Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 2 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 сәуірде № 4094 болып тіркелді

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селосын", "селосы", "селолары" деген сөздері "ауылдық", "ауылдарының", "ауылын", "ауылы", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 16.05.2014 № 8 бр қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 16.05.2014 № 287 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Таратылсын:
      Алтынсарин ауданының Силантьев ауылдық округі;
      Амангелді ауданының Есір ауылдық;
      Денисов ауданының Некрасов ауылдық округі;
      Қарасу ауданының Теректі ауылдық округі;
      Науырзым ауданының Мереке ауылдық округі;
      Таран ауданының Красносельский ауылдық округі;
      Таран ауданының Нелюбин ауылдық округі;
      Федоров ауданының Жаркөл ауылдық округі.
      2. Құрылсын:
      Алтынсарин ауданының Обаған ауылдық округі Алтынсарин ауданының Силантьев ауылдық округінің таратылатын Силантьевка, Бирюковка, Зуевка, Малая Чураковка ауылдарының құрамында және Алтынсарин ауданының Обаған ауылын, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;
      Амангелді ауданының Аманкелді ауылдық округі Аманкелді ауданының Есір ауылдық округінің таратылатын Есір, Ақкісі, Кемер, Қоғалыкөл, Мұқыр ауылдарының құрамында және Аманкелді ауданының Аманкелді ауылы, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;
      Науырзым ауданының Дәмді ауылдық округі Науырзым ауданының Мереке ауылдық округінің таратылатын Мереке, Қайғы ауылдарының құрамында және Науырзым ауданының Дәмді ауылы, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;
      Денисов ауданының Денисов ауылдық округі Денисов ауданының Некрасов ауылдық округінің таратылатын Некрасовка, Гришенка, Калиновка, Целинное ауылдарының құрамында және Денисов ауданының Денисовка ауылы, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;
      Федоров ауданының Федоров ауылдық округі Федоров ауданының Жаркөл ауылдық округінің таратылатын Жаркөл, Александрополь, Андреевка, Владыкинка, Затышенка, Копыченка, Приозерное ауылдарының құрамында және Федоров ауданының Федоровка ауылы, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып.
      3. Олардың жер пайдалану шегіндегі аумақтарын келесі елді мекендер:
      Жангелдин ауданының Қызбел ауылдық округіне Жангелдин ауданының Бидайық ауылы;
      Таран ауданының Таран ауылдық округіне Таран ауданының таратылған Красносельский ауылдық округінің Красносельское, Әйет, Журавлевка, Щербиновка ауылдары;
      Таран ауданының Павлов ауылдық округіне Таран ауданының таратылған Нелюбин ауылдық округінің Нелюбинка және Барсуковка ауылдары;
      Қарасу ауданының Железнодорожный ауылдық округіне Қарасу ауданының таратылған Теректі ауылдық округінің Теректі, Жекекөл және Куленсай ауылдары әкімшілік бағынысқа берілсін.
      4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі          Сессия төрайымы
      ___________ Н. Садуақасов         ___________ Д. Космухамбетова

                                        Қостанай облыстық
                                        мәслихатының хатшысы
                                        ___________ С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады