2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 62 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 ақпанда № 1888 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
      сақталған.

       «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
      2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 3 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
      
      Қала әкімі                                 Б. Орынбеков

Тараз қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 62 қаулысына қосымша

Ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

      Ескерту. қосымшаға өзгеріс енгізілді - Тараз қалалық әкімдігінің 09.09.2013 № 770 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Ұйымдардың атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Көлемі мен нақты жағдайлары

Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру (теңге)

2013 жыл

сұраныс

ұсыныс

1

Тараз қаласы «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша

37 320 жергілікті бюджет

338

275

2

Тараз қаласы «Тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша

37 320 жергілікті бюджет

15

10


Барлығы




353

285

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады