Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 желтоқсанда № 8950 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль көлігі департаменті (Е.Е. Джұмашев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі М.Қ. Пішембаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы С. Сарсенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      _________________ Т.Дүйсенова

      2013 жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушының
2013 жылғы 1 қарашадағы
№ 859 бұйрығымен
бекітілді

Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (бұдан әрі – Тасымалдау қағидалары) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалар автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді көліктік ортаны қамтамасыз етудің жалпы тәртібі мен шарттарын анықтайды.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 № 602 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      2) шағын автобус – жасаушы зауыт көздеген жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын ерекше шағын сыныптағы автобус;

      3) инватакси – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған автомобиль;

      4) такси – Тасымалдау қағидаларына сәйкес жабдықталған, жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль.

2-тарау. Автокөлік құралдарымен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәртібі

      4. Мүгедектігі бар адамдарды тұрақты қалааралық облысаралық маршруттарда тасымалдау кезінде және халықаралық автомобиль тасымалдарында "Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" 1040-2001 Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес келетін жолаушылар салонындағы өтудің ені 44 сантиметрден кем емес қалааралық автобустар (II класс) немесе алысқа жүретін автобустар (III класс) пайдаланылады.

      5. Автобустарда мүгедектігі бар адамдарға арналған орындар және мүгедектігі бар адамдардың қозғалысына арналған кресло-арбалар автобустың жанама қабырғасының ені бойында бір қатарда орналастырады және олар автобустың жүрісі бойынша алға қарайды.

      6. Кресло-арбаны орналасу орындарындағы жолаушылар салондарының еденінде және оларға қолжетімділік аймақтарында пандустар және баспалдақтар болмайды.

      7. II және III класс автобустар орындықтарының арқасы жастығымен болады. Орындықтардың арқасы еңкею бұрышы бойынша орналасуды реттеуі болады.

      8. Мүгедектігі бар адамдарды тікелей кресло-арбаларда тасымалдаған жағдайда автобуста қозғалыс кезінде кресло-арбаны бекітетін жабдықтар мен құралдар көзделеді.

      9. Жүргізушінің жұмыс орны мүгедектігі бар адамдардың орналасу орындарынан болсын, кресло-арбаларды орналастыру орнынан болсын іске қосылатын дыбыс және жарық сигналдарымен жабдықталады.

      10. II және III класс автобустары жолаушылар салонында мүгедектігі бар адамның қозғалуы үшін арналған арнайы көліктік арбамен жабдықталады.

      11. II және III класс автобустарында кресло-арбаны тасымалдау үшін пайдаланылатын багаж бөлімі көзделеді. Бөлімде жинастырған күйде кресло-арбаны бекіту үшін құралдар көзделеді.

      12. Көлік құралы аялдамалар, келу және кету уақыттары жөнінде хабарлайтын дыбыс және көретін ақпараттық табломен жабдықталады.

      13. Қалалық маршруттық автобустардың жолаушылар салондарында кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдардың автобусқа кіруі үшін арналған есікке қарама-қарсы бос алаң (бұрылу шеңбері) көзделеді.

      14. Кресло-арбаны орналастыру үшін арналған еден учаскесінде бүйір қабырғаның ені бойында көлденең тұтқа орнатылады.

      15. Автобустарда кемінде 2 жолаушы есігі көзделеді. Оның біреуі кресло-арбадағы мүгедекке мүгедектігі бар адамдарға автобусқа кіруге және шығуға мүмкіндік беретін жабдықпен жабдықталады.

      Шағын автобуста жабдықпен жабдықталған және кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі үшін де, мүгедектігі бар адамдармен бірге жүретін адамдар үшін де пайдаланылатын бір есіктің болуына жол беріледі.

      16. Кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдардың автобусқа қолжетімділігі үшін пайдаланылатын есіктің тиісті белгілері (жазулар немесе пиктограммалар) болады.

      17. Автобустар мүгедектігі бар адамдарға автобусқа колжетімділігін қамтамасыз ететін рампалармен немесе кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдарды автобусқа (автобустан) көтеруге (түсіруге) арналған жабдықтармен жабдықталады.

      18. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық тасымалдауды жүзеге асыру үшін сатып алынатын автокөлік құралдары жасаушы зауытпен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын тасымалдау үшін ыңғайластырылған.

3-тарау. Мүгедектігі бар адамдарға такси қызметтерін ұйымдастыру және көрсету

      19. "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде таксимен тасымаладушының он және одан да көп таксиі болған кезде әр он таксиге арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін бейімделген кемінде бір таксиі болады.

      20. Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін, соның ішінде кресло-арбада отыратын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арнайы бейімделген "Жолаушылар такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2272-2020 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін жеңіл автокөлік құралдары пайдаланылады.

      21. Таксидің алдыңғы және артқы жақтарында төртбұрыш түрінде "      және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Жол белгілерінің 7.17-тармағында көрсетілген жол белгісі нышанының бейнесі белгіленеді.

4-тарау. Инватакси қызметтерін көрсету тәртібі

      22. Инватакси қызметтерін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырады.

      23. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс инватаксиі бар, қызметтерді көрсетуге қажетті персоналдың жұмысына арналған жағдайлар, соның ішінде мүгедектігі бар адамдардан тапсырыс қабылдауға арналған, өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған, өтінімдерді қабылдау үшін ұялы байланысты қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған диспетчерлік қызметі бар ұйымда орналастырылады.

      24. Инватакси қызметін көрсетуге қойылатын талаптар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау туралы шартта айтылады, ол соның ішінде:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе);

      2) инватаксидің тәулік бойы күндізгі және түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс режимі.

      25. Инватакси қызметтерін көрсету үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады.

      26. Инватакси қызметтерін алуға құқығы бар, бірақ кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жағдайында инватакси қызметтерін көрсету үшін мүгедектігі бар адамдарға жеңіл автомобиль көлігін пайдалануға жол беріледі.

      27. Жергілікті атқарушы органдардың инватакси қызметтеріне ақы төлеуі автомобиль көлігінің тәулігіне сағатпен (машина-сағатпен) өлшенген нақты жұмыс уақытын негізге алады.

      28. Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметтерін көрсетуге көрсетілімдер:

      1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының он сегізінші абзацына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық көрсетілімдер;

      2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма екінші абзацына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер болып табылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Мүгедектік белгіленген мерзімге берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерін көрсетуге негіздеме болып табылады.

      Қызметтерді алу үшін мүгедектігі бар адам инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысан бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      4) № 44 бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.

      2), 4), тармақшаларында көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы мүгедектігі бар адамға қайтарылады.

      30. Инватакси қызметтері белгіленген Тізбеге сәйкес көрсетіледі.

      31. Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша кеңейтуге жол беріледі.

      32. Инватакси қызметтері бірінші кезекте жұмыс істейтін және оқитын мүгедектігі бар адамдарға жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес көрсетіледі. Басқа мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтері олардың өтініш білдіру тәртібінде көрсетіледі.

      33. Инватакси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын инватакси қызметін көрсететін ұйымға телефон арқылы беріледі.

      34. Инватакси қызметтерін көрсету тапсырыс қабылдау, мүгедектігі бар адамды қарсы алу, орналасқан жерден инватаксиге дейін мүгедектігі бар адамды тасымалдауға жәрдемдесу (еріп жүретін адам болмаған жағдайда), сондай-ақ отырғызуға/түсіруге (қажет болған жағдайда), багажды тиеу/түсiруге (қажет болған жағдайда), мүгедектігі бар адамды және еріп жүретін адамды (болған жағдайда) өтінімде көрсетілген межелі орынға дейін жеткізу кіреді.

      35. Тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адам мынадай деректерді: тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), сапар күнін және уақытын, белгіленген пункттің нақты мекенжайын, тапсырыс берушімен байланысу үшін телефонын, өзге де қосымша ақпаратты (жолаушылардың санын, жүк көлемін және жай-күйін, поездың, автобустың, әуе кемесінің келу/кету уақытын) береді.

      36. Диспетчер инватакси маршрутын жасау кезінде өтінім уақытын түзетеді және оны мүгедектігі бар адаммен келіседі.

      37. Қызметтерді көрсету кезінде инватаксидің жүру бағыты бойынша бір мезгілде бірнеше мүгедектігі бар адамдардың өтінімін орындауға жол беріледі.

      38. Өтінімді алып тастаған жағдайда мүгедектігі бар адам тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерлік қызметке хабарлайды.

      39. Инватакси тапсырыс орнына келгені туралы хабарланғаннан кейін инватакси мүгедектігі бар адамды 20 минут күтеді. Мүгедектігі бар адам көрсетілген уақытта келмесе, тапсырыс алынады және өтінім орындалды деп есептеледі.

      40. Маршрут бағыты өзгертілген жағдайда мүгедектігі бар адам тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерге телефон арқылы хабарлайды. Сапар мекенжайының өзгеруі инватакси маршрутымен сәйкес келмесе, диспетчер мүгедектігі бар адамға тапсырыс беру мекенжайын өзгертуден бас тартады.

      41. Мүгедектігі бар адам белгіленген уақыттан кешігетін болса, ол тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерге телефон арқылы хабарлайды. Диспетчер тапсырыс уақытын ауыстырады немесе мүгедектігі бар адамның кешігуі себебімен инватакси қызметтерін көрсету кестесіне кедергі келтірсе, тапсырысты алып тастайды.

      42. Инватакси салонында мүгедектігі бар адамға арналған бір орынға 20 килограмм салмақтан аспайтын багажды тасымалдауға рұқсат беріледі.

      43. Осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адамды немесе мүгедектігі бар баланы сапарда бір адам еріп жүреді. Еріп жүретін адам үшін сапар тегін.

      44. Белгіленген пунктке келгеннен кейін мүгедектігі бар адам инватакси жүргізушінің өтініміне қол қояды, организм қызметтерінің бұзылуы салдарынан мүмкіндігі болмаған жағдайда, еріп жүретін адам қолын қояды.

      45. Адамның өтініші бойынша бордюр, саты, баспалдақ және басқа да тосқауылдардан өтуге көмек көрсету түріндегі кедергілерден жүргізушінің келісімімен ғана орындалады.

      46. Жүргізуші салонда қалып қойған, ұмытылған мүгедектігі бар адамдардың заттарының сақталуына жауап бермейді.

  Автомобиль көлігімен
мүгедектігі бар адамдарды
тасымалдау жөнінде қызметтер
көрсету қағидаларына
қосымша

Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі

      1) мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;

      2) мүгедектігі бар адамның оқу орны;

      3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

      4) сот, прокуратура;

      5) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;

      6) заң консультациялары;

      7) нотариус;

      8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);

      9) әуежайлар, темір жол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;

      10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады