Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 98 "Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 154 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қаңтарда № 3760 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 89 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 89 шешімімен.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарының нормативтік ережелеріне сәйкес, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі қаулыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 98 "Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3566 тіркелген, 2013 жылдың 30 сәуірінде аудандық Хромтау газетінің № 25-26 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
      1 тармақтағы 3 азат жолы бөлігіндегі "тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге" деген сөздері;
      1 тармақтағы 4 азат жолы бөлігіндегі "сондай - ақ, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге деген сөздері";
      6 тармақтың 9 тармақшасы;
      15 тармақтың 2 азат жолы бөлігіндегі "және тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептегіштің құнының" деген сөздері алынып тасталынсын.
      2. 10 тармақтағы "меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтерлер, үйлер) немесе тұрғын үйiн жалға беретiн, сондай-ақ" деген сөздері алынып тасталынсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Н.Имандосов Д. Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады