"Жуалы ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 мамырдағы № 15-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 қарашадағы № 22-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қарашада № 2054 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 24-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 26.12.2013 № 24-7 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. «Жуалы ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 мамырдағы № 15-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1947 болып тіркелген, 2013 жылдың 11 маусымдағы № 54 «Жаңа-өмір»-«Новая жизнь» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «табысы аз отбасыларына (азаматтарға)» деген сөздер тиісінше «аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық
      сессиясының төрағасы                       мәслихаттың хатшысы
      Э. Мамедова                                Ж. Айтақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады