Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2013 жылғы 29 қарашадағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 желтоқсанда № 9024 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 418 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 418 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін (бұдан әрі - Қағида).
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Кадр қызметі басқармасы белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің мәтінін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрілігінің ғимаратында баршаға көрінетін орындарға орналастыруды;
      5) жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзімде осы Қағидамен жазбаша түрде таныстыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                 М. Мырзағалиев

Қазақстан Республикасы   
Мұнай және газ министрі м.а.
2013 жылғы 29 қарашадағы № 226
бұйрығымен бекітілген    

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мемлекеттік
қызметшілерініңқызмет этикасының қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қызметшілерінің өз қызметтік міндеттерін орындау барысында, әріптестермен және азаматтармен қарым-қатынас кезінде оның мінез-құлқының негізгі нормаларын айқындайды.
      3. Осы Ереженің мақсаты:
      1) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінде жоғары корпоративтік мәдениеттілікті қалыптастыру;
      2) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының негізгі стандарттарын сақтауы;
      3) Министрліктің ұжымында жағымды моральдық-психологиялық ахуалды сақтау және ұстап тұру;
      4) Министрлік имиджін нығайту және арттыру болып табылады.
      4. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері:
      1) нақты қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, өз міндеттерін тиісті орындауы, жұмысты ұйымдастыруы және жоспарлауы тиіс;
      2) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеу; басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемеу;
      3) өзі басқаратын бөлімшенің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымды міндеттерін, тапсырмаларды сапалы орындауына жауапты болуы тиіс;
      4) адамгершілік мінез-құлықтың үлгісі болуы қажет;
      5) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруы қажет;
      6) мемлекеттік қызмет саласындағы заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;
      7) адалдықты, тәртіптікті, жауапкершілікті, белсенділікті, бастамашылықты білдіруі керек және келіссөздер (кездесулер) барысында басқа тұлғаларға шыдамдылық, кішіпейілдік, әдептілік пен құрмет таныту;
      8) адал, әділ, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтар және әріптестері мен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілікті танытуы;
      9) қызметтік субординация сақтау;
      10) әріптестеріне көмектесу, білімімен және тәжірбиесімен бөлісу;
      11) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан дәйекті сынға себепкер болмауы, сын үшін қудалауға, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға жол бермеуі керек;
      12) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде ұжымның ауызбірлігіне ықпал ету;
      13) өз мінез-құлқымен этика мен іс этикетінің нормалары мен ережелерін жақсы білетіндігінің үлгісін көрсету;
      14) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануы;
      15) өз қызметтері мен міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік қызметшілерге қолдау және бастамашылықтарын мадақтауы;
      16) жұмыс уақытын тиімді пайдалануы және ұжымдағы басқа мемлекеттік қызметшілердің еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекетті болдырмау;
      17) осы Ереженің талаптарын бұзу фактісіне қағидатты түрде назар аударады, кінәлілердің жауапкершілігімен қатар өзінің жеке жауапкершілігі жөнінде мәселені қоюға дайын болу қажет.
      5. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері өз әріптестеріне және басқа азаматтарға қатысты:
      1) Дөрекелік білдіруге, ұстамсыздық пенагрессияны танытуға;
      2) Министрлік жұмысына кедергі келтіруге;
      3) Министрліктің қызметі бойынша қызметтік мәселелерді қарау, құзыретті органдарға ақпарат беруді қоспағанда әріптестер жоқ кезінде олардың жеке және кәсіби сапалығын талқылауға;
      4) Министрлік ұжымында қақтығыс жағдайдың туындауына жол бермейді.
      Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің келушілермен қарым-қатынасы соңғыларында Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының мәдениеттілігі және кәсіптілігі туралы жағымды пікірдің қалыптасуына ықпал етуі керек.
      6. Егер телефон бойынша қойылған сұрақ мемлекеттік қызметшінің құзыреті шегінен шығатын жағдайда, ол қойылған мәселені шешу бойынша төмендегі мүмкін шаралардың бірін қабылдайды:
      1) құзыретті мемлекеттік қызметшіге қоңырауды қайта жіберу;
      2) азаматтан соңында қойылған мәселені оған түсіндіру үшін телефон нөмірін қалдыруды сұрау;
      3) азаматты жазбаша сауалнамамен өтініш білдіруді сұрау.
      7. Министрлікте мемлекеттік қызмет және еңбек салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда қадрлық шешімдерді қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшілерді кемсітулердің кез келген формаларына, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік қызметшілерге қолдаушылық, ерекше артықшылықтар мен жеңілдіктердің кез келген формаларына жол берілмейді.
      Кадрларды іріктеу және қызметке қабылданатын немесе қызмет бабында жоғарлатуға жататын тұлғаның кәсіби қызметте қабілеттігі, білім, машықтағы және жеке қалауы негізінде мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне Ар-намыс кодексімен белгілінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтау қажет.
      9. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстанады, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермейді.
      Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби қызметтен тыс жеке қарым-қатынастары қызметте жоғарылауға, көтермелеуге не жазалауға, кадрлық және әлеуметтік мәселелерді шешуге негіз болмауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады