Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қаңтарда № 3981 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 21.10.2015 № 5С-42-7 (қабылданған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысында ортақ су пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   Н.Ысқақов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Н.Дьячек

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысының табиғи
      ресурстар және табиғатты
      пайдалануды реттеу басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            Р.Ш.Әубәкіров

      «Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігі Су ресурстары
      комитеті Есіл су ресурстарын
      пайдалану мен қорғауды
      реттеу жөніндегі бассейіндік
      инспекциясы» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы                       У.Т.Аймен

      «Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Ақмола
      облысы бойынша басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            К.К.Баймұхамбетов

      «Ақмола облысының төтенше
      жағдайлар департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            А.Т.Әбдіхалықов

Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 5С-20-8 шешімімен   
БЕКІТІЛДІ       

Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары

      1. Осы Ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына65-бабына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1215 қаулысына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгiлеу тәртiбiн анықтайды әрi меншiк нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
      2. Мынадай:
      1) техникалық құралдарды қолданбай жер үстi көздерiнен су алу кезiнде;
      2) ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiн қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
      3) кеме қатынасы және шағын кемелердi пайдалану үшiн;
      4) мал суару үшiн су объектiлерiн пайдалану ортақ су пайдалануға жатады.
      Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектiлерiнде де, ортақ пайдалануға жатпайтын су объектiлерiнде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейдi.
      3. Халықтың экологиялық, техникалық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында, мынадай жерлерде тиым салынады:
      1) халықтың шомылуы:
      ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде;
      шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;
      температурасы төмен жер асты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;
      судың ағысы секундына 0,5 метрден асатын жерлерде;
      сазбалшықты учаскелерде;
      2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы облыстың уәкілетті органы тыйым салған жерлердегі жер үсті және жер асты су объектілерінен ішуге және тұрмыста қолдануға су алуға;
      3) ортақ су пайдалану тәртібінде су объектілерінің ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшін суату алаңдары мен басқа да құрылғылары болмаған жағдайда ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймағында мал суаруға жол берілмейді. Олай болмаған жағдайда аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары суату алаңдарын орналастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
      4. «Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 273-ө бұйрығымен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізіміне енетін су объектілерінде, атап айтқанда – Теңіз-Қорғалжын көлдері жүйесінде, Жаркөл көлдер тобында, Жұмай-Майшұқыр көлдер тобында, Құмдыкөл-Жарлыкөл көлдер тобында, Тұзащы және Қарасор көлдерінде, Ұялышалқар көлдер тобында, «Экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 521 қаулысымен бекітілген Экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесіне енгізілген су объектілері, соның ішінде: Қорғалжын көлдерінде (ұсақ көлдерде), Керей көлінде, Қожакөл көлінде, Алакөл көлінде, Итенген көлінде, Теңіз көлінде, Есей көлінде, Сұлтанкелді көлінде, Қоқай көлінде, Асаубалық көлінде, Сарыгүл көлінде, Жаманкөл көлінде, Қаракөл көлінде, Бурабай көлінде, Шортанды көлінде, Қотыркөл көлінде, Қопа көлінде, Кіші Шабақты көлінде, Үлкен Шабақты көлінде, Болпаш Сор көлінде, Майбалық көлінде суда жүзетiн жабайы құстар мен жүнi бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендейтiн жерi болып танылған су объектiлерiнде ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалану құқығына шектеу қойылсын.
      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендейтін жері болып танылатын су объектілеріне ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалануға шектеу «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 303 қаулысына сәйкес орнатылады.
      5. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе тыйым салуды белгілеу үшін дербес немесе бірлесе су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Ақмола облысының жергілікті өкілетті органына ортақ су пайдалану шарттарын белгілеу немесе тыйым салу қажеттілігін негіздейтін ұсыныс енгізеді.
      6. Ортақ су пайдаланудың шарттары немесе тыйым салуды белгілеу негізсіз болған жағдайда, Ақмола облысының жергілікті өкілетті органы ұсынылған ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе тыйым салуды белгілеуден бас тарту себептерін түсіндіре отырып, су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.
      7. Ақмола облысының жергілікті өкілетті органы шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдаланудың басқа да шарттары туралы арнайы ақпараттық белгілермен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты хабардар етеді.
      8. Бекiтiлмеген су объектiлерiнде осы Қағидаларды бұзғаны үшiн айыппұл мөлшерi туралы ескертулер бар тыйым салатын белгiлер мен плакаттар орнатуды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары қамтамасыз етедi.
      9. Кеме қатынасы қауіпсіздігі, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жүктердің сақталуы мақсатында жүзеге асырылатын кеме қозғалысын шектеу немесе тыйым салу, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Об утверждении Правил общего водопользования в Акмолинской области

Решение Акмолинского областного маслихата от 13 декабря 2013 года № 5С-20-8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 23 января 2014 года № 3981. Утратило силу решением Акмолинского областного маслихата от 21 октября 2015 года № 5С-42-7

      Сноска. Утратило силу решением Акмолинского областного маслихата от 21.10.2015 № 5С-42-7 (вступает в силу со дня принятия).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 38 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года Акмолинский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила общего водопользования в Акмолинской области.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      сессии Акмолинского
      областного маслихата                       Н.Искаков

      Секретарь Акмолинского
      областного маслихата                       Н.Дьячек

      «СОГЛАСОВАНО»

      Руководитель
      государственного учреждения
      «Управление природных
      ресурсов и регулирования
      природопользования
      Акмолинской области»                       Аубакиров Р.Ш.

      Руководитель
      государственного учреждения
      «Ишимская бассейновая
      инспекция по регулированию
      использования и охране водных
      ресурсов Комитета по водным
      ресурсам Министерства охраны
      окружающей среды
      Республики Казахстан»                      Аймен У.Т.

      Руководитель
      государственного учреждения
      «Департамент комитета
      государственного санитарно-
      эпидемиологического надзора
      Министерства здравоохранения
      Республики Казахстан
      по Акмолинской области»                    Баймухамбетов К.К.

      Начальник
      государственного учреждения
      «Департамент по чрезвычайным
      ситуациям Акмолинской области»             Абдыкалыков А.Т.

УТВЕРЖДЕНЫ     
решением Акмолинского
областного маслихата 
от 13 декабря 2013 года
№ 5С-20-8      

Правила общего водопользования в Акмолинской области

      1. Настоящие Правила общего водопользования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 38, статьи 65 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 1215 «Об утверждении Типовых правил общего водопользования» и определяют порядок общего водопользования на водных объектах Акмолинской области, и обязательны для исполнения всеми юридическими и физическими лицами независимо от формы собственности.
      2. К общему водопользованию относится пользование водными объектами:
      1) при заборе воды из поверхностных источников без применения технических средств;
      2) в рекреационных целях, массового отдыха, туризма и спортивных целей, за исключением водных объектов, представляющих потенциальную селевую опасность;
      3) для судоходства и пользования маломерными судами;
      4) для водопоя скота.
      Общее водопользование осуществляется как на водных объектах общего пользования, так и на водных объектах, не состоящих в общем пользовании, и не требует наличия специального разрешения.
      3. В целях экологической, технической и санитарно-эпидемиологической безопасности населения не допускается:
      1) купание населения:
      в местах, где установлены предупредительные и запрещающие знаки;
      вблизи шлюзов, гидроэлектростанций, мест спуска сточных вод, стойбищ и водопоя скота и других источников загрязнения, а также выше указанных источников загрязнения на расстоянии не менее 500 метров;
      в местах выхода грунтовых вод с низкой температурой, водоворотов и воронок;
      в местах с течением воды, превышающим 0,5 метров в секунду;
      на глинистых участках;
      2) забор воды для питьевых и бытовых нужд из поверхностных и подземных водных объектов в местах, на которые установлен запрет уполномоченным органом в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
      3) водопой скота в зонах санитарной охраны источников питьевого водоснабжения при отсутствии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов в порядке общего водопользования. В противном случае, местные исполнительные органы районов, городов областного значения проводят мероприятия по обустройству водопойных площадок.
      4. Установить на водных объектах, входящих в перечень водно-болотных угодий международного и республиканского значения, утвержденный приказом министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 6 сентября 2013 года № 273-ө «Об утверждении списков водно-болотных угодий международного и республиканского значения», а именно - на Тенгиз-Коргалжынской системе озер, Жаркольской группе озер, Жумай-Майшукырской группе озер, Кумдыколь-Жарлыкольской группе озер, озерах Тузащы и Карасор, Уялышалкарской группе озер, и водных объектах, включенных в перечень объектов охраны окружающей среды, имеющих особое экологическое, научное и культурное значение, утвержденный постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2007 года № 521 «Об утверждении перечня объектов охраны окружающей среды, имеющих особое экологическое, научное и культурное значение», в том числе на: Коргалжынских озерах (мелких), озере Керей, озере Кожаколь, озере Алаколь, озере Итенген, озере Тенгиз, озере Есей, озере Султанкельды, озере Кокай, озере Асаубалык, озере Сарыгуль, озере Жаманколь, озере Караколь, озере Боровое, озере Щучье, озере Котарколь, озере Копа, озере Малое Чебачье, озере Большое Чебачье, озере Болпаш Сор, озере Майбалык ограничение права общего водопользования в местах массового гнездования водоплавающих птиц и нерестилищах рыб в период их размножения.
      В период нереста и размножения рыбных ресурсов и других водных животных ограничение права общего водопользования на рыболовство устанавливается в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 марта 2012 года № 303 «О введении ограничений и запретов на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования».
      5. Для установления условий или запрета общего водопользования, водопользователь, осуществляющий обособленное или совместное водопользование, вносит в местный представительный орган Акмолинской области предложение, в котором обосновывает необходимость установления условий или запрета общего водопользования.
      6. В случае необоснованности установления условий или запрета общего водопользования, местный представительный орган Акмолинской области письменно уведомляют водопользователя об отказе предложенных условий или запрета общего водопользования, с обоснованием причин.
      7. О запрещении купания и других условиях осуществления общего водопользования население оповещается местным представительным органом Акмолинской области через средства массовой информации, специальными информационными знаками.
      8. На незакрепленных водных объектах установка запретительных знаков, плакатов с предупреждениями о размерах штрафов за нарушение настоящих Правил обеспечивается местными исполнительными органами районов, городов областного значения.
      9. Ограничение или запрещение движения судов, осуществляемое в целях безопасности судоходства, охраны жизни и здоровья людей, сохранности грузов, регламентируется Законами Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте" и от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании".