Байланыс формасы

"Қарақия ауданының Болашақ селолық округін құру туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 308 қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/82 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 344 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/204 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қаңтарда № 2334 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қарақия аудандық мәслихаты мен Қарақия ауданы әкімдігінің Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округін құру туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Қарақия ауданының Болашақ селолық округін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 308 қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2195 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қарақия ауданында әрқайсысының халық саны кемінде 50 адамды құрайтын Болашақ және Бопай станциялары негізінде Болашақ және Бопай ауылдары құрылсын.
      Әрқайсысының халық саны 50 адамнан кем Бестөрткүл, Құрмаш, Тайғыр разъездері Болашақ ауылының құрамында есепке алынсын.
      Әрқайсысының халық саны 50 адамнан кем Ақбөбек, Бастау разъездері Бопай ауылының құрамында есепке алынсын.
      2. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Болашақ және Бопай ауылдарының негізінде Қарақия ауданында жалпы аумағы 15043,26 га құрайтын және орталығы Болашақ ауылы болатын Болашақ ауылдық округі құрылсын.».
      2. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев

      Сессия төрағасы                         Р. Борашов

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады