Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 454-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 31 желтоқсанда № 9057 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1084 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1084 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 140-ө өкімінің 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімі Мемлекеттік тізбесінде № 1904 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 35, 684-6.) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы Үлгілік ережеде:
      5-тармақтың 2), 18) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2 халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды құзыреттілік шегінде іске асырады;»;
      «18) уәкілетті орган еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыспен қамту агенттіктерімен, жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасайды.».
      2. Халықты жұмыспен қамту департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Т. Дүйсенова

      Келісілді                           Келісілді
      Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі          Өңірлік даму министрі
      __________ А. Сәрінжіпов           ______________ Б. Жәмішев
      2013 жылғы 5 желтоқсан             2013 жылғы 2 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады