Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 132 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 197 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 шілдеде № 3599 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Темір ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТІ:
      1. Темір ауданының Шұбарқұдық және Шұбарши кенттік округтері Шұбарқұдық және Шұбарши ауылдық округтері болып қайта құрылсын.
      2. Темір қалалық округі таратылсын.
      3. Таратылған Темір қалалық округінің Жамбыл ауылы Темір қаласының әкімшілік бағынысына берілсін.
      4. «Ақтөбе облысының статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
      5. Әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      6. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             А. МҰХАМБЕТОВ

      Облыстық
      мәслихаттың хатшысы                     С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы                         Д. ДОВМАТЕНКО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады