Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 285 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 30 желтоқсанда № 9043 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2015 № 210 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы

      30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 17 мамырдағы № 244 (27318) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2012 жылғы 10 сәуірден бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады