Ауданның ауылдық елді мекендеріне 2013 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 ақпанда № 3530 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 02-6/25 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 27.02.2014 № 02-6/25 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне 2013 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
      1) арыз берген кезінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы;
      2) бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш сомада бюджеттік несие түрінде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                   Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                   хатшысы

          К.Байгазин                       А.Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады