Жамбыл облысының Жамбыл, Жуалы аудандарының шекараларын және Жуалы ауданы Тоғызтарау ауылдық округінің бағыныстылығын өзгерту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 96 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 15 мамырдағы № 13-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 мамырдағы № 1944 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 627 баптарына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының шекарасына Жуалы ауданының Тоғызтарау ауылдық округінің Тоғызтарау, Жаңа өткел және Құмсуат ауылдарының 7584,0 гектар жерлерін қосу арқылы Жамбыл ауданының әкімшілік-аумақтық шекарасы ұлғайтылып, Жуалы ауданының әкімшілік -аумақтық шекарасының аумағы 7584,0 гектар жер көлеміне кемітіліп өзгертілсін.
      2. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Тоғызтарау ауылдық округінің бағыныстылығы «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік бағынысына берілсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М.С. Жолдасбаевқа жүктелсін.
      4. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыс әкімі                                Қ. Бозымбаев

      Облыстық Мәслихаттың
      сессия төрағасы                            Қ. Шайхиев

      Облыстық Мәслихаттың
      хатшысы                                    Б. Қарашолақов

Об изменении границ Жамбылского, Жуалынского районов Жамбылской области и изменении подчиненности Тогызтарауского сельского округа Жуалынского района

Постановление акимата Жамбылской области от 29 апреля 2013 года № 96 и решение маслихата Жамбылской области от 15 мая 2013 года № 13-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 29 мая 2013 года № 1944

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года «Об административно - территориальном устройстве Республики Казахстан», статьями 627 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» акимат Жамбылский области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Жамбылский областной Маслихат РЕШИЛ:
      1. Изменить административно-территориальные границы Жамбылского района, увеличив путем присоединения 7584,0 гектара земель аулов Тогызтарау, Жана откел и Кумсуат Тогызтарауского сельского округа Жуалынского района Жамбылской области и изменить административно-территориальные границы Жуалынского района, уменьшив на 7584,0 гектара земель.
      2. Передать подчиненность Тогызтарауского сельского округа Жуалынского района Жамбылской области в административное подчинение коммунального государственного учреждения «Аппарат акима Жамбылского района Жамбылской области».
      3. Контроль за исполнением данного нормативного правового акта возложить на постоянную комиссию областного Маслихата по вопросам развития региона, сельского хозяйства, административно-территориального обустроиства и рассмотрения проектов договоров по закупу земельных участков и заместителя акима области Жолдасбаева М.С.
      4. Настоящий нормативный правовой акт вступает в силу с момента государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      
      Аким области                               К. Бозумбаев

      Председатель сессии
      областного Маслихата                       К. Шайхиев

      Секретарь областного
      Маслихата                                  Б. Карашолаков