"Поездар қозғалысын ұйымдастыру" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 953 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8999 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 224 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Поездар қозғалысын ұйымдастыру" кәсіби стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталы орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Жұмағалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________ Қ. Әбсаттаров

      2013 жылғы 4 қараша



  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 953 бұйрығымен бекітілген

"Поездар қозғалысын ұйымдастыру" кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім

      1. "Поездар қозғалысын ұйымдастыру" кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) "Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі" кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

      1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

      2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

      2. КС негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

      2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

      3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

      4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

      2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

      3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

      4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

      6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

      7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

      8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

      9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

      10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

      11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

      12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

      13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

      14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. КС паспорты мынаны анықтайды:

      1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) "30.2 Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі";

      2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

      поездар қозғалысын ұйымдастыру;

      3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф "Поезд диспетчері"

      6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 "Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)";

      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: поезд диспетчері;

      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - вагон және локомотив паркінде құралдарды тиімді пайдаланып поезд қозғалысының қауіпсіздігін және кесте бойынша орындау;

      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Поезд диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" деген 1-кестесінде келтірілген.

2-параграф "Локомотив диспетчері"

      7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 "Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)";

      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: локомотив диспетчері;

      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - тағайындалған нормативтер бойынша локомотивтердің үздіксіз жұмысы үшін және жүк поездының орташа салмағы, локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісі, орташа тәуліктік өндірімділігі бойынша тапсырмалардың орындалуына жағдай жасау;

      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Локомотив диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" деген 2-кестесінде келтірілген.

3-параграф "Вагон бөлуші диспетчер"

      8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 "Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)";

      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон бөлуші диспетчер;

      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - поездарды құру жоспары мен қозғалыс сызбасын, станцияның ағымдағы жұмыс жоспарымен сәйкес бос вагондарды жібере отырып реттеу тапсырмаларын орындау, жергілікті вагондарды тазалау және беру, құрамдарды бөлшектеу – жинау арқылы жұмыстарын тікелей басшылық ету және ұйымдастыру, жоспарлау;

      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон бөлуші диспетчердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" деген 3-кестесінде келтірілген.

4-параграф "Теміржол бөлімшесі бойынша кезекші"

      9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 "Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)";

      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: бөлімше бойынша кезекші;

      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - поездық жұмыста пайда болған қиыншылықтарда поезд диспетчерлеріне практикалық көмек көрсету, поездарды жеткізуге қатысушы диспетчерлердің байланысты жұмыстарын біріктіру;

      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бөлімше бойынша кезекшінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" деген 4-кестесінде келтірілген.

5-параграф "Бағыт бойынша аға диспетчер"

      10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 "Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)";

      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: бағыт бойынша аға диспетчер;

      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - поездарды қалыптастыру жоспарын бақылау, орындалған қозғалыстың кестесінде көрінетіндей поездарды өткізу, поезді жағдайды бақылау, вагон ағындардың орнатылған бағыты тәртіп бойынша орындау, жергілікті және транзиттік жүктің берілуін бақылау;

      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бағыт бойынша аға диспетчердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" деген 5-кестесінде келтірілген.

4. КС бірліктерінің тізімі

      11. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-5-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5. КС бірліктерінің сипаттамасы

      12. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1-5-кестелерінде келтірілген.

      6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

      13. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

      14. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

      15. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

      16. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

  "Поездар қозғалысын ұйымдастыру"
кәсіби стандартына
1-қосымша

Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің)
түрлері

№ р/с

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

БТБА бойынша разряды

1

Вагон және локомотив паркінде құралдарын тиімді пайдаланып поезд қозғалысының қауіпсіздігі және кесте бойынша орындалуын қамтамасыз ету

Поезд диспетчері

Поезд диспетчері

5

-

2

Тағайындалған нормативтер бойынша локомотивтердің үздіксіз жұмысы үшін және жүк поезінің орташа салмағы, локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісі,орташа тәуліктік өндірімділігі бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету

Локомотив диспетчері

Локомотив диспетчері (аға диспетчерін қоса алғанда)

5

-

3

Поездарды құру жоспары мен қозғалыс сызбасын, станцияның ағымдағы жұмыс планымен сәйкес бос вагондарды жібере отырып реттеу тапсырмаларын орындау,.жергілікті вагондарды тазалау және беру, құрамдарды бөлшектеу – жинау арқылы жұмыстарын тікелей басшылық ету және ұйымдастыру, жоспарлау

Вагонбөлуші диспетчер

Вагон паркін реттеуші диспетчер

5

-

4

Поездық жұмыста пайда болған қиыншылықтарда поезд диспетчерлеріне практикалық көмек көрсету, поездарды жеткізуге қатысушы диспетчерлердің байланысты жұмыстарын біріктіру

Бөлімше бойынша кезекші

Тасымалдау бөлімі бойынша кезекші

5

-

5

Поездарды қалыптастыру жоспарын бақылау, орындалған қозғалыстың кестесінде көрінетіндей поездарды өткізу, поездік жағдайды бақылау, вагон ағындардың орнатылған бағыты тәртіп бойынша орындау, жергілікті және транзиттік жүктің берілуін бақылау

Бағыт бойынша аға диспетчер

Диспетчер

5

-

      Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

  "Поездар қозғалысын ұйымдастыру"
кәсіби стандартына
2-қосымша

      1-кесте

1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Поезд диспетчерінің
еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол станциялары және кірме жолдар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Мүмкін зиянды жағдайлар – шудың жоғары деңгейі

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім

Поезд қозғалысымен байланысты лауазымдағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес

Жоғары кәсіптік және техникалық білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды


      2-кесте

2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Локомотив
диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол станциялары, локомотивті деполар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары кәсіптік техникалық білім

Теміржол көлігінде тасымал-дауды ұйымдастырумен байланысты лауазымдағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес


      3-кесте

3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон
бөлуші-диспетчердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол станциялары және кірме жолдар.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім, практикалық тәжірибе

Теміржол көлігінде тасымал-дауды ұйымдастырумен байланысты лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

Жоғары кәсіптік техникалық білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды


      4-кесте

4. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бөлімше бойынша
кезекшінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Тасымалдау бөлімдері

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Мүмкін зиянды жағдайлар – шудың жоғары деңгейі, вибрацияның жоғары деңгейі.

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім

Теміржол көлігінде тасымал-дауды ұйымдастырумен байланысты лауазымдағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес

Жоғары кәсіптік білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды


      5-кесте

5. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бағыт бойынша аға
диспетчердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол станциялары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі немесе нақты лауазымдағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

  "Поездар қозғалысын ұйымдастыру"
кәсіби стандартына
3-қосымша

КС бірліктерінің тізімі

      1-кесте

1. "Поезд диспетчерінің" еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Диспетчерлік қызмет көрсету бөлімшесінде поездар қозғалысын басқару

2 Ф

Диспетчерлік бөлімшесіндегі бірыңғай ауысымның жұмысын есептеу

3 Ф

Поездар қозғалысының сызбасын жүргізу және басқа да бекітілген құжаттарды, есеп қисап


      2-кесте

2. "Локомотив диспетчерінің" еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Поездарды уақтылы локомотивтермен және локомотивті бригадалармен қамтамасыз ету үшін локомотив паркілерін пайдалануға дайындық

2 Ф

Бөлімше шекараларына жүгінген локомотивтерді пайдалануын тексеру

3 Ф

Есеп қисап жүргізу және кезекшілікті тапсыруға дайындық


      3-кесте

3. "Вагон бөлуші-диспетчердің" еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Вагондардың тиеу және түсіру жоспары бойынша орындалуын қамтамасыз ету

2 Ф

Бағыттарды қалыптастыру, жүк жұмысы бойынша есеп-қисап жүргізу


      4-кесте

4. "Бөлімше бойынша кезекшінің" еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Тасымалдау бөліміндегі бірыңғай ауысым жұмысын басқару

2 Ф

Бөлімдегі жүк және поездік жұмыстарды жоспарлау

3 Ф

Бөлімдегі орындалған жұмыс қорытындыларына талдау


      5-кесте

5. "Бағыт бойынша аға диспетчердің" еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Тәуліктік-ауысымды жұмыс жоспары тапсырмаларының орындалуын бақылау

2 Ф

Поез қозғалысының және кестені орындау жұмыстарын басшылық ету


      Ескертпе: Ф – функция.

  "Поездар қозғалысын ұйымдастыру"
кәсіби стандартына
4-қосымша

КС бірліктерінің сипаттамасы

      1-кесте

1. СБШ 5-деңгейіндегі "Поезд диспетчері" еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Жылжымалы құрам, сигнал беру, шоғырландыру және блокадалау құрылғылары, теміржол жолдары

Радиостанция, дауыс зорайтқышы бар байланыс жүйесі, диспетчерлік байланыстың құрылғылары және ССБАЖ-нің жағдайындағы микропроцессорлық аппаратурасы

1-1 М Вагон және локомотив паркінде құралдарын тиімді пайдаланып поез қозғалысының қауіпсіздігі және кесте бойынша орындалуын қамтамасыз ету

Поезд қозғалысы кестесінің орындалуын қамтамасыз ету қызметін бақылау және түзету. Диспетчерлік қызмет көрсету бөлімшедегі техникалық құрылғыларды қолдануды талдау дағдысы

Теміржол туралы қаулысы бойынша техникалық темір жолды пайдалану тәсілдері, принциптер және жақындаулар, сигнал беру, жол жұмыстары кезінде поез қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, маневрлік жұмыс және поез қозғалысы туралы талаптар. туралы білім

1-2 М Кешігіп жүрген жолаушылар және басқа поездарды кестеге кіргізу, поездар өткізуді ұйымдастыру және жоспар құру,бөлімшедегі орнын болжау және бағалау

Поездарды өткізу туралы жоспарлау және ұйымдастыру дағдылары,жолаушылар және т.б. кешігіп келе жатқан, басқа да поездарды кестеге жазу бойынша шешім қабылдау және жағдай жасау, дағдылар мен білім жетіспеушілігін өзіндік талдау нәтижесі

Жақындаулар,принциптер, және қозғалыс графиктері-мен жұмыс істеу тәсілдері, поездарды қалыптастыру жоспары, технологиялық процесспен станция жұмысы және техникалық бөлінген акт туралы білім

2 Ф

Жылжымалы құрам, айдау, СОБ және байланыс құрылғылары

Поезд диспетчерінің диспетчерлік байланыс құралдарымен және радиобайланыс арқылы барлық келіс сөздері, маневрлік және поездық жұмысын орындағанда құжатталған және тіркелген келіссөздер жүйесімен қадағалану керек

2-1 М Поездардың аралықтардағы маршрутын бақылау, поездарды уақтылы аттаныс, өткізу және қабылдау, әсіресе СОБ және байланыс құрылғыларының тәуір жұмысында бұзушылықтар болғанда, озулар және тоғысуларда жолаушылар, ұзын құрамды, ауыр салмақты, дәрежелі және өлшемді емес жүкпен поездар және басқа поездар

Станцияда поездарды уақытылы қабылдау, жөнелту және өткізудің жүзеге асырылуына жағдай жасау және шешімдер қабылдау, қызмет нәтижесін бағалау

Жақындаулар, принциптер және бөлімшедегі станция жұмысына технологиялық процесстерді қолдану тәсілдері, жүктерді тасымалдау, схемаларды, жол пішіні туралы білім

2-2 М Диспетчерлік бөлімшедегі бірыңғай ауысымның жұмысын басқару

Диспетчерлік бөлімшедегі бірыңғай ауысымның жұмысын басқару дағдылары

Жақындаулар, принциптер және бұйрықтарды қолдану тәсілдері, өкімдер және басқа басқару нұсқауларын әдістемелік, нормативтік және басқа жетекші материалдар туралы білім

2-3 М Маневрлік жылжытулар диспетчерлік орталықпен жабдықталған бөлімшелердегі және поездардың маршрутын дайындау, қабылдау, аттандыру, өткізу, операцияларын, поездарды қалыптастыру және кетуін, қабылдауын, вагондарды тиеу және түсіру тапсырмаларының орындалуын қадағалап, бекеттердегі жұмысының есебі

Станцияның бақылау жұмысының практикалық дағдылары. Қабылдау бағыттарын дайындауға байланысты тапсырылған тапсырмалар операциясын жүзеге асыру, аттандыру, поездардың рұқсаты және қозғалыс учаскесінде маневрлік қозғалыс, жабдықталған диспетчерлік орталықтандыру жұмыстарын бақылау және түзету

Жақындаулар, принциптер және теміржолдарды техникалық пайдалану, поез қозғалысы туралы нұсқаулар және маневрлік жұмыстар, бөлімшедегі станция жұмысына технологиялық процесстер, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының жұмысы туралы білім

3 Ф

Жылжымалы құрам,техникалық құрылғылар және жабдықтар

Диспетчерлік өкімдер журналы

3-1 М Техникалық құрылғылар және жабдықтардағы ақаулықтарды уақтылы жою және апатты жөндеу жұмыстары кезінде қабылдау, уақыт беру шараларын уақтылы беруін қамтамасыз ету

Уақтылы "бос уақыттарды" беруді қамтамасыз ету міндетін қою, уақтылы техникалық құрылғылардағы және жабдықтардағы ақаулықтарды жоюды жүзеге асыруға жағдай жасау және шешімдер қабылдау

Жақындаулар, принциптер және диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған құрылғының жұмыс тәсілдері,басқа,басшылық нұсқаулар және өкімдер, бұйрықтар туралы білім

3-2 М Поездар қозғалысының станция бойынша кезекшіге нұсқау беру, жолдарды жабу және ашу туралы өкімдер беру

Алынған поездар қозғалысын ұйымдастыру туралы станциялардағы кезекшілерге бұйрықтар, нұсқаулар беруге жағдай жасау және шешімдер қабылдау, қызмет нәтижесіне баға беру, білім жетіспеушілігі мен дағдыларды анықтау

Жақындаулар, принциптер және диспетчерлік байланыс құрылғыларды пайдаланған және ССБАЖ жұмысы кезіндегі микропроцессорлық аппаратураның жұмыс тәсілдері туралы білім

3-3 М Бұйрықтарды диспетчерлік өкімдер журналына тіркеу, есеп қисап жүргізу

Диспетчерлік өкімдер журналдар, есеп қисап жүргізудегі практикалық дағдылар

Жақындаулар, принциптер және теміржол станциясында пайдалану жұмыстары кезіндегі міндетті қою және шешу тәсілдері туралы білім


      2-кесте

2. СБШ 5-деңгейіндегі "Локомотив диспетчері" еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Локомотивтер, жүк поездар

Пульт-көрсеткіш тақта, дауыс зорайтқышы бар байланыс жүйесі, телефонды байланыс құрылғылары

1-1 М Локомотив бригадаларының белгіленген нормативтермен ұзақтығы үздіксіз жұмыстары, орташа тәуліктік өнімділігі, локомотивтің орташа тәуліктік қашықтығы және жүк поезінің орташа салмағы бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету

Локомотивті бригадалар және локомотивпен поездарды қамтамасыздандыру, шешімдер қабылдау және олардың орындалу жағдайларын жасауды талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

Жақындаулар, принциптер және теміржолды техникалық пайдалану тәсілдері, маневрлік жұмыс және поездар қозғалысы бойынша талаптар, теміржолдағы сигнал беру бойынша, бұйрықтар, өкімдер және локомотивті пайдалану бойынша жоғары тұрған мекеменің басқа да құжаттары туралы білім

1-2 М Локомотивтерді жөндеуге арналған тізімге алу үшін депоға бағыттау және жоспарлы жөндеу түрлеріне локомотивтерді қою кестесімен сәйкесті техникалық қызмет көрсетуге бағыттау

Локомотивтердің техникалық күйі нәтижесіне баға беру, локомотивтерді техникалық қызмет көрсету және әр түрлі жөндеу түрлеріне бағыттау үшін жағдай жасау және шешім қабылдауды талдау дағдысы

Жақындаулар, принциптер және поезд қозылысының кестесімен жұмыс тәсілдері, локомотивтерді депоға қайтару жоспарымен жөндеуге арналған тізімге алу және техникалық қызмет көрсету, локомотивтерді профилактикалық тексерулерді шығару мерзімдері туралы басқару шешімдерін қабылдау туралы білім

2 Ф

Жылжымалы құрам, станциялық және деполық жолдар

Дауыс зорайтқышы бар байланыс жүйесі, телефонды байланыс құрылғылары

2-1 М Поезд қозғалысы орнатылған кесте бойынша локомотивтерді жүгінген бөлімше шекараларында пайдалану

Поездар қозғалысының кестесі бойынша белгіленген локомотивтермен қамтамасыз етуді талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

Жақындаулар, принциптер және еңбек қорғау тәсілдері, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария, теміржол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі туралы білім

2-2М Деполық және станциялық жолдардағы локомотивтердің бос тұруы, локомотивтердің айналымы және ұстау нормаларының орындалуы

Деполық және станциялық жолдардағы локомотивтердің бос тұруы, локомотивтердің айналымы және күту бойынша қызметті бақылау және түзету

Жақындаулар, принциптер және қозғалыс мөлшерлерінің өзгеру кезінде локомотивті бригадалардың санын жылдам реттеу жүйелерін қолдану тәсілдері, поезд қозғалысының кестесі туралы білім

3 Ф

Локомотив паркілері, локомотивтер, бригадалар

Поездар қозғалысының кестесі, локомотивтерді депоға қайтару жоспары

3-1 М Локомотив паркінің жағдайы жөнінде және бар болуы туралы ақпараттық анықтамалық дайындау және олардың жұмысымен байланысты көрсеткіштерді орындау

Локомотив паркінің күйі жайында анықтамалық ақпаратты дайындауды өзіндік талдау дағдысы. Локомотив жұмысымен байланысты көрсеткіштердің орындалуын талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

Жақындаулар, принциптер және ПЭЕМ-де жұмыс істеу тәсілдері, локомативтік бригадалардың санын жылдам реттеу жүйелерін қолдану туралы білім

3-2 М Локомотивтердің және локомотивті бригадалардың орындаған жұмысы туралы кесте жүргізу және де өз міндеттер шеңберіндегі басқа құжаттарды жүргізу

Есеп қисап жүргізу дағдысы

Жақындаулар, принциптер және локомотивті пайдалану кезіндегі міндеттің шешімі және қою тәсілдері, есеп қисап жүргізу туралы білім. Экономика негіздері және өндірісті басшылық ету, жұмыскерлердің еңбек және демалыс режимі туралы білім


      3-кесте

3. СБШ 5-деңгейіндегі "Вагон реттеуші диспетчері" еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Вагон паркі

Поездар қозғалысының кестесі, вагондарды тиеу және түсіру жоспары

1-1 М Вагондарды тиеу және түсіру тәуліктік жоспары бойынша орындауды қамтамасыз ету

Вагондарды тиеу және түсіру тәуліктік жоспарын орындауды бақылау және түзету. Өзіндік талдау дағдысы

Жақындаулар, принциптер және теміржолдарды техникалық пайдалану тәсілдері,маневрлік жұмыс және поездар қозғалысын бойынша талаптар, жүк тасымалдау, бұйрықтарды, өкімдерді және маневрлік және жүк, поездік жұмыс бойынша басқа басқарушылық нұсқаулар туралы білім

1-2 М Жергілікті жүкті тасып тарату және бос вагондарды беру бойынша реттеу тапсырмасының орындалуын бақылау

Жергілікті жүкті тасып таратуды орындау, бос вагондарды бөлу кезіндегі қызметтерді бақылау және түзету

Жақындаулар, принциптер және поездарды қалыптастыру жоспары және қозғалыс кестесімен жұмыс тәсілдері туралы білім. Жылжымалы құрамның техникалық сипаттамалары және белгілеулері, станцияларда тиеу, түсіру кезінде қолданылатын механизмдер және жабдықтар туралы білім

1-3 М Тағайындалған станцияда жергілікті жүктің қарқынды түсуі кезінде қосымша жинайтын, тасылатын және ауыстырылатын поездар

Станцияларға жергілікті жүктердің интенсивті түсуі кезіндегі нәтижені талдау және шешім қабылдау дағдысы. Табыстаушы және шығарушы, қосымша жинаушы поездарды тағайындау дағдылары

Жақындаулар, принциптер және теміржолдарды техникалық пайдалану тәсілдері, маневрлік жұмыс және поезд қозғалысы бойынша талаптар, жүк тасымалдау, станция жұмысының технологиялық процесстері және техникалық реттеу актілері туралы білім

2 Ф

Вагон паркі, Вагондар

Радиостанция, дауыс зорайтқышы бар байланыс жүйесі, телефондық байланыс құрылғылары. Қозғалыс кестесі және жүк жұмыстарының кестесі. Нормативтік және базалық құжаттар

2-1 М Бағытты қалыптастыру және тиеу жұмыстарының ұйымдастыруларын тексеру

Станция жұмысын бақылауды талдау дағдылары.Бағытты қалыптастырумен байланысты бағыныштылар қызметін бақылау және түзету

Жақындаулар, принциптер және станция жұмысының технологиялық процесстері және техникалық реттеу актілерін қолдану тәсілдері туралы білім

2-2 М Жүк жұмыстарына кесте жүргізу, жүк жұмыстары орындалу нәтижесі туралы анықтамалық ақпараттарды беру және дайындау

Жүк жұмыстарының кестесін орындау кезінде талдау және шешім қабылдау дағдысы. Жүк жұмыстарын орындау нәтижелері туралы ақпаратты анықтамалықты дайындау және жіберуді бақылау және түзету

Жақындаулар, принциптер және бұйрықтарды қолдану тәсілдері, өкімдер және маневрлік және жүк, поездік жұмысы бойынша басқа да басқарушы нұсқаулар, жүк жұмысының жоспарлау тәртібі


      4-кесте

4. СБШ 5-деңгейіндегі "Бөлім бойынша кезекші" еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Диспетчерлік учаскелер, тасымалдаулар бөлімі

Радиостанция, дауыс зорайтқышы бар жүйе, теміржолдағы маневрлік жұмысы және поезд қозғалысы бойынша нұсқау

1-1 М Пайдаланылатын локомотивтер паркіне және локомотивтік бригадалардың жұмыс тәртібіне басшылық

Пайдаланылатын локомотив паркін басқару және локомотивтік бригадалар жұмысы режимін бақылау және түзету

Жақындаулар, принциптер және теміржолды техникалық пайдалану тәсілдері; теміржолдардағы маневрлік жұмыс және поезд қозғалысы; теміржолдардағы сигнал беру туралы білім

1-2 М Іргелес диспетчерлік учаскелерге поездарды жеткізіп салу жұмысын басқару, поездық жұмыста қиыншылықтар туындағанда поездік диспетчерлерге практикалық көмек көрсету

Диспетчерлерге практикалық көмек көрсетуге жағдай жасау және жұмыстарын басқару дағдысы

Жақындаулар, принциптер және теміржолдардағы маневрлік жұмыс және поездар қозғалысы бойынша талаптарды қолдану тәсілдері, теміржолдағы сигнал беру,жол жұмыстары жүргізуі кезінде поезд қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы білім

2 Ф

Тасымалдаулар бөлімі, диспетчерлік учаскелер

Оргтехника, өндіріс кезіндегі поездар қозғалысы бойынша нұсқаумен қамтамасыз ету, теміржол бойымен қауіпті жүк тасымалдау кезінде апатты жағдайларды жою тәртібі және қауіпсіздік ережелері

2-1 М Поездар қозғалысының кестесін орындау, жолаушыларды тасымалдау, тиеу-түсіру бойынша тапсырмалар, жергілікті жүкті тасып тарату, кешігіп келе жатқан жолаушылар поездарын кестеге жазу бойынша шаралар қолдану істерімен қамтамасыз ету

Поездар қозғалысының кестесін орындау, жолаушыларды тасымалдау, вагондарды тиеу-түсіру, кешігіп келе жатқан жолаушылар поездарын кестеге жазу бойынша шаралар қолдану жұмыстарын талдау және шешімдер қабылдау

Жақындаулар, принциптер және жол жұмыстары жүргізуі кезінде поезд қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолдану тәсілдері, вагондарды тиеу, түсіру бойынша туралы білім

2-2 М Бос вагондарды өткізу бойынша реттеу тапсырмалардың орындалуын, көршілес тасымалдау бөлімдеріне жергілікті жүкті беру жұмысын ұйымдастыру

Бос вагондарды өткізу бойынша реттеу,көршілес тасымалдау бөлімдеріне жергілікті жүкті беру жұмыстарын талдау және шешімдер қабылдау

Жақындаулар, принциптер және поездарды қалыптастыру жоспары және қозғалыс кестесін қолдану тәсілдері, станцияның техникалық-реттеуші актілер, жүк тасымалдау туралы білім

2-3 М Уақтылы "үзіліс" беру, техникалық құрылғылардың және жабдықтардың ақауларын жою және апатты-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру

апатты-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық құрылғылардағы және жабдықтардағы ақаулықтарды жою жұмыстарын талдау және шешімдер қабылдау

Жақындаулар, принциптер және СОБ бойынша жабдықтарды жөндеу және поездардың қозғалысының жүргізу жұмысы кезіндегі техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету талаптарды қолдану тәсілдері, теміржолмен тасымалдау кезіндегі қауіпті жүкпен апатты жағдайларын жою тәртібі және қауіпсіздік туралы білім

3 Ф

Тасымалдаулар бөлімі, диспетчерлік учаскелер

Өкімдер, тасымалдау бөлімін басқару, нормативтік, поездар қозғалысын ұйымдастыру бойынша жетекші құжаттар

3-1 М Бұйрықтарды, өкімдер және тасымалдау бөлімі, жоғары дәрежеде тұрған органдардың тапсырмаларын, орындау

Жоғары дәрежеде тұрған органдар бұйрықтары мен өкімдерінің орындалу жұмыстарын талдау және шешімдер қабылдау

Жақындаулар, принциптер және жоғары дәрежеде тұрған басқару органдардың өкімдері және нұсқаулары, бұйрықтары орындаудың қолдану тәсілдері, тасымалдау бөлімі,жолаушылар тасымалдау және поезд қозғалысын ұйымдастыру бойынша нормативтік, әдістемелік және басқа басқару құжаттары туралы білім.

3-2 М Тасымалдау бөлімінің негізгі көрсеткіштерінің жұмыс қорытындысына талдау жасау. Тасымалдау бөлімінің диспетчерлер ауысу жұмысын басқару

Келесі есеп қисапты дайындауымен тасымалдау бөлімінің жұмыс қорытындылау жұмыстарын бақылау және түзету

Жақындаулар, принциптер және жоғары дәрежеде тұрған басқару органдардың өкімдері және нұсқаулары, бұйрықтары орындаудың қолдану тәсілдері, тасымалдау бөлімі,жолаушылар тасымалдау және поезд қозғалысын ұйымдастыру бойынша нормативтік, әдістемелік және басқа басқару құжаттары туралы, теміржол станцияларында және тасымалдау бөлімінің технологиялық процесстер жұмысы туралы білім


      5-кесте

5. СБШ 5-деңгейіндегі "Бағыт бойынша аға диспетчері" еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Жолаушылар, жүк поездар

Нормативтік құжаттар, тәуліктік ауысым жоспар

1-1 М Вагон ағындар бағытының орнатылған тәртібі, поездық тәуліктік-ауысым жоспарының тапсырмаларын және жүк жұмыстарын орындау

Поезд және жүк жұмыстарының тәуліктік-ауысым жоспары бойынша тапсырмаларының орындалу қызметін бақылау және түзету

Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу

1-2 М Жергілікті және транзиттік жүкті ішкі тораптарға берілуін ұстану, және де жергілікті жүкті тасып тарату

Транзиттік және жергілікті жүкті ішкі тораптарға тасып тарату жұмыстарын өзіндік талдау дағдысы

1-3 М Ішкі және сыртқы тораптардағы поездарға локомотивтерді асып байлауын бақылау, жиналатын поездардың жұмысы, жақын арада бұзылатын жүктері бар поездарды өткізу

Ішкі және сыртқы тораптардағы поездарға локомотивтерді асып байлауын бақылау кезінде талдау және шешімдер қабылдау, жинақталатын поездардың жұмысы бойынша өзіндік анықтау дағдылары

2 Ф

Ұзын құрамды, ауырсалмақты, жолаушылар және жүк поездары

Поездар қозғалысының кестесі

2-1 М Жүк және жолаушылар поездарын бөгетсіз өткізу жөніндегі кестесін орындау бойынша шаралар қабылдау, және де кешігіп келе жатқан жолаушылар поездарын кестеге енгізу

Поезд қозғалысы кестесін орындау қызметін бақылау және түзету, кешігіп келе жатқан жолаушылар поездарын кестеге енгізу бойынша шаралар қолдану кезінде өзіндік талдау дағдысы

2-2 М Поездарды қалыптастыру жоспарының орындалуы, істелген қозғалысы кестеде бейнеленген ауырсалмақты және ұзын-құрамды поездарын өткізу

Істелген қозғалысы кестеде бейнеленген ауыр салмақты және ұзын-құрамды поездарын өткізу кезінде талдау және шешімдер қабылдау дағдысы

2-3 М Рейстік моделі бойынша жүк поездарының қозғалыс кестесінің орындалуына талдау

Рейстік моделі бойынша жүк поездарының қозғалыс кестесінің орындалуын өзіндік талдау дағдылары

2-4 М Жөндеу және құрылыс жұмыстары үшін технологиялық "бос уақытты" ұсыну кезінде тексеру, поездарды өткізу бойынша нұсқалық кестенің болуы, бос уақытты жүзеге асыру кезінде және кейін де поездарды жеткізіп салу тәртібі

Поездарды өткізу бойынша нұсқалық кестенің болуы, бос уақытты жүзеге асыру кезінде және кейін де поездарды жеткізіп салу тәртібі қызметтерін бақылау және түзету

      Ескертпе: М – мақсат;

      ССБАЖ – сұрыптау станцияларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

      СОБ – сигналдау, орталықтандыру, блокадалау.

  "Поездар қозғалысын ұйымдастыру"
кәсіби стандартына
5-қосымша

Келісу парағы

Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





      Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.

      Кәсіби стандарттардың реестріне № _________________________ тіркелді.

      Хат (хаттама) № ___________ Күні _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады