Кейбір Қызылорда облысы әкімдігінің қаулылары мен Қызылорда облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 10 шілдедегі N 188 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылға 10 шілдедегі N 112 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 тамызда N 4493 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша кейбір Қызылорда облысы әкімдігінің қаулылары мен Қызылорда облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау "Қызылорда облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі             Қ. Көшербаев

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      18-сессиясының төрағасы               А. Шоманов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                  Б. Еламанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қызылорда облысының
      статистика департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________ Б. Сапар
      2013 жылғы "09" шілде

      Қызылорда облысы әкімдігінің
      2013 жылғы "10" шілдедегі
      N 188 қаулысына және

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      2013 жылғы "10" шілдедегі
      N 112 шешіміне қосымша

       Кейбір Қызылорда облысы әкімдігі мен Қызылорда облыстық мәслихатының қаулылары мен шешімдеріне енгізілетін өзгерістер тізбесі

      1. "Облыс аумағындағы жекелеген елді мекендерді тарату туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 322 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 40 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4196 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 28 желтоқсандағы "Сыр бойы" газетінде және 2008 жылғы 10 қаңтардағы "Кызылординские вести" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулы мен шешім жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      "1. Қазалы ауданындағы халқының саны 50 адамнан кем төмендегідей елді мекендер таратылып, қалған шаруа және басқа да қоныстар сол ауылдық округтегі ең жуық елдi мекендердің құрамына енгiзiлсін:
      Көларық ауылдық округінің Шерекен және Мырзабек елді мекендері Ақтан батыр елді мекені құрамына;
      Сарыкөл ауылдық округінің Сағыр, Ізтілеубазы, Қазанқап елді мекендері Жұбан елді мекені құрамына;
      Сарыкөл ауылдық округінің Ботбай, Шоратай, Маймақ, Мырзабек елді мекендері Абай елді мекені құрамына;
      Майлыбас ауылдық округінің Кеңтүп, Дарбас, Жаңаарық елді мекендері Ақсуат елді мекені құрамына.
      2. Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округінің Самұратбазы елді мекенінде тұрғындардың болмауына байланысты оның аумағы осы ауылдық округтің Жұбан елді мекені құрамына енгізіліп, таратылсын.
      3. "Қызылорда облысының статистика департаменті" мемлекеттік мекемесіне (Б. Сапар, келісім бойынша) осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
      4. Қазалы ауданының әкімі шаруа және басқа да қоныстардың тұрғындарын елді мекендерге көшу және оларды келешекте жайластыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
      5. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
      2. "Қармақшы ауданының Т. Көмекбаев ауылдық округінің құрамында Шобанқазған ауылын құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 459 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 68 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4201 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 18 сәуірдегі "Сыр бойы" газетінде және 2008 жылғы 17 сәуірдегі "Кызылординские вести" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулы мен шешім жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қармақшы ауданының Т. Көмекбаев ауылдық округінің құрамында Шобанқазған ауылы құрылсын.
      2. "Қызылорда облысының статистика департаменті" мемлекеттік мекемесіне (Б. Сапар, келісім бойынша) және Қармақшы ауданының әкімдігіне осы қаулы мен шешімінен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
      3. "Бірқатар елді мекендерді ауылдық елді мекендерге жатқызу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 маусымдағы N 36 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 маусымдағы N 80 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4206 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 13 тамыздағы "Сыр бойы" газетінде және 2008 жылғы 13 тамыздағы "Кызылординские вести" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулы мен шешім жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арал ауданының Сексеуiл, Жақсықылыш, Қармақшы ауданының Жосалы, Төретам, Жалағаш ауданының Жалағаш, Сырдария ауданының Тереңөзек, Шиелi ауданының Шиелi, Жаңақорған ауданының Жаңақорған, Шалқия кенттерi ауылдық елдi мекендерге жатқызылсын.
      2. "Қызылорда облысының статистика департаментi" мемлекеттiк мекемесiне (Б.Сапар, келiсiм бойынша) осы қаулы мен шешімінен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
      4. "Қармақшы ауданындағы Жаңажол ауылын Дүр Оңғар есімімен қайта атау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 717 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 218 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4249 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 22 мамырдағы "Сыр бойы" газетінде және 2010 жылғы 15 мамырдағы "Кызылординские вести" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулы мен шешім жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қармақшы ауданындағы Жаңажол ауылы Дүр Оңғар есімімен қайта аталсын.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады