"Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 12/180 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қыркүйекте № 2299 тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/455 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 29/455 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 2147 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 158 жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
      97-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «97. Объектілер мен кешендерді пайдалануға қабылдау, жұмыс комиссиясының ескертулерін жойғаннан кейін жүзеге асырылады және мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен ресімделеді.»;
      110-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «110. Ұтқыр павильон орнату үшін бөлінген жер учаскесі кеңейтілмейді және нысаналы мақсаты өзгертілмейді.».
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         А. Қуанов

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады