"Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы N 394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы N 1485 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қаңтарда N 4582 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы N 3959 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 23.06.2015 N 3959 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы N 394 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4473 нөмірімен тіркелген, "Ақмешiт апталығы" газетiнің 2013 жылғы 25 шілдедегі N 30 (994) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қағиданың 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "2. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншікке түседі және осы қағидаға сәйкес алып пайдаланылады.";
      3-тармақ келесі редақцияда жазылсын:
      "3. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншiкке келіп түсуi тапсыру – қабылдау актiсi негiзiнде жүзеге асырылады. Тапсыру–қабылдау актiсiнде қалалық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетiлуi тиiс. Тапсыру – қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, кент, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi – әкiм), "Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi – ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі), "Қалалық қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – қаржы бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру – қабылдау актiсiн қаржы бөлiмiнiң басшысы бекiтедi.";
      10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "10. Қалалық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шаралары ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады