Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 5С-16/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 мамырда № 3753 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 5С-35/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 20.02.2015 № 5С-35/2 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Бұланды аудандық мәслихатының:
      «Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 27 cәуірде № 5С-4/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-155 тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымда № 23 «Бұланды таңы», № 23 «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттерінде жарияланған);
      «Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/4 «Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 20 желтоқсанда № 5С-12/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3628 тіркелген, 2013 жылғы 1 ақпанда № 5 «Бұланды таңы», № 5 «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 16-сессияның
      төрағасы                                   В.Варданян

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ш.Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бұланды ауданының әкімі                    М.Балпан

Бұланды аудандық мәслихатының
2013 жылғы 26 сәуірдегі  
№ 5С-16/5 шешімімен    
бекітілген        

Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес әзірленді және Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5С-33/2 (ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен Бұланды ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі:
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін;
      2) тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) алып тасталды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.04.2014 № 5C-26/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Қағиданың 1 тармағына өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.04.2014 № 5C-26/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйдін жал кұнының өсуіне байланысты коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі-егер отбасының жиынтық табысының 11 (он бір) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдің (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен, Бұланды ауданында тұрғылықты тұратын тұлғаларға көрсетіледі.
      Ескерту. Қағиданың 2-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.04.2014 № 5С-26/3 (ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 (отыз) шаршы метр мөлшерінде қабылданады.
      4. Жергілікті жылумен жеке үй-жайларда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) қатты отынды тұтынуға өтемақы нормасы жылу беру маусымына бес тоннадан артық емес деп белгіленеді. Статистикалық мәліметке сәйкес өткен тоқсанда құрылған көмірдің орташа бағасы қабылдансын.
      5. Газ баллонмен жабдықтау кезінде өтемақы нормасы отбасының әр мүшесіне (азаматқа) айына 0,5 газ баллоннан.
      6. Электр энергиясының шығын нормасы - бір адамға айына 50 (елу) киловатт.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды (бұдан әрі – өкілетті орган).

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      8. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      9. Отбасының (азаматтың) табыстары, тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің сомасы өзгерген кезде өкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      10. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5С-33/2 (ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. алынып тасталды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5С-33/2(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім өкілетті орган келесі жағдайларда шығарады:
      1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындар, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға белгілеген шығыстарының (11 пайыз) шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;
      2) отбасымен (азаматпен) жалған мәліметтер көрсетілсе.
      13. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін өкілетті орган он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      14. алынып тасталды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5С-33/2(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      15. Өкілетті органға заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      16. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктері арқылы алушының жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      17. Өкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде есептейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады