"2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 770 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 2 қазанда № 2019 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1888 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 ақпандағы № 7 «Жамбыл - Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген Қаулының қосымшасындағы «Қатысушылырдың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері» бағанасындағы «32000» деген сандар «37320» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Г. Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
      
      Қала әкімі                                 Б. Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады