Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 желтоқсанда № 2469 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 қарашадағы N 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 26.11.2014 N 01 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеу, 2014 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін ұйымдастырылсын.
      2. Шет ауданының ауылдық округтер мен кент әкімдері ұландардың Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне комиссияға ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
      3. Шет ауданы әкiмiнiң 2012 жылғы 26 қарашадағы "2013 жылы шақыру учаскесiнде есепке тiркеудi ұйымдастыру туралы" № 01 шешiмi жойылсын.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Шет ауданы әкiмiнiң орынбасары А. Әбілдинге жүктелсiн.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі:                       Р. Әбдікеров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шет ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі біріктірілген
      бөлімінің бастығы                          Н. Әбдікешев
      22.11.2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады