Темір аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 12 "Темір ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарында квота бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 368 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 3685 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 96 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 14.04.2016 № 96 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 124-V "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Темір аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Темір аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 12 "Темір ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарында квота бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-124 тіркелген, 2010 жылғы 19 наурыздағы "Темір" аудандық газетінің № 13 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Темір аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Қаниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады