"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы N 05/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 наурызда N 2245 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 мамырдағы N 12/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 02.05.2013 N 12/02 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Нөкешке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі                    С. Әбеуова

Ақтоғай ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 14 ақпандағы
N 05/03 қаулысымен
бекiтiлген

"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң
белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру"
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi - Регламент) келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы - жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар;
      2) уәкiлеттi орган – "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi.

2. Жалпы ережелер

      2. "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттiк қызмет:
      1) "Адамдарға жастар практикасына жолдама берудi";
      2) "Адамдарға қоғамдық жұмыстарға жолдама берудi";
      3) "Адамдарға әлеуметтiк жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшiн жолдама берудi";
      4) "Жұмысқа орналасу үшiн жолдама берудi";
      5) "Адамдарға кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiктi арттыруға жолдама берудi";
      6) "Адамдарға кәсiптiк бағдарлауда тегiн қызмет көрсетудi" қамтиды.
      3. "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттiк қызмет көрсету – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру мақсатында уәкiлеттi органмен жүзеге асырылатын рәсiм.
      4. Мемлекеттiк қызметті уәкiлеттi орган ұсынады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 қаулысының, "Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi N 394 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      7. "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттiк қызметiн көрсетудiң нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға қағаз жеткiзгiште жолдама беру не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      Көрсетiлетiн "Адамдарға кәсiптiк бағдарлауда тегiн қызмет көрсету" мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға ол орналасуы мүмкiн кәсiптер мен мамандықтардың тiзбесi туралы ауызша ақпарат беру (консультация беру) болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбiне
қойылатын талаптар

      8. Уәкiлеттi органның мекенжайы: 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Бөкейхан көшесi 7, телефон: 8(71037) 21684; факс: 8 (71037) 21290; электрондық пошта мекенжайы: enbek2011@mail.ru.
      Жұмыс кестесi: демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат уәкiлеттi органның http://www.aktogay.kz интернет-ресурсында, стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) осы Регламенттiң 13-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң шектi ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.
      11. Мемлекеттiк қызмет алушы уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген жағдайда уәкiлеттi орган жұмыссыздарға жолдама беруден бас тартады ("Жұмысқа орналасу үшiн жолдама берудi" және "Адамдарға кәсiптiк бағдарлауда тегiн қызмет көрсетудi" қоспағанда).
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.
      12. Мемлекеттiк қызмет алушыдан мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш алынған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет нәтижесін беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы уәкiлеттi органның маманына қажеттi құжаттармен өтiнiш бередi;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап бередi.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үрдiсiндегi iс-әрекеттер
(өзара iс-қимыл) тәртiбiнiң сипаттамасы

      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке куәлiк (паспорт);
      2) еңбек қызметiн растайтын құжаттар;
      3) кәсiптiк бiлiктiлiгiн куәландыратын құжат (болған жағдайда), ал алғаш жұмыс iздеген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ адам үшiн - бiлiмi туралы құжат.
      Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар бұған қоса, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiк.
      Оралмандар оралман куәлiгiн ұсынады.
      14. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi - ҚФБ) осы Регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
      15. ҚФБ және мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын көрсететін схемасы осы Регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтердi көрсететiн лауазымды
тұлғалардың жауапкершiлiгi

      16. Лауазымды тұлғалар мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысындағы қабылдаған шешiмдерi мен iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртiпте жауапты болады.

"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң
белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру"
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне
1-қосымша

      1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

Iс-әрекет N (жұмыстар ағыны, барысы)

1

ҚФБ атауы

Уәкiлеттi органның маманы

ҚФБ 1

Iс-әрекеттiң атауы (үдерiс, рәсiм, операция)

Қажеттi құжаттарды қабылдау. Жұмыссыз ретiнде тiркеу мәліметтерін тексеру

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiмi)

Компьютерлiк деректер қорына дербес есеп карточкасын толтыру

Орындалу мерзiмдері

15 минутқа дейiн

Iс-әрекеттiң N (жұмыстар ағыны, барысы)

2

ҚФБ атауы

Уәкiлеттi органның маманы

ҚФБ 1

Iс-әрекеттiң атауы (үдерiс, рәсiм, операция)

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға берiлген жолдаманы не дәлелді бас тартуды тiркеу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiмi)

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдама не дәлелді бас тартуды беру

Орындау мерзiмдері

15 минутқа дейiн

"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң
белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру"
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне
2-қосымша

Өзара байланысты көрсететiн схема.
Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады