездардың қозғалу ережелері, станция ТРА

4. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттар
түрлері
5. Кәсіби стандартты әзірлеушілер

      PRC «Career-Holdings»

6. Келісу парағы

Ұйым атауы

Келісілген күні

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігінің техникалық және кәсіптік білімді және кадрлар даярлауды дамыту бойынша салалық кеңес


7. Кәсіптік стандарттың сараптамасы және тіркелуі

      Осы кәсіптік стандарт ________________ бекітілді және тіркелді.
      Кәсіптік стандарттар тізіліміне енгізілді. Тіркеу № ___________
      Хат (хаттама) № __________________ Күні _______________________

Об утверждении профессионального стандарта "Организация перевозок и управление движением на транспорте"

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 сентября 2013 года № 751. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 ноября 2013 года № 8903. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 февраля 2016 года № 224

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 25.02.2016 № 224 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 138-5 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1.Утвердить прилагаемый профессиональный стандарт «Организация перевозок и управление движением на транспорте».
      2. Департаменту кадровой и административной работы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Хасенов Е.Е.) обеспечит:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, официальное опубликование в средствах массовой информации, в том числе размещение его на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      3) представление в Юридический департамент Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан сведений о государственной регистрации и о направлении на опубликование в средствах массовой информации в течение 5 рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого социального опубликования.

      Министр                                    А. Жумагалиев

«СОГЛАСОВАН»:
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
_______ Т. Дуйсенова
9 октября 2013 года

Утвержден          
приказом Министра транспорта и
коммуникаций Республики Казахстан
от 26 сентября 2013 года № 751

Профессиональный стандарт «Организация перевозок и
управление движением на транспорте»

1. Общие положения

      1. Профессиональный стандарт предназначен для:
      выработки единых требований к содержанию профессиональной деятельности, обновления квалификационных требований, отвечающих современным потребностям рынка труда;
      решения широкого круга задач в области управления персоналом;
      разработки образовательных стандартов, учебных планов, модульных учебных программ, а также разработки соответствующих учебно-методических материалов;
      проведения оценки профессиональной подготовленности и подтверждения соответствия квалификации специалистов.
      2. Основными пользователями профессиональных стандартов являются:
      выпускники организаций образования, работники;
      руководители и работники организаций, руководители и специалисты подразделений управления персоналом организаций;
      специалисты, разрабатывающие образовательные программы;
      специалисты в области оценки профессиональной подготовленности и подтверждения соответствия квалификации специалистов.
      3. На основе профессионального стандарта могут разрабатываться внутренние, корпоративные стандарты организаций на функциональные модели деятельности, должности, повышение квалификации, аттестацию работников, систему стимулирования труда и другие.
      4. В настоящем профессиональном стандарте применяются следующие термины и определения:
      1) квалификация – готовность работника к качественному выполнению конкретных функций в рамках определенного вида трудовой деятельности;
      2) квалификационный уровень/уровень квалификации – совокупность требований к компетенциям работников, дифференцируемых по параметрам сложности, нестандартности трудовых действий, ответственности и самостоятельности;
      3) предмет труда – предмет, на который направлены действия работника с целью создания продукта при помощи определенных средств труда;
      4) средства труда - средства, используемые работником для преобразования предмета труда из исходного состояния в продукт;
      5) вид трудовой деятельности – составная часть области профессиональной деятельности, сформированная целостным набором трудовых функций и необходимых для их выполнения компетенций;
      6) трудовая функция – набор взаимосвязанных действий, направленных на решение одной или нескольких задач процесса труда;
      7) область профессиональной деятельности – совокупность видов трудовой деятельности отрасли, имеющая общую интеграционную основу (аналогичные или близкие назначение, объекты, технологии, в том числе средства труда) и предполагающая схожий набор трудовых функций и компетенций для их выполнения;
      8) профессиональный стандарт – стандарт, определяющий в конкретной области профессиональной деятельности требования к уровню квалификации, компетенций, содержанию, качеству и условиям труда;
      9) единица профессионального стандарта – структурный элемент профессионального стандарта, содержащий развернутую характеристику конкретной трудовой функции, которая является целостной, завершенной, относительно автономной и значимой для данного вида трудовой деятельности;
      10) профессия – род трудовой деятельности, который требует владения комплексом специальных теоретических знаний и практических навыков, приобретенных в результате специальной подготовки, опыта работы;
      11) компетенция – способность применять знания, умения и опыт в трудовой деятельности;
      12) должность – функциональное место в системе организационно - административной иерархии организации;
      13) задача - совокупность действий, связанных с реализацией трудовой функции и достижением результата с использованием конкретных предметов и средств труда;
      14) отрасль – совокупность предприятий и организаций, для которых характерна общность выпускаемой продукции, технологии производства, основных фондов и профессиональных навыков работающих;
      15) отраслевая рамка квалификаций - структурированное описание квалификационных уровней, признаваемых в отрасли;
      16) национальная рамка квалификаций – структурированное описание квалификационных уровней, признаваемых на рынке труда;
      17) функциональная карта – структурированное описание трудовых функций и задач, выполняемых работником определенного вида деятельности в рамках той или иной области профессиональной деятельности.
      5. В настоящем профессиональном стандарте используются следующие сокращения:
      ПД – профессиональная деятельность;
      ВД – вид деятельности;
      ПС – профессиональный стандарт;
      НРК – национальная рамка квалификаций;
      ОРК – Отраслевая рамка квалификаций;
      ЕТКС – Единый тарифно-квалификационный справочник работ и профессий рабочих Республики Казахстан;
      ГКЗ РК 01-99 - Государственный классификатор занятий в Республике Казахстан;
      ТКХ – Типовые квалификационные характеристики должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций;
      Ф – функции;
      З – задачи.

2. Паспорт ПС

      6. Вид экономической деятельности (область профессиональной деятельности): Транспорт и складирование.
      7. Основная цель вида экономической (области профессиональной) деятельности: организация перевозок и управление движением на транспорте.
      Профессиональный стандарт устанавливает в области профессиональной деятельности «Организация перевозок и управление движением на транспорте» требования к содержанию, качеству, условиям труда, квалификации и компетенции работников.
      8. Виды трудовой деятельности, профессии, квалификационные уровни указаны в Приложения 1 к настоящему профессиональному стандарту.
      Требования стандарта относятся к следующим профессиям в данной области: оператор по обработке перевозочных документов, дежурный по метрополитену.

3. Карточка видов трудовой деятельности (профессий)

Параграф 1. Профессия: оператор по обработке
перевозочных документов

      9. Квалификационный уровень по ОРК – 3.
      10. Возможные наименования должностей: оператор по обработке перевозочных документов.
      11. Профессия «Оператор по обработке перевозочных документов» обязывает субъекта знать и уметь выполнять задачи, связанные с реализацией основной функции: работа по оперативному учету эксплуатационной деятельности транспортных средств; перевозка пассажиров и грузов; розыск пропавших грузов; продажа и оформление документов.
      Связь с действующими нормативными документами указана в Таблице 1 Приложения 2 к настоящему профессиональному стандарту.
      12. Требования к условиям труда, образованию и опыту работы оператора по обработке перевозочных документов приведены в Таблице 2 Приложения 2 к настоящему профессиональному стандарту.
      13. Перечень единиц профессионального стандарта указан в Таблице 3 Приложения 2 к настоящему профессиональному стандарту.
      14. Функциональная карта, описывающая единицы профессионального стандарта и трудовые действия, выполняемые оператором по обработке перевозочных документов, приведена в Таблице 4 Приложении 2 к настоящему профессиональному стандарту.
      15. Требования к компетенциям оператора по обработке перевозочных документов указаны в Таблице 5 Приложения 2 к настоящему профессиональному стандарту.

Параграф 2. Дежурный по метрополитену

      16. Квалификационный уровень по ОРК – 3.
      17. Возможные наименования должностей: дежурный по метрополитену.
      18. Профессия «Дежурный по метрополитену» обязывает субъекта знать и уметь выполнять задачи, связанные с реализацией основной функции – осуществляет прием, отправление и пропуск поездов, выполнение графика движения поездов и обеспечивает бесперебойную работу станции метрополитена.
      Связь с действующими нормативными документами указана в Таблице 1 Приложения 3 к настоящему профессиональному стандарту.
      19. Требования к условиям труда, образованию и опыту работы дежурного по метрополитену приведены в Таблице 2 Приложения 3 к настоящему профессиональному стандарту.
      20. Перечень единиц профессионального стандарта указан в Таблице 3 Приложения 3 к настоящему профессиональному стандарту.
      21. Функциональная карта, описывающая единицы профессионального стандарта и трудовые действия, выполняемые дежурным по метрополитену, приведена в Таблице 4 Приложения 3 к настоящему профессиональному стандарту.
      22. Требования к компетенциям дежурного по метрополитену указаны в Таблице 5 Приложения 3 к настоящему профессиональному стандарту.

Приложение 1          
к профессиональному стандарту  
Организация перевозок и    
управление движением на транспорте

   Таблица. Виды деятельности, профессии, квалификационные уровни

№ п/п

Наименование вида деятельности

Наименование профессии с учетом тенденций рынка труда

Наименование профессии согласно государственному классификатору занятий ГК РК 01-2005

Квалификационный уровень ОРК

1

Работы по оперативному учету эксплуатационной деятельности транспортных средств; перевозка пассажиров и грузов; розыск пропавших грузов; продажа и оформление документов.

Оператор по обработке перевозочных документов

Оператор по обработке перевозочных документов

3

2

осуществляет прием, отправление и пропуск поездов, выполнение графика движения поездов и обеспечивает бесперебойную работу станции метрополитена.

Дежурный по метрополитену

Дежурный по метрополитену

3

Приложение 2          
к профессиональному стандарту  
Организация перевозок и    
управление движением на транспорте

        Таблица 1. Связь с действующими нормативными документами

Государственный классификатор занятий Республики Казахстан (ГКЗ)

Базовая группа

4133

Типовые квалификационные характеристики должностей руководителей, специалистов и
других служащих организаций

Должность по ТКХ

Оператор по обработке перевозочных документов

Квалификационный уровень ОРК

3

   Таблица 2. Требования к условиям труда, образованию и опыту работы

Возможные места работы по профессии (предприятия, организации)

Организации, деятельность которых связана с транспортом и перевозками

Вредные и опасные условия труда

Отсутствуют

Особые условия допуска к работе

Отсутствуют

Квалификационный уровень ОРК

Уровень профессионального образования обучения

Требуемый опыт работы

3

Установленный уровень профессионально-технического образования без практического опыта работы

Не требуется

       Таблица 3. Перечень единиц профессионального стандарта
                  (трудовых функций профессии)

№ трудовой функции

Наименование трудовой функции (единицы профессионального стандарта)

1

Операции с денежными средствами

2

Оформлять и продавать проездные и перевозочные документы

3

Контролировать отправление грузов, багажа

        Таблица 4. Описание единиц профессионального стандарта
                        (функциональная карта)

№ трудовой функции

Предметы труда

Средства труда

Задачи (трудовые действия)

1

Финансовые расчеты

Деньги

1-1) Проводить операции по приему, учету и хранению денежных средств

3

Груз (пассажиры)

Транспортное средство

3-1) Проверять правильность размещения и крепления грузов при перевозке

3-2) Контролировать выполнение требований охраны труда при перевозке грузов

2

Груз (пассажиры)

Компьютер, принтер, бланки и бумага

2-1) Оформлять и продавать проездные и перевозочные документы

2-2) Оформлять страхование грузов

      Таблица 5. Требования к компетенциям оператора по обработке
              перевозочных документов 3-го уровня ОРК

Шифр задачи

Личностные и профессиональные компетенции

Умения и навыки

Знания

1-1)

Исполнительская деятельность по реализации нормы под руководством, предусматривающая самостоятельное планирование, ответственность за проверку денежных начислений

Работы с денежными переводами

Бухгалтерский учет, формы заполнения на грузы и багаж

2-1)
2-2)

Исполнительская деятельность по реализации нормы под руководством, предусматривающая самостоятельное планирование, ответственность за выполнение оформления перевозочной и другой необходимой документации

Делопроизводство

Заполнения необходимой документации (по формам)

3-1)
3-2)

Исполнительская деятельность по реализации нормы под руководством, предусматривающая самостоятельное планирование, ответственность
контроль транспортировки груза (пассажиров)

Умения крепления грузов на транспорте

Правила перевозки грузов на транспорте (по видам транспорта)

Приложение 3          
к профессиональному стандарту  
Организация перевозок и    
управление движением на транспорте

       Таблица 1. Связь с действующими нормативными документами

Государственный классификатор занятий Республики Казахстан (ГКЗ)

Базовая группа

4133

Единый тарифно-квалификационный справочник работ и профессий рабочих (ЕТКС)

Выпуск, раздел ЕТКС

-

Профессия по ЕТКС

Дежурный по метрополитену

Квалификационный уровень ОРК

Разряды по ЕТКС

3

-

   Таблица 2. Требования к условиям труда, образованию и опыту работы

Возможные места работы по профессии (предприятия, организации)

Метрополитен

Вредные и опасные условия труда

повышенная напряженность электрического поля; повышенный уровень статического электричества.

Особые условия допуска к работе

отсутствует

Квалификационный уровень ОРК

Уровень профессионального образования и обучения

Требуемый опыт работы

3

Установленный уровень профессионально-технического образования без практического опыта работы

не требуется

   Таблица 3. Перечень единиц профессионального стандарта (трудовых
                         функций профессии)

№ трудовой функции

Наименование трудовой функции (единицы профессионального стандарта)

1

Своевременно выполняет операции на аппарате электрической централизации по приготовлению маршрутов приема, отправления поездов и производству маневровой работы в соответствии с техническо-распорядительным актом, таблицей взаимодействия стрелок, сигналов и маршрутов и местной инструкцией о порядке пользования устройствами электрической централизации

2

Постоянное наблюдение за показанием светового табло и всех контрольных приборов, прибытием, отправлением поездов, движением маневровых составов

3

Руководство работой дежурных по приему и отправлению поездов, контролеров автоматических пропускных пунктов, машинистов уборочных машин, уборщиков производственных помещений

         Таблица 4. Описание единиц профессионального стандарта
                     (функциональная карта)

№ трудовой функции

Предметы труда

Средства труда

Задачи (описание трудовых действий)

1

Устройства СЦБ

Пульт - табло

1-1) Контроль за исправной работой устройств и оборудования станции (стрелочные переводы, контрольные приборы и т.д.)

1-2) Работа на аппарате электрической централизации по приготовлению маршрутов приема и отправления поездов

3

Работники, пассажиры

Устройство связи и громкого оповещения

3-1) Руководит работой дежурных по станции и операторов

3-2) Информирует пассажиров по громкоговорящему оповещению

3-3) Контролирует своевременность прибытия локомотивных бригад (машинистов) на приемку составов после отстоя на станциях и перегонах.

2

поезда

Пульт - табло

2-1) Постоянное наблюдение за показанием светового табло и всех контрольных приборов, прибытием, отправлении поездов

2-2) Ведет сам и контролирует ведение оператором поста централизации записей в настольном журнале движения поездов и маневровой

2-3) Выполняет указания поездного диспетчера по регулировки движения поездов, оформляет и выдает машинистам предупреждения, копии приказов поездного диспетчера и другие поездные документы

     Таблица 5. Требования к компетенциям дежурного по метрополитену
                         3-го уровня ОРК

Шифр задачи

Личностные и профессиональные компетенции

Умения и навыки

Знания

1-1)
1-2)

Исполнительская деятельность по реализации нормы под руководством, предусматривающая самостоятельное планирование, ответственность за выполнение исправной работы метрополитена

Усидчивость, коммуникабельность

Знание работы устройств сигнализации, централизации и блокировки

2-1)
2-2)
2-3)

Исполнительская деятельность по реализации нормы под руководством, предусматривающая самостоятельное планирование, ответственность за выполнения указании и приказов вышестоящего руководства

Грамотная речь

Делопроизводство

3-1)
3-2)
3-3)

Исполнительская деятельность по реализации нормы под руководством, предусматривающая самостоятельное планирование, ответственность за выполнения графика движения поездов в метрополитене

Усидчивость, коммуникабельность

Правила движения поездов по метрополитену, ТРА станции

        4. Виды сертификатов, выдаваемых на основе настоящего
                   профессионального стандарта

             5. Разработчики профессионального стандарта

      PRC «Career-Holdings»

                       6. Лист согласования

Название организации

Дата согласования

Отраслевой совет по развитию технического и профессионального образования и подготовке кадров Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан


      7. Экспертиза и регистрация профессионального стандарта

Настоящий профессиональный стандарт зарегистрирован _________________
_____________________________________________________________________

Внесен в Реестр профессиональных стандартов рег. № __________________

Письмо (протокол) № ___________        Дата _________________________