Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы N 394 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 шілдеде N 4473 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы N 3959 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 23.06.2015 N 3959 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi N 49-ө өкiмiне сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Қ. Бекеновке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2013 жылғы "17" маусымдағы
N 394 қаулысымен бекітілген

Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншікке түседі және осы қағидаға сәйкес алып пайдаланылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 31.12.2013 N 1485 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншiкке келіп түсу тәртібі

      3. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншiкке келіп түсуi тапсыру – қабылдау актiсi негiзiнде жүзеге асырылады. Тапсыру–қабылдау актiсiнде қалалық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетiлуi тиiс. Тапсыру – қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, кент, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi – әкiм), "Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi – ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі), "Қалалық қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – қаржы бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру – қабылдау актiсiн қаржы бөлiмiнiң басшысы бекiтедi.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 31.12.2013 N 1485 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн жануарларды қабылдау-беру актiсi негiзiнде теңгерiмге алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығымен жүзеге асырылады.

3. Қалалық коммуналдық меншiкке келіп түскен жануарларды
пайдалану тәртібі

      5. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      6. Жергілікті атқарушы орган жануарларды уақытша күтiмге алатын жеке немесе заңды тұлғаларды анықтау кезiнде олардың жануарларды күтiмге алу жағдайына алдын-ала зерттеу жүргiзедi. Зерттеу барысында мiндеттi түрде күтiмге алатын жеке немесе заңды тұлғаның жануарды демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкіндігі үшін кеңістік көлемімен, қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсенділік таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су ішу қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігімен, астаулармен, суаттармен және олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған басқа да жабдықтармен, жем-шөппен және ішетін сумен, сонымен қатар жануарларға адамгершiлiк тұрғыда қарай алатыны ескерiлуi тиiс.
      7. Қалалық коммуналдық меншiкке келіп түскен жануарлар оларды уақытша күтiмге алу үшiн жергілікті атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға қаржы бөлімімен келiсiм шарт негiзiнде бекiтiлiп берiледi.
      8. Жануарларды күтiмге алу шығыны жеке немесе заңды тұлғаға қаржы бөлiмiмен жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi.
      9. Жануарларды бағу мен пайдалануына берiлген жеке немесе заңды тұлға жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады.
      10. Қалалық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шаралары ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 31.12.2013 N 1485 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Қалалық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз қалған жануарлар аукцион арқылы сатылады. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджет кiрiсiне толық есептеледi.

4. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару тәртібі

      12. Жануарлар қалалық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде - облыстық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда сот тәртібімен оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.
      13. Жануарларды қайтару бұрынғы меншiк иесiнiң оларды бағуға байланысты шығынды жергiлiктi бюджет кiрiсiне өтегеннен кейiн жүзеге асырылады.
      14. Жануарлар бұрынғы меншiк иесiнен оларды қайтару жөнiнде өтiнiш түскенге дейiн сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсiм немесе оның құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Бұл жағдайда жануарларды бағуға және пайдалануына байланысты жұмсалған қаржының мөлшерi шегерiледi.
      15. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншiк иесi мен қаржы бөлiмi арасында жасалатын келiсiм – шартпен рәсiмделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады