Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 5С-19/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 мамырда № 3738 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 30.03.2015 № 5С-40/13 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 5С-37/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Жарқайың аудандық мәслихаттың "Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/5 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-167 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірде аудандық "Целинное знамя" газетінде жарияланған), "Жарқайың аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/5 "Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 9 қарашадағы № 5С-12/3 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3505 болып тіркелген, 2012 жылғы 30 қарашада аудандық "Целинное знамя" газетінде жарияланған); шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н.Семкин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Үйсімбаев

Жарқайың аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 22 сәуірдегі  
№ 5С-19/3 шешімімен    
бекітілді        

Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы (бұдан әрi - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысына сәйкес әзiрлендi және Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындаудың мөлшерiн және тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен Жарқайың ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметiн тұтыну төлемiн;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына төлеуге берiледi;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.03.2014 № 5С-32/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Жарқайың ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған төлемдердің шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 11 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.03.2014 № 5С-32/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну белгiленген көлемнiң нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бiрдей негiзде жүргiзiледi. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй көлемiнiң нормасы бiр адамға он сегiз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшiн жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй көлемiнiң нормасы отыз шаршы метр.
      4. Жергiлiктi жылумен қатты отынды тұтынуға өтемақы нормасы өтiнiш беру тоқсанында отбасына, жылу беру маусымына бес тонна деп белгiленсiн. Қатты отынның құнын есептеу үшін статистикалық деректерге сәйкес алдыңғы тоқсан бойынша қалыптасқан орташа баға есепке алынады.
      5. Газ баллонмен жабдықтау кезiнде өтемақы нормасы отбасының әр мүшесiне айына 5 килограмм белгіленсін.
      6. Электр энергиясының шығын нормасы бiр адамға айына 50 (елу) киловаттан белгiленсiн.
      7. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi органы болып "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi анықталды.

2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу

      8. Тұрғын үй жәрдемақысы өтiнiш берiлген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерiнiң шығындары есепке алынады.
      9. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстардың төлемдерiнiң тарифтерi өзгерген кезде "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi бұрын есептелген тұрғын үй көмегiне қайта есептеулер жүргiзедi.
      10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрлігі немесе «электрондық үкімет» веб-порталы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі өтінішті үй иесі, үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) белгіленген нысанда (не сенімхат бойынша оның өкілі) тапсырады.
      Қажетті құжаттардың тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 тараудың 9 тармағымен анықталады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 5С-37/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. Алынып тасталды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 5С-37/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. Алынып тасталды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 5С-37/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. Алынып тасталды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 5С-37/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. Тұрғын үй көмегiн тағайындаудан бас тарту туралы шешiм "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi келесi жағдайларда шығарады:
      1) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілген отбасының осы мақсаттарға 11 пайыз шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;
      2) сенімді емес мәліметтер беріледі.
      15. Өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi он күнтiзбелiк күн iшiнде қарастырып тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi шығарады.
      16. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне жүгiнген кезде тiкелей өзi баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады.
      17. Ұсынылған ақпараттың сенiмдiлiгiне күдiк туындаған жағдайда "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi тексерiс жүргiзуге өкiлеттi органдарға жiбередi. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегiн тағайындалуына әкелген әдейi жалған мәлiметтер берiлсе, заңсыз тағайындалған соманы меншiк иесi (жалға алушы) өз еркiмен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      18. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi төлемдерiн "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе пошта байланыс бөлімшелері арқылы өтiнiш берушiлердiң жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

3. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      19. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" Бұйрығы негiзiнде есептейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады