Алматы облыс әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл көлінің, Қапшағай су қоймасының, Іле өзенінің, 2-су электр станциясының, 3-су электр станциясының, 4-су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" N 93 қаулысына толықтыру және өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы N 438 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментімен 2014 жылы 30 қаңтарда N 2568 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 39-бабына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қантардағы "Су қорғау аймақтары және белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" N 42 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл көлінің, Қапшағай су қоймасының, Іле өзенінің, 2 - су электр станциясының, 3 - су электр станциясының, 4 - су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" N 93 қаулысына (2009 жылдың 12 маусымдағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2032 тіркелген және 2009 жылдың 30 маусымдағы N 74 "Жетісу", 2009 жылдың 30 маусымдағы N 73 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру және өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 1-тармағы келесі тармақшамен толықтырылсын:
      6) Балқаш жылу-электростанциясы Үлкен ауылының аймағына Балқаш көлінің шекарасындағы жер учаскесін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы.
      Аталған қаулымен бекітілген 2 қосымшадағы кестенің:
      1-тармағының 3-бағанасындағы "1000" саны "50-1000" санына ауыстырылсын;
      1-тармағының 4-бағанасындағы "100" саны "50-100" санына ауыстырылсын.
      2. Алматы облысының жер қатынастары басқармасы (Ғ.Қ. Тоқпеисов) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министірлігі жер ресурстарын басқару комитетінің "Жер кадастры ғылыми - өндірістік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Алматы облысының филиалымен (А.Н. Нұрқанов келісім бойынша) бірлесе отырып, бекітілген жұмыс жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін және жер-есепке алу құжаттарына өзгертулер енгізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкiмi                                А. Мұсаханов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі
      Балқаш-Алакөл бассейндік
      инспекциясының басшысы                     Серіғали Мұхаметкәрімұлы Мұқатаев
      31 желтоқсан 2013 жыл

      Алматы облысы бойынша
      экология департаментінің
      басшысы                                    Қалижан Асанбайұлы Мәлібеков
      31 желтоқсан 2013 жыл

      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Алматы облысы
      бойынша департаментінің
      директоры                                  Ерғали Жақсыбекұлы Сыдыманов
      31 желтоқсан 2013 жыл

      Жер қатынастары басқармасының
      басшысы                                    Ғалым Қасымұлы Тоқпеисов
      31 желтоқсан 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады