Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі N 13/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 мамырда N 2321 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 26/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 19.06.2014 № 26/05 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 және 18-1 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемеген жұмыссыздар;
      2) кәмелет жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар;
      3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      4) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады