"Шу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 8-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қарашада № 2055 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 25-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 31.03.2014 № 25-4 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Шу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 8-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-11-130 болып тіркелген, 2012 жылдың 5 қыркүйегінде № 74 «Шу өңірі» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «табысы аз отбасыларына (азаматтарға)» деген сөздер тиісінше «аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шу аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, аймақты, энергетика, байланыс, әкімшілік-аумақтық құрылысты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      І. Тортаев                                 Б. Саудабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады