Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Көксу аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 маусымдағы N 179 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 10 шілдеде N 2392 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы N 340 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық әкімдігінің 18.12.2013 N 340 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5)5-6) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көксу ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Шаяхметова Айгүл Нұртайқызы) және "Көксу ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (Искаков Дәурен Маратұлы) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
      3. Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 220 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 5 маусымда 2-14-130 нөмірімен енгізілген, аудандық "Нұрлы Көксу" газетінде 2012 жылғы 15 маусымда 24 (133) нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          М.Бейсенов

Об установления квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Коксуского района Алматинской области от 18 июня 2013 года N 179. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 10 июля 2013 года N 2392. Утратило силу постановлением акимата Коксуского района Алматинской области от 18 декабря 2013 года N 340

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Коксуского района Алматинской области от 18.12.2013 N 340
      Примечание РЦПИ:
      В тексте документе сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктами 5-5)5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О занятости населения" от 23 января 2001 года, подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, акимат Коксуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, по Коксускому району в размере два процента от общей численности рабочих мест.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Коксуского района" (Шаяхметова Айгуль Нуртаевна) и государственному учреждению "Центр занятости Коксуского района" (Искаков Даурен Маратович) обеспечить направление лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, для трудоустройства на имеющиеся вакантные рабочие места в соответствии с установленной квотой.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Коксуского района от 21 мая 2012 года за N 220 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 5 июня 2012 года N 2-14-130, опубликованное N 24 (133) в районной газете "Нурлы Коксу" от 15 июня 2012 года).
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего (вопросы социальной сферы) заместителя акима района.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима района                               М.Бейсенов