"Жұмыспен қамту 2020" жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 153 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 маусымда № 2254 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 116(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 116(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. "Жұмыспен қамту 2020" жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 116(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.Б.Әлібекова) мамандарды даярлауға көзделген қаржыландыру жоспары шегiнде бағдарламаның әкiмшiсi – Маңғыстау облысының бiлiм басқармасын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Маңғыстау облысының білім басқармасы:
      "Жұмыспен қамту 2020" жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін;
      осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 116(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Г.М. Қалмұратова) "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасының қатысушыларын техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқытуға жіберуді және мамандардың оқуы аяқталған соң, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 116(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Х.Х.Нұрғалиеваға жүктелсiн.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкiмi А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының
      білім басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Д.Н.Жұмашева
      27 мамыр 2013 жыл

      "Маңғыстау облысының
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Р.Ф.Бектубаев
      27 мамыр 2013 жыл

      "Маңғыстау облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г.М.Қалмұратова
      27 мамыр 2013 жыл

      "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік
      және өнеркәсіп басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г.М.Байжауынова
      27 мамыр 2013 жыл

      "Маңғыстау облысының
      қаржы басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М.Б.Әлібекова
      27 мамыр 2013 жыл

      "Маңғыстау облысының экономика
      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы
      Ж.Ұ.Ұланова
      27 мамыр 2013 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 мамырда № 153 қаулысымен
бекітілген

"Жұмыспен қамту 2020" жол картасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы"

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 116(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Кәсіп пен мамандықтың коды мен атауы
Оқушылар саны
Базалық білімі
Оқыту тілі
Оқу мерзімі
1. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Маңғыстау гуманитарлық колледжі" МКҚК
 
0101000 Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу:
010101 3 Мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі
25
11 сынып
қазақша
2 жыл 10 ай
Жиыны:
25
 
 
 
 
Мемлекеттік колледждер бойынша жиыны:
25
 
 
 
2. "Қазақстандық қазіргі заман "Болашақ" академиясының колледжі" мекемесі
 
1401000 Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану:
140121 3 Құрылыс-технигі
 
 
25
 
 
11 сынып
 
 
қазақша
 
 
2 жыл 6 ай
Жиыны:
25
 
 
 
3. "М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжі" ЖШС
 
1409000 Темір жол құрылысы, темір жол және темір жол шаруашылығы:
140905 3 Құрылысшы-техник
 
 
25
11 сынып
қазақша
 
 
2 жыл 10 ай
 
Жиыны:
25
 
 
 
4. "Мейірбике" колледжі" ЖШС
 
0302000 Медбикелік іс:
030203 3 Жалпы практикадағы медбикесі
25
11 сынып
қазақша
2 жыл 10 ай
Жиыны:
25
 
 
 
Мемлекеттік емес колледждер бойынша жиыны:
75
 
 
 
Облыс бойынша:
100
 
 
 

      
      Ескертпелер: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МКҚК - Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
      ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады