"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы N 03/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 ақпанда N 2183 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы N 19/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 17.05.2013 N 19/01 қаулысымен.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы N 1392 Қаулысына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) белгіленген заңды тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Мейрам Мұратұлы Қожықовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі                      С. Касимов

Саран қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 24 қаңтардағы
N 03/02 қаулысымен
бекітілген

"Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы Регламентте келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
      жер учаскесiне сәйкестендiру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргiзу мақсатында қажеттi, жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларын қамтитын құжат;
      2) жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат - осылардың негiзiнде жер учаскесiне құқықтар туындайтын, өзгертiлетiн немесе тоқтатылатын заңдық фактiлердiң (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның iшiнде шарттар, соттардың шешiмдерi, атқарушы органдардың құқықтық актiлерi, мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк, меншiк құқығымен жер учаскесiне иеленген немесе уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттiк емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезiндегi табыстау актiсi немесе бөлу балансы;
      3) жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы - берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланатын жоба.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) байланыс деректерi осы регламентке 1-қосымшада көрсетiлген "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетедi.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 14-1 және 150-баптарының, "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы N 1392 қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) уәкілетті органның стенділерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;
      2) уәкілетті органның sar_zemly@krg.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы бекiтілген жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет алушы осы Регламенттің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 7 жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.
      Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады, егер құрастырылған жерге орналастыру жобасы:
      1) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына және нормаларына;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі  N 958 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiне сәйкес болмаған жағдайда.
      Мемлекеттік қызметті алушыға жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекiтуді тоқтатуға себеп болған құжатты көрсете отырып және бекітпеу себептерін жою үшін мемлекеттік қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсететін жазбаша хабарлама жолданады.
      Осы Регламенттің 15-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.
      Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген жерге орналастыру жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жерге орналастыру жобасы бекітілді деп есептеледі.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет қорытындысын берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) мемлекеттік қызметті алушы уәкiлеттi органға өтiнiш бередi;
      2) уәкiлеттi органның жауапты қызметкерi құжаттар пакетін қабылдайды, оларды тiркеу журналында тiркейдi және құжаттарды алғандығы туралы растама бередi;
      3) уәкiлеттi органның басшысы жеке меншiк құқығына актiге қол қояды және уәкілетті тұлғаға жолдайды;
      4) уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы бекітілген жерге орналастыру жобасын мемлекеттік қызметті алушыға бередi.
      14. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ең аз тұлғалар саны бір қызметкерді құрайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібінің сипаттамасы

      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде:
      осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
      тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер учаскелерін жеке меншікке беру бойынша жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі;
      жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарасы мен олардың координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;
      жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
      мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, заңды тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін;
      2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
      осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
      мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының сәйкестігі жөнінде келісілген, жерге орналастыру жобасы;
      жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
      мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, заңды тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін.
      Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
      16. Өтініш бланкілері мекенжайлары және телефондары осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның кеңсе қызметкерлерімен беріледі.
      17. Құжаттарды қабылдау жер учаскесінің орналасқан орнына байланысты осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның уәкілетті тұлғасымен жүзеге асырылады.
      18. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыға осы регламенттің 15-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
      1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      19. Бекiтілген жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы мемлекеттік қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға беріледі.
      20. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті органның басшысы;
      2) уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы.
      21. Әр әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімді) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдерінің) дәйектілігінің және өзара іс-қимыл етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер және ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 4-қосымшада келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      23. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) жауапты тұлға болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасына және іске асыруға жауапты болады.

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттiк қызмет регламентiне
1-қосымша

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті органның тізбесі

Жер қатынастары саласында мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және мамандандырылған кәсiпорынның атауы

Орналасқан жерi, мекенжайы, электрондық мекенжайы

Байланыс телефоны

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

"Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесi, 67, N 111 кабинет sar_zemly@krg.gov.kz

тел.ф. 8(72137) 4-44-03

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттiк қызмет регламентiне
2-қосымша

Саран қаласының жер қатынастары
бөлімі" ММ бастығы

__________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
__________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
__________________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
__________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке
__________________________________________________
басын куәландыратын құжаттардың
__________________________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
__________________________________________________
мекенжайы)

Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын
бекiтуге өтініш

Жерге орналастыру жобасын құрастырушы - тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы

Жер учаскесіне құқық беруге өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы

Жерге орналастыру жобасының атауы

Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)

Жер учаскесінің сұралу мақсаты және алаңы, га

Жерге орналастыру жобасының данасының саны

1

2

3

4

5

6







      Жерге орналастыру жобасы әзірленді: мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда (қажеттісін сызу)

      Күні __________       Өтініш беруші ___________________________
                                       (жеке немесе заңды тұлғаның не
                                     ________________________________
                          уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,
                                    _________________________________
                                                      қолы)

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттiк қызмет регламентiне
3-қосымша

Әр әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсетіп әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің дәйектілігінің және өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы

      1 кесте. ҚФБ іс-әрекеттерін сипаттау

р/р

Негiзгi үдерiстiң iс-әрекеттерi (жұмыс барысы, ағыны)

1.

Iс-әрекеттiң (жұмыс барысының, ағынының) N

1

2

3

2.

ҚФБ атауы

ҚФБ 1.

Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы

ҚФБ 2.

Уәкiлеттi органның басшысы

ҚФБ 1.

Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы

3.

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, оларды тiркеу журналында тiркеу

Жерге орналастыру жобасын бекітеді

Жерге орналастыру жобасын беру журналында тіркеу

4.

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар)

Мемлекеттік қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру

Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасына жерге орналастыру жобасын беру

Мемлекеттік қызметті алушыға жерге орналастыру жобасын беру

5.

Орындау мерзiмдерi

30 минут

3 жұмыс күні

3 жұмыс күні

6.

Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi

2

3

-

      2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негiзгi үдерiс.

р/р

Негiзгi үдерiстiң iс-әрекеттерi (жұмыс барысы, ағыны)

1.

Iс-әрекеттiң (жұмыс барысының, ағынының) N

1

2

3

2.

ҚФБ атауы

ҚФБ 1.

Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы

ҚФБ 2.

Уәкiлеттi органның басшысы

ҚФБ 1.

Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасы

3.

Iс әрекеттiң (үдерiстiң, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, оларды тiркеу журналында тiркеу және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру

Мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы уәжделген жауап дайындау

Беру журналында жерге орналастыру жобасын бекітуді тоқтата тұру туралы жазбаша хабарламаны тіркеу

4.

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар)

Мемлекеттік қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру

Уәкiлеттi органның уәкілетті тұлғасына мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы уәжделген жауап беру

Жазбаша хабарламаны мемлекеттік қызметті алушыға беру

5.

Орындау мерзiмдерi

30 минут

2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде

2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде

6.

Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi

2

3

-0,

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттiк қызмет регламентiне
4-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер және ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады