Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендерге 2014 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № С 28-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қаңтарда № 3987 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы № С 39-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 21.08.2014 № С 39-3 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерлерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендерге 2014 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, бір маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Л.Лауб

      Ақкөл аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ж.Салыбекова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақкөл ауданының әкімі                      Т.Қ.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады