Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 406 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қаңтарда № 3729 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 болып тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған актінің кіріспесіндегі «5-бабының 4) тармақшасына» деген сөздер «5-бабының 7) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі аталған қаулыны басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Облыс әкімі                                А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады