Ақтау қаласының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілері үшін қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 10/113 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 сәуірде № 2242 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/383 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 38/383 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 "Білім туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабына сәйкес және Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 242 "Ақтау қаласындағы қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-177 болып тіркелген, 2012 жылғы 2 маусымдағы № 95-97 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) негізінде, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтау қаласының келесі білім беру ұйымдарының:
      1) жоғары оқу орындарында;
      2) жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында;
      3) лицейлерде;
      4) мектеп - интернаттарда күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілері үшін қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруі қолданыстағы тарифтің 50 пайызын төлеу түрінде жеңілдікпен белгіленсін.
      2. Қалалық бюджеттен тиісті қаржы жылына арналған "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау" 6.02.464.008 бағдарламасы бойынша қаражат бөлу қамтамасыз етілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайым С.Шудабаева) жүктелсін.
      4. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесімен (Л.Сүйіндік, келісім бойынша) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет - ресурста жариялануын қамтамасыз етілсін.
      5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы
М. СауғабаевМ. Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      С.Құрманғазиева
      2013 жыл 26 наурыз
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы А.Ким
      2013 жыл 26 наурыз

Об установлении льготного проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) для обучающихся и воспитанников организаций образования очной формы обучения города Актау

Решение Актауского городского маслихата Мангистауской области от 26 марта 2013 года № 10/113. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 26 апреля 2013 года № 2242. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 11 марта 2016 года № 38/383

      Сноска. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 11.03.2016 № 38/383(вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года № 319 "Об образовании", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2004 года № 581 "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан" и на основании постановления акимата города Актау от 24 апреля 2012 года № 242 "Об установлении тарифов на внутригородских маршрутах общественного пассажирского транспорта города Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11-1-177, опубликовано в газете "Огни Мангистау" от 2 июня 2012 года за № 98-99), Актауский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить льготный проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) в виде оплаты 50 процентов действующего тарифа для обучающихся и воспитанников следующих организаций образования очной формы обучения города Актау:
      1) высших учебных заведений;
      2) учебных заведений, дающих общее среднее образование, техническое и профессиональное образование;
      3) лицеев;
      4) школ - интернатов.
      2. Обеспечить выделение средств из городского бюджета на соответствующий финансовый год по программе 6.02.464.008 "Социальная поддержка обучающихся и воспитанников организаций образования очной формы обучения в виде льготного проезда на общественном транспорте (кроме такси) по решению местных представительных органов".
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Актауского городского маслихата по социальным вопросам (председатель С.Шудабаева).
      4. Государственному учреждению "Аппарат Актауского городского маслихата" (Л.Сүйіндік, по согласованию) после государственной регистрации обеспечить опубликование настоящего решения на интернет - ресурсе.
      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Мангистауской области и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
Секретарь маслихата
М. СаугабаевМ. Молдагулов

      "СОГЛАСОВАНО"
      Исполняющая обязанности
      начальника государственного
      учреждения "Актауский городской
      отдел образования"
      Курмангазиева С.
      26 марта 2013 года
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник государственного учреждения
      "Актауский городской отдел
      экономики и бюджетного планирования"
      Ким А.
      26 марта 2013 года