"Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 қарашада № 2036 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 42-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.02.2019 № 42-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-150 болып тіркелген, 2012 жылдың 8 тамызында № 32 "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "табысы аз отбасыларына (азаматтарға)" деген сөздер тиісінше "аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық Мәслихаты
      сессиясының төрағасы Ғ. Мадимаров
      Тараз қалалық
      Мәслихатының хатшысы Б. Нарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады