Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы N 11 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 ақпанда N 2220 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 244 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.08.2013 № 244 қаулысымен.

       «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Г. Еділова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.К. Мұқановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Облыс әкімі                             Б. Мұхаметжанов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Облыстық ауыл шаруашылығы
      басқармасы бастығының
      міндетін атқарушы
      Г. Еділова
      15 қаңтар 2013 жыл


Маңғыстау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 15 қаңтарда № 11
қаулысымен бекітілген

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы – заңды және жеке тұлға;
      2) комиссия – Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен құрылатын сандық құрамы бес адамнан кем емес сараптау комиссиясы.

2. Жалпы ережелер

      2. «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
      5. Мемлекеттік қызмет «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6 - 1 - бабының 4) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбiр субъектiлердi аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393, «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Регламентке 1–қосымшаға сәйкес нысанда қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлік беру немесе жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет тұқым шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызметті Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 100 үй мекен - жайы бойынша орналасқан Басқарма демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00 - ден 14.30 - ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 - ға дейін, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mіnаgrі.kz интернет - ресурсында және Басқарманың сайтында орналастырылады: www.selmangystau.gov.kz.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы осы Регламенттің 12 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс;
      2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезінде күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
      1) тұтынушының осы Регламенттың 12–тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмауы;
      2) тұтынушының осы Регламенттың 2–қосымшасында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеуі негіз болып табылады.
      11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш алған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы Басқармаға өтініш береді;
      2) Басқарма кеңсесі өтінішті тіркейді және Басқарма басшысына қарауға ұсынады;
      3) Басқарма басшысы құжаттармен танысып, Басқарманың жауапты орындаушысын анықтайды;
      4) Басқарманың жауапты орындаушысы құжаттардың дұрыстығын тексереді, комиссияның қарауына жолдайды, ал ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды;
      5) комиссия ұсынылған құжаттарды зерделейді, тұтынушынының біліктілік талаптарына сәйкестік дәрежесін анықтайды, комиссия шешімін хаттама нысанында ресімдейді және Басқарманың жауапты орындаушысына береді;
      6) Басқарманың жауапты орындаушысы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасын дайындайды, мәртебе береді, аттестаттау туралы куәлiк дайындайды немесе дәлелді бас тартуды ресімдейді және Басқарма басшысына қол қоюға жолдайды;
      7) Басқарма басшысы аттестаттау туралы куәлiкке немесе жазбаша дәлелді бас тартуға қол қояды және Басқарма кеңсесіне жолдайды;
      8) Басқарма кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркеу кітабына тіркейді және тұтынушыға береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс - әрекет (өзара іс - әрекет) тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Басқармаға мынадай құжаттарды:
      1) осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішін;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатының көшірмесін (тұқым өткізушілер тапсырмайды);
      4) жеке немесе заңды тұлғаның осы Регламентке 2–қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарын;
      5) тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың тізімін ұсынады.
      13. Тұтынушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
      2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен аттары;
      4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар берілетін орын;
      5) Басқарманың құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету барысына мынадай құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылды:
      1) Басқарма кеңсесі;
      2) Басқарма басшысы;
      3) Басқарманың жауапты орындаушысы;
      4) Комиссия.
      15. Әрбір әкімшілік іс - әрекеттің (рәсімдеудің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік іс - әрекеттері (рәсімдеулері) дәйектілігінің және өзара іс – қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 4–қосымшада келтірілген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 5–қосымшада келтірілген.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн жауапты тұлғалардың жауапкершiлiгi

      17. Басқарма басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапкершілік артады.


«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
 

№ ____ аттестаттау туралы куәлік
 

_____________________________________________________________________(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетіледі)

__________________________________берілді, оған _____________________

облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының 20___ жылғы «__» ____________ № _______ қаулысымен ___________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны (бірегей
_____________________________________________________________________
тұқым өндірушілер үшін сорттардың саны көрсетілмейді) көрсетіледі)
тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн – тек тұқым сату) жөнiндегi _________________________________________мәртебесi берiлді.
      (берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
 

Басшы _____________________________ _______________
          (тегi, аты, әкесiнiң аты)      (қолы)
 

Лауазымы __________________________________________________________

Берiлген күнi: 20___ жылғы « ___ » _______________

М. О.

20__ жылғы « ___» ___________________ дейiн жарамды.
 


«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

Бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Бірегей тұқым өндірушіге қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
      1) бірегей тұқымдарды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндіруді жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы;
      2) бірегей тұқым өндіру жүргізілетін, ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған және бірден кем емес айналымнан өткен, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
      3) жалпы егіс алаңының 30 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы;
      4) бірегей тұқым өндірісі (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша 6 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы;
      5) нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы;
      6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған бірегей тұқым өндірушінің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқым өндірушінің аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде де болмауы тиіс;
      7) дақыл жөнінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар кемінде бір маман-селекционердің болуы немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бірегей тұқым өндірісі бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыруға шарттың болуы;
      8) кемінде бір агроном - тұқымшының және әр дақыл бойынша маманның сондай-ақ, дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстың ерекше әдістерін меңгерген техникалық персоналдың кемінде үш адамының болуы;
      9) дақыл мен сорттың биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін сызбаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқым өндірісін қамтамасыз ету;
      10) кейіннен элиталық тұқым өндірісін қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті ассортиментте және көлемде сорттың тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің көшетін өндірушілер үшін аналық екпе ағаштардың) болуы;
      11) мынадай:
      бастапқы буындардың негізін қалау үшін - 100 пайыз;
      суперэлита үшін - 50 пайыз қажеттілікте тұқым сақтандыру қорларының болуы;
      12) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлерінің бірегей тұқымын өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін меншік құқығында, лизингке немесе мүліктік жалға (ұзақ мерзімде жалгерлік) алынған арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының болуы;
      13) тұқымдар партияларының араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған қырмандардың, асфальтталған жабық алаңдардың, қоймалық үй-жайлардың (жеміс, жидек дақылдары мен жүзімге арналған кему алаңдарының), арнайы ыдыстың болуы;
      14) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, іріктеу, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар), егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, бірегей тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс), тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдардың аттестаты) есеп жүргізу;
      15) сортты шығару әдісін, ата-аналық нысандар, сорт белгілерінің ерекше сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсететін сорт жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
      16) тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының алты жылдан кем емес мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету.
      2. Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
      1) элиталы тұқым өндіру жүргізілетін және кемінде бір ротациядан өткен ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
      2) нақты топырақты - климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы;
      3) жалпы егіс алаңының 25 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы;
      4) соңғы үш жылдағы өнімділіктің орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болуы;
      5) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесі төрт жылдан кем болмауы;
      6) жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз ету 25 пайыздан кем болмауы;
      7) тұқым шаруашылығы жүргізілетін егілетін дақылдардың саны 4 - тен көп болмауы;
      8) аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны 3-тен көп болмауы;
      9) суперэлиталық тұқымды егуге қажетті тұқымның сақтандыру қоры - 50 пайыз болуы;
      10) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
      11) аудандастырылғандар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;
      12) тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізу және есепке алуды ұйымдастыру;
      13) элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр - түрде және көлемде негізгі тұқым материалының (бірегей тұқым) аудандастырылған және перспективті сорттарының болуы;
      14) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жыл мерзімге элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр - түрде және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушімен жасалған шарттың болуы;
      15) ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен элиталық тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы;
      16) элиталық тұқымның жоспарланған көлемін өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін меншік құқығындағы, лизингке немесе мүліктік жалға (ұзақ уақыттық жалгерлік) алынған тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілейтін техниканы қоса алғанда ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
      17) тұқымдар партияларының араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған қырмандардың, асфальтталған жабық алаңдардың, қоймалық үй - жайлардың болуы;
      18) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаттары, тұқымдардың конденциялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізу;
      19) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыру;
      20) жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін штат кестесінде көзделген тиісті білімі бар мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном - тұқымшының болуы;
      21) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай - ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы тиіс.
      3. Тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
      1) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесінің екі жылдан кем емес болуы;
      2) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес олардың өндірісін жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы;
      3) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты - климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес енгізілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
      4) жалпы егіс алаңының 20 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы;
      5) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақылдардың саны - 3 - тен көп болмауы;
      6) аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны - 3-тен көп болмауы;
      7) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде үш жыл мерзімге бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым ендіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өсіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы;
      8) ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы;
      9) нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру агротехнологиясын сақтау;
      10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған тұқым өсіру шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы;
      11) кемінде бір агроном - тұқымшының болуы;
      12) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
      13) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;
      14) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр - түрде және көлемде негізгі тұқым материалының болуы;
      15) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған көлемін өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін меншік құқығындағы, лизингке немесе мүліктік жалға (ұзақ мерзімді жалгерлік) алынған тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілейтін техниканы қоса алғанда ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
      16) тұқымдар партияларының араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған қырмандардың, асфальтталған жабық алаңдардың, қоймалық үй - жайлардың болуы;
      17) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаты, тұқымдардың куәлігі, тұқымдардың конденциялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуге, тігуге, қолы қоюға тиіс) есеп жүргізу;
      18) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде үш жыл сақталуын қамтамасыз ету.
      4. Тұқым өткізушілерге қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
      1) тұқым өткізу бойынша жоспарланған жұмыс көлемін орындау үшін тиісті білімі бар штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
      2) кейіннен сату үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы тұқым өндірушілермен (тұқым жеткізушілер тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда) жыл сайын жасалатын шарттың болуы;
      3) тұқымдар партияларының араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған қырмандардың, асфальтталған жабық алаңдардың, қоймалық үй - жайлардың (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көму алаңдарының), арнайы ыдыстың болуы;
      4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын сақтау, тазалау және өткізу жөніндегі барлық жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін меншік құқығындағы, лизингке немесе мүліктік жалға (ұзақ мерзімді жалгерлік) алынған арнайы техниканың болуы;
      5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымының әр партиясы бойынша саны мен сапасының, өткізілетін тұқымның шыққан тегінің, тұқымды құжаттандырудың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеген, тігілген және қолы қойылған тұқымдарды есепке алу журналын жүргізу;
      6) тұқымдарды сақтау және өткізу материалдарының кемінде үш жыл сақталуын қамтамасыз ету;
      7) Қазақстан Республикасы қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес патент иесі (лицензиар) тұқым өткізушіге (лицензиатқа) селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың болуы;
      8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған карантиндік объектілердің болмауы.
 

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша

_____________________________________________________________________
(облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының атауы көрсетіледі)

_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
 

ӨТІНІШ
 

Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткізуді және__________________
_____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы, сорттардың саны (бірегей тұқым өндірушілерге сорттардың саны көрсетілмейді) көрсетіледі)

тұқымын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін - тек тұқым сату) жөніндегі____________________________________________________________
             (берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
мәртебесін беруді сұраймын.
      Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
      1. Меншік нысаны ______________________________________________
      2. Құрылған жылы ______________________________________________
      3. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе жеке
тұлғаның жеке куәлігі _______________________________________________
                           (нөмірі, кім және қашан берген)
      Мекенжайы: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің нөмері, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы)
      5. Басшы _____________________________________________________
                             (тегі, аты, әкесінің аты)
      6. Банктік деректемелері ______________________________________
_____________________________________________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), есеп-шот №, банктің атауы және орналасқан жері)
      7. Қоса беріліп отырған құжаттар: _____________________________
                                            (12-тармаққа сәйкес)
      Басшы ______________________________ ________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты)       (қолы)

Мөр орны 20 ___ жылғы «___» _______________
Өтініш қарауға 20 ___ жылғы «__» ___________ қабылданды

______________________________________________________   ____________
(өтінішті қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)              (қолы)


«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша

Кесте 1. ҚФБ іс - әрекетінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері

1

Іс-әрекетінің

(жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Басқарма кеңсесі

Басқарма басшысы

Басқарманың жауапты орындаушысы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдайды, тіркейді, қолхат береді

Хат-хабармен танысады, орындау үшін жауапты орындаушыны анықтайды

Құжаттардың толықтығын тексереді, комиссияның қарауына құжаттарды дайындайды

4

Аяқтау нысаны(деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдау

Бұрыштамаға қол қою, құжаттарды жауапты орындаушыға жіберу

Құжаттарды комиссияның қаруына береді, ал ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды

5

Орындау мерзімдері

30 минут

30 минут

2 жұмыс күні ішінде

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4


Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері

1

Іс-әрекетінің (жұмыс барысының, ағымының) №

4

5

2

ҚФБ атауы

Комиссия

Басқарманың жауапты орындаушысы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қарайды, тұтынушының сәйкес немесе сәйкессіздігі жөнінде шешім қабылдайды

Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасын дайындайды, мәртебе береді және аттестаттау туралы куәлiк ресімдейді

4

Аяқтау нысаны(деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Хаттаманы ресімдеу

Құжаттарды Басқарма басшысына беру

5

Орындау мерзімдері

15 жұмыс күні ішінде

3 жұмыс күні ішінде

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6


Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері

1

Іс-әрекетінің (жұмыс барысының, ағымының) №

6

7

2

ҚФБ атауы

Басқарма басшысы

Басқарма кеңсесі

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Хат-хабармен танысады

Жазбаша дәлелді бас тартуды және аттестаттау туралы куәлікті беру кітабына тіркейді

4

Аяқтау нысаны(деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжатқа қол қоюы

Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

5

Орындау мерзімдері

30 минут

30 минут

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

7

-

Кесте 2. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

ҚФБ 1-тобы
Басқарма кеңсесі

ҚФБ 2-тобы Басқарма басшысы

ҚФБ 3-тобы Басқарманың жауапты орындаушысы

ҚФБ 4-тобы Комиссия

№ 1 Іс-әрекет
Құжаттарды қабылдайды, тіркейді, қолхат береді, өтінішті Басқарма басшысына жолдайды

№ 2 Іс-әрекет  Орындау үшін жауапты орындаушыны анықтайды

№ 3 Іс-әрекет Тұтынушының ұсынған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, құжаттарды комиссия қарауына жолдайды

№ 4 Іс-әрекет  Тұтынушының құжаттарын қарайды, хаттама ресімдейді



№ 5 Іс-әрекет  Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасын дайындайды, куәлікті ресімдейді



№ 6 Іс-әрекет Куәлікке қол қояды



№7 Іс-әрекет Аттестаттау туралы куәлікті тіркеу кітабына тіркейді және тұтынушыға береді




Кесте 3. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс.

ҚФБ 1-тобы
Басқарма кеңсесі

ҚФБ 2-тобы Басқарма басшысы

ҚФБ 3-тобы Басқарманың жауапты орындаушысы

№ 1 Іс-әрекет
Құжаттарды қабылдайды, тіркейді, қолхат береді, өтінішті Басқарма басшысына жолдайды

№ 2 Іс-әрекет  Орындау үшін жауапты орындаушыны анықтайды

№ 3 Іс-әрекет  Құжаттардың толықтығын тексереді ал құжаттар толық болмаған жағдайда, жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды, басшыға қол қоюға жолдайды


№ 4 Іс-әрекет  Жазбаша дәлелді бас тартуға қол қояды


№ 5 Іс-әрекет Жазбаша дәлелді бас тартуды тіркейді және тұтынушыға береді




«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
5-қосымша

Әкімшілік іс - әрекетінің өзара қисынды байланысу жүйелігін көрсететін сызба

(сызбаны қағаз нұсқасынан қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады