Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесін және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 729 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 қаңтарда № 9100 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 17 қарашадағы № 836 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.11.2017 № 836 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 61) тармақшасына, 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.С. Есмағамбетова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асаинова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Мыналардың:

      1) "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 561 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7915 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 17 қараша № 756-760 (27832), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2012 жылғы 15 қарашада № 24 жарияланған);

      2) "Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 622 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7946 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 17 қарашада № 756-760 (27832) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрайымы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.С. Есмағамбетоваға жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау


министрінің міндетін атқарушы

Е. Байжүнісов


  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2013 жылғы "12" желтоқсандағы
№ 729 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға
жататын объектілер мен өнімдердің тізбесі

      1. Жоспарлы және жоспардан тыс тексеру нысанында және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілердің тізбесі:

      1) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары – сәбилер бақшалары және барлық түрдегі бала бақшалар, балалар толық уақыт болатын мектепке дейінгі тәрбиелеу орталықтары;

      2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдар;

      3) балалар үйлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелетке жетпеген балаларды бейімдеу орталықтары;

      4) интернат ұйымдары, пансионаттар, медресе, баспаналар;

      5) балалардың сауықтыру және санаториялық объектілері (маусымдық, жыл бойғы);

      6) балалар мен жасөспірімдер үшін өнімдер дайындайтын және өткізетін объектілер (киім, аяқ киім, ойыншықтар);

      7) мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарында, кәмелетке жетпеген балаларды бейімдеу орталықтарында, интернат ұйымдарында, пансионаттарда, медреседе, баспаналарда орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда объектілері;

      8) тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілері;

      9) көліктегі және көлік құралдарына (темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) қызмет көрсететін объектілердегі қоғамдық тамақтандыру объектілері;

      10) тез бұзылатын тамақ өнімдерін автоматты дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;

      11) сауда алаңы кемінде 50 ш.м объектілерді қоспағанда тамақ өнімдерінің көтерме, бөлшектеп сату объектілері;

      12) тамақ өнімдерін көтерме, бөлшектеп сату базарлары;

      13) тамақ өнімдерін сақтауға арналған қоймалар;

      14) балалар сүт асүйлері;

      15) сүт өңдеу объектілері, дайын сүт өнімін өндіру объектілері;

      16) ет өңдеу объектілері, еттің жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын ет өнімін өндіретін объектілер;

      17) балық өңдеу объектілері, балықтың жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын балық өнімін өндіретін объектілер;

      18) май өнімдерін өндіретін объектілер;

      19) кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілер;

      20) кремнен жасалған кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілер;

      21) ұнның жартылай фабрикаттарын, макарон өнімдерін өндіретін объектілер;

      22) алкоголь өнімін (оның ішінде шарап, сыра), алкогольсіз өнім (оның ішінде квас, сергітетін сусындар) және сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған ауыз су (оның ішінде минералды) өндіретін объектілер;

      23) жеміс өңдеу объектілері, өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде соя өнімін өңдеу объектілері;

      24) арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерін және тамақ өнімдерінің өзге де топтарын өндіретін және өткізетін объектілер;

      25) құс өңдеу объектілері, құстың жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын құс өнімін өндіретін объектілер;

      26) чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн, қуырылған жаңғақтарды өндіретін объектілер;

      27) тез бұзылатын дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері;

      28) тамақ концентраттарын және тамақ қышқылдарын өндіретін объектілер;

      29) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, оның ішінде АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      30) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;

      31) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      32) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      33) дәрілік заттарды өндіретін және дайындайтын объектілер;

      34) қалпына келтіру, санаториялық ем және медициналық оңалту ұйымдары;

      35) адамдардың уақытша тұратын объектілері (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер жатақханалар, вахталық кенттер);

      36) интернат үйлері (ересектерге арналған), мүгедектер мен қарттарға арналған;

      37) тері және сілемейлі қабықтың бұзылуымен қызмет көрсететін шаштараздар, косметологиялық орталықтар, салондар;

      38) моншалар, сауналар, жүзу бассейндері;

      39) парфюмерлік-косметикалық өнім және гигиеналық заттарды өндіру объектілері;

      40) су көздері, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су алу орындары;

      41) орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;

      42) орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;

      43) радиациялық-қауіпті объектілері;

      44) қауіптіліктің 1, 2-сыныбының зиянды заттары бар салалық өнеркәсіптік объектілер;

      45) химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды), вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сақтауға арналған қоймалар;

      46) дезинфекция, дезинсекция, дератизация заттары мен препараттарын, иммундық-биологиялық, диагностикалық препараттарды дайындайтын, өндіретін, өңдейтін, сақтайтын, тасымалдайтын, пайдаланатын және өткізетін, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен қызметтерді көрсететін объектілер;

      47) көлік құралдарына (әуе, теміржол, су, автомобиль) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілері.

      2. Жоспардан тыс тексеру нысанында және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілердің тізбесі:

      1) қосымша білім беру ұйымдары (балалар мен жастар шығармашылығы орталықтары, музыка, спорт және көркемсурет мектептері, балалар-жастар орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралисттер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттар, оқу курстары мен басқа да мектептен тыс ұйымдар), бала күтушісінің қызметтері;

      2) дипломнан кейінгі білім беру ұйымдары;

      3) балалардың қысқа уақыт болатын мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары;

      4) орта және жоғары білім беруден кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;

      5) дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары;

      6) арнайы білім беру түзету ұйымдары;

      7) тұрғындарға компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктер) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары) арқылы қызмет көрсететін объектілер;

      8) алаңы кемінде 50 ш.м. тамақ өнімдері саудасының объектілері;

      9) тез бұзылатын тамақ өнімдерін қоспағанда тамақ өнімдерін автоматты дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;

      10) тез бұзылатын тамақ өнімдерін қоспағанда дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері;

      11) сүт дайындау объектілері (сүт-тауар фермалары, сүт блоктары, сүт қабылдау пункттері);

      12) шай өндіру объектілері;

      13) ашытқы, желатин өндіретін объектілер;

      14) мал сою объектілері;

      15) аспаздық және йодталған тұздарды өндіретін объектілер;

      16) ұн тарту объектілері;

      17) нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіретін объектілер;

      18) крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіретін объектілер;

      19) қант өндіретін объектілер;

      20) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы көтерме және бөлшектеп сату объектілері;

      21) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары;

      22) апаттар медицинасы ұйымдары;

      23) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар;

      24) дәстүрлі емес және халық медицинасы объектілері;

      25) тері және сілемей қабықтарды бұзбай қызмет көрсететін шаштараздар, косметикалық орталықтар, салондар;

      26) кір жуу, киім тазалау орындары;

      27) жеке тұрғын үйлерді қоспағанда тұрғын үй ғимараттары, әкімшілік мақсаттағы ғимараттар;

      28) су құбырына, кәрізге, жылу жүйелеріне қызмет көрсету объектілері, қазандықтар;

      29) өндірістік және тұрмыстық техниканы жөндеу объектілері;

      30) мәдени ойын-сауық объектілері;

      31) спорттық-сауықтыру мекемелері;

      32) тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану ұйымдары, үйлерді басқару ұйымдары, үй-жай иелерінің кооперативтері;

      33) саябақтар;

      34) екінші санаттағы су қоймалары, жағажайлар;

      35) кәріздік тазарту құрылыстары мен желілері (оның ішінде жауын шашын);

      36) қалдықтарды, оның ішінде медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау, жою, сұрыптау, өңдеу, залалсыздандыру және кәдеге жарату объектілері;

      37) бейіттер, жерлеуге арналған объектілер;

      38) қоғамдық дәретханалар;

      39) зертханалардың барлық түрлері;

      40) өндірістік мақсаттағы құрылыстар, өндірістік объектілердің санитариялық қорғаныш аймағы;

      41) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы салынып және қайта жаңғыртылып жатқан объектілер, күрделі жөндеу объектілері, құрылыс алаңдары;

      42) радиотехникалық объектілер, радиоэлектрондық құралдары бар объектілер;

      43) көлік құралдары (жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізаттарын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын теміржол, автомобиль, теңіз ішкі су, әуе);

      44) парфюмериялық-косметикалық өнімдерді, гигиена құралдары мен балаларға арналған тауарларды сақтау қоймалары.

      3. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдердің (тауарлардың), қоршаған орта объектілерінің, өндірістік орта объектілерінің тізбесі:

      1) тамақ өнімдері (адам тамаққа қолданатын табиғи немесе өңделген түрдегі өнімдер), оның ішінде Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) мынадай: 02-05, 07-25, 27-29, 32-34, 35 топтарының гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдерін пайдалана отырып алынған тамақ өнімдері;

      2) балаларға арналған тауарлар: ойындар мен ойыншықтар, төсек әбзелдері, киім, аяқ киім, жиһаз, арба, сөмкелер (арқаға асатын сөмке, рюкзактар, портфельдер және), күнделіктер мен соған ұқсас бұйымдар, дәптерлер, басқа да қағаздан және картоннан жасалған кеңсе тауарлары, кеңсе құралдары немесе балалар ассортименті тауарларын дайындауға арналған жасанды полимер және синтетикалық мектеп материалдары (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 32, 34, 39, 40, 42-44, 46, 48-56, 60-65, 87, 94, 95);

      3) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында және жүзу бассейндеріндегі шайынды суларды тазалау кезінде пайдаланылатын материалдар, жабдық, заттар, құрылғылар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 25, 38-40, 48, 84, 85);

      4) парфюмерлік-косметикалық заттар, ауыз қуысы гигиенасының заттары (мынадай топтан КО СЭҚ ТН 33);

      5) өндірістік мақсаттағы химиялық және мұнай-химия өнімдері, тұрмыстық химия тауарлары, лак-бояу материалдары (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 32-34, 38);

      6) құрылыста, көлікте пайдалануға, сондай-ақ жиһаздар мен басқа да үйде тұтынатын заттарды дайындауға арналған полимерлік, синтетикалық және өзге де материалдар; жиһаз; құрамында химиялық талшықтар мен текстиль қосалқы заттары бар текстиль тігін және тоқыма материалдары; киімдер мен аяқ киімдер дайындауға арналған жасанды және синтетикалық былғарылар және текстиль материалдары (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 32, 39, 40, 42-44, 45, 46, 48, 50, 51, 52, 53, 54, 55-59, 60, 69, 94);

      7) көлік құралдарының және тұрмыстық техниканың қосалқы бөлшектерінен басқа (ауыз сумен және тамақ өнімімен жанасатындарды қоспағанда) өндірістік, медициналық және тұрмыстық мақсаттағы машина жасау және аспап жасау өнімдері (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 38, 84, 85, 90, 94);

      8) баспа өнімі: жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу басылымдары мен көрнекі құралдары, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 48, 49);

      9) өндіру процесінде өңдеуге (бояуға, сіңдіруге және) жататын табиғи шикізаттан жасалған материалдар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 25, 43, 44, 46, 50-53);

      10) адамның денесімен жанасатын бұйымдарға (бұйымға) арналған материалдар, киім, аяқ киім (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 30, 39, 40, 42, 43, 48, 50-60, 61-65, 67, 68, 82, 96);

      11) иондаушы сәулелену, оның ішінде сәуле шығару көздері болып табылатын өнім, бұйым, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар бұйымдар мен материалдар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 25, 26, 28, 68, 69, 72, 74-76, 78-81, 84, 87);

      12) құрамындағы радиоактивті заттар, оның ішінде қайта өңдеуге және халық шаруашылығында пайдалануға арналған өндірістік қалдықтар гигиеналық нормативтермен регламенттелетін құрылыс шикізаты және материалдары, қара және түсті металл сынықтары (металл сынығы) (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 25, 26, 28, 68, 69, 72, 74-76, 78-81, 84, 87);

      13) темекі бұйымдары мен темекі шикізаты (мынадай топтан КО СЭҚ ТН 24);

      14) жеке қорғаныш құралдары (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 39, 40, 64, 65, 90);

      15) пестицидтер мен агрохимикаттар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 31, 38);

      16) тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар, бұйымдар және жабдық (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 39, 40, 44, 45, 46, 47, 48, 56, 63, 69, 70, 73, 74, 76, 82, 85, 96);

      17) ауа дайындауға, ауа тазартуға және сүзгілеуге арналған жабдық, материалдар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 38-40, 48, 52-56, 59, 60, 84, 85);

      18) мұздаққа қарсы реагенттер (мынадай топтан КО СЭҚ ТН 38);

      19) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес оларға қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілген өзге де тауарлар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 02-96).

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2013 жылғы "12" желтоқсандағы
№ 729 бұйрығына
2-қосымша

Эпидемиологиялық маңызы бар объектілердің тізбесі

      1. Балалар сүт асүйлері.

      2. Балаларды сауықтыру және санаториялық объектілер (жыл бойғы, маусымдық).

      3. Балалар үйлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелет жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталықтары.

      4. Мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарында, кәмелетке жетпеген балаларды бейімдеу орталықтарында, интернат ұйымдарында, пансионаттарда, медреседе, баспаналарда орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда объектілері.

      5. Кремнен жасалған кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілер.

      6.Мынадай:

      1) онкологияларды ауруханаларды (диспансерлерді), наркологияларды ауруханаларды (диспансерлерді, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарын), психиатриялық ауруханаларды (диспансерлерді) қоспағанда стационарлық көмек көрсететін;

      2) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын;

      3) АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар.

      7. Көліктегі (темір жол, теңіз, ішкі су, әуе) қоғамдық тамақтану объектілері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады