Бурабай аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 "Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 маусымдағы № 5С-16/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 шілдеде № 3763 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-40/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 03.03.2015 № 5С-40/5 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй көмегін тағайындау» стандартына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Бурабай аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3627 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 ақпанда «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы»;
      шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Қоса берілген Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.»;
      Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы»;
      Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Осы Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленген және Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшері мен тәртібін белгілейді.»;
      Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 4 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «4. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
      Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 3 тараудың атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «3. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үй-жайларда тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі»;
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХVІ (кезектен тыс)
      сессиясының төрайымы                       Г. Прохорова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ө. Бейсенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Бурабай ауданының әкімі                    Ә. Ғазиз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады