2013 жылы нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 150 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 наурызда № 1903 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз каласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 1124 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз каласы әкімдігінің 11.12.2013 № 1124 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
      сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына және 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына сәйкес 2013 жылы нысаналы топтарға жататын келесі адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) мектептер және техникалық, кәсiптiк оқу орындарының түлектерi;
      2) бiр де бір жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың мүшелері;
      3) ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс жасамаған адамдар;
      4) некеге тұрмаған және қамқорлығында кәмелетке толмаған балалары жоқ жалғызілікті азаматтар;
      5) елу жастан асқан тұлғалар;
      6) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
      7) кәсіби даярлау, қайта даярлау курстарынан және жастар тәжірибесінен өткен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының қатысушылары.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
      
      Қала әкімі                                 Б. Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады