Әкімдіктің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 54 "Қостанай облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерін, жер телімдеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі № 135 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда № 4128 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 82 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 25.02.2016 № 82 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 4-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерін, жер телімдеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3704 болып тіркелген, 2010 жылғы 23 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген, Қостанай облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелер, жер телімдеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
 
"Қостанай облысы әкімдігінің
 
сәулет және қала құрылысы
 
басқармасы" ММ бастығы
 
_________________ С. Омарова
 

      

  Әкімдіктің
2013 жылғы 8 сәуірдегі
№ 135 қаулысына қосымша

Қостанай облысы аумағындағы елді мекеннің
құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын
қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі
ережелер, жер телімдеріне, ғимараттарға
және құрылыстарға реттік нөмірлер
беру талаптары

      Осы Қостанай облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелер, жер телімдеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптары (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі, "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы" 2007 жылғы 26 шiлдедегi, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңдарына, "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 бірлескен бұйрығына сәйкес әзірленген.
      1. Негізгі ережелер
      1. Осы Ережеде келесі негізгі терминдер пайдаланылады:
      1) алаң – тұйық шекаралы қала құрылысының атаулы элементі;
      2) алдын-ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) – объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу кезеңінде берілетін жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы;
      3) атау - елді мекендердегі елді мекеннің құрамдас бөлігіне берілетін, оларды белгілеу мен тануға қызмет ететін жалқы есімдер;
      4) әкімшілік-аумақтық бірлік – осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес Әкімшілік-аумақтық бірліктер типтері атауларының тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылым жүйесінің құрамдас бөлігі;
      5) блок – қызметі тұрғысынан тәуелсіз, басқа элементтермен үйлестіріліп те, жеке де пайдалануға болатын үйдің көлемдік-кеңістік элементі;
      6) бульвар – қарсы көліктік ағындары орман бақтық екпелермен, жаяу жүру жолдарымен бөлінген жергілікті маңызы бар көше немесе жол;
      7) гараж – автомобиль көлігін тұрақты немесе уақытша сақтауға арналған ғимарат;
      8) даңғыл – жалпы қалалық маңызы бар жол немесе көше;
      9) елдi мекен – республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi;
      10) елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерi – осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Елдi мекендердің құрамдас бөлiктерi типтерi атауларының тiзбесінде көрсетiлген көше, даңғыл, тұйық көшелер, бульвар, шағын аудан және елдi мекеннiң басқа да құрамдас бөлiктерi;
      11) жапсарластыра салынған үй-жай – негізгі үйдің көлемінде орналасқан жеке кіретін жері ұйымдастырылған қоғамдық мақсаттағы үй-жай;
      12) жапсарластыра-жанастыра салынған үй-жай – негізгі үйге жанастыра салынған және оның бөлігіне жапсарластыра салынған үй-жай;
      13) жол санаты – көлік құралдары қозғалысының есептік қарқындылығына байланысты автомобиль жолдарының жеке учаскелердегі немесе бүкіл бойындағы жіктеуіші;
      14) жылжымайтын мүлiк (бұдан әрi – жылжымайтын мүлiк объектiлерi) – жерге тығыз байланысты, яғни олардың нысанды қолданылуына еселеусiз зиян келтiрiлмей орын ауыстыру мүмкiн болмайтын жер учаскелер, үйлер, ғимараттар;
      15) жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі - әр түрлі функционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері;
      16) жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі - құқықтарды тіркеу мақсатында меншіктің жеке (бөлек) құқық (өзге де заттық құқық) объектілері ретінде оларға кадастрлық нөмірлер берілетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар;
      17) корпус – бір жер учаскесінде орналасқан және функционалдық мақсаттылығы бойынша біріктірілген үйлер мен ғимараттар кешені болып табылатын біртұтас кешенге кіретін үй мен ғимарат;
      18) көше – екі жолақты көлік жүретін бөлікті, жолдың шет жақтары, кювет пен қорғаушы бермаларды қосқандағы көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ;
      19) мекенжай – жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiн сипаттау, ол мынадай элементтердi қамтиды: аймақ, елді мекен, елдi мекеннiң құрамдас бөлiгi, жылжымайтын мүлiктің бастапқы объектiсі, жылжымайтын мүлiктің кейінгі объектiсi (бар болған жағдайда);
      20) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі - мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді жасауға, жинақтау мен өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын біріздендіруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
      21) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі - МТК) – "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйемен бірігетін жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайының бірегей коды;
      22) МҚК ААЖ кезекші мекенжай жоспары – елді мекен, әкімшілік аудандар, шағын аудандар, кварталдар, көшелер, үйлер, ғимараттар (көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда) аумағының нақты шекаралары белгіленген координаталар жүйесінде орындалған елді мекеннің геоақпараттық цифрлық картасы, сондай-ақ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерін, азаматтық немесе басқа да құқықтағы жеке дербес объектілер ретінде бастапқы объектілердің кеңістіктік бөлігін сәйкестендіруші ақпараттық деректер;
      23) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МҚК ААЖ) – қала құрылысы регламенттерін, пайдалану режимінің әлеуметтік-құқықтық белгілері, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету деңгейі, онда орналасқан объектілердің параметрлері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлары мен экологиялық жай-күйі бойынша қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі аумағын сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік жүйесі;
      24) объектінің реттік нөмірі – бас әріптің қосылуы мүмкін немесе қосымша бүтін цифрлардың (екі таңбадан көп емес) бөлшегі арқылы бірізді цифрлардан тұратын объект мекенжайының деректемесі. Бұл орайда нөмірде есімдіктер (мысалы "Я" әрпі), алфавиттегі қазақ әріптері (Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Һ), айтылуы қиын әріптер (дыбыссыз) және цифрға ұқсас әріптер (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) алынып тасталады;
      25) ономастика комиссиясы - Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;
      26) орам – құрылыстың көшелермен/тұйық көшелермен бөлінбеген құрылымдық элементі;
      27) тұйық көше, өтпе жол – ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және қалалық, кенттік құрылыстың басқа объектілеріне, елді мекендерге көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін аумақ;
      28) тұрғын үй-жай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;
      29) үй-жай – басқа iргелес үй-жайлардан ойықтары жоқ қабырғалармен немесе бiтеу арақабырғалармен бөлiнетiн және көшеге, аулаға, ортақ пайдаланудағы дәлiзге немесе баспалдақ алаңдарына жеке шығатын есiгi бар құрылыстың iшкi оқшауланған бөлiгi. Үй-жайлар өзінің міндеті бойынша тұрғын және тұрғын еместерге бөлінеді;
      30) шағын аудан – құрылыстың қала құрушы құрылымдық-жоспарлық элементі.
      2. Қазақстан Республикасы аумағындағы объектілерді адрестеу жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
      3. Объект мекенжайы қазақ және орыс тілдерінде мазмұндалады.
      4. Объект мекенжайы:
      облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, кенттің, ауылдың атауынан;
      елді мекеннің құрамдас бөліктерінің атауынан;
      бастапқы объектінің нөмірінен;
      осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген Жылжымайтын мүлік объектілері типтерінің тізбесіне сәйкес кейінгі объектінің нөмірінен тұрады.
      Жылжымайтын мүлік объектісінің типіне байланысты мекенжайдың құрылымы қосымша элементтермен (корпус, блок, қатар, жүру жолы, сызық) толықтырылады.
      5. Мекенжайдың деректемелері дедуктивтік әдіспен (жалпыдан жекеге) жазу қатаң анықталған реттілігімен көрсетіледі.
      2. Қостанай облысы елді мекендерінің
      құрамдас бөліктеріне атаулар беру және
      қайта атау тәртібі
      6. Қостанай облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте кеңістікте оларды бөлу және айырып тануды қамтамасыз ету үшін беріледі.
      7. Сәулет және қала құрылысы органы:
      1) Осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне реттік нөмірлерді бұйрықпен береді;
      2) елді мекендердің құрамдас бөліктерінің тізбесін қалыптастырып, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау беру, тарату бойынша әрі қарай жұмыс жүргізу үшін тілдерді дамыту жөніндегі органға жолдайды:
      атауы жоқтарды;
      атаулары сәйкесетіндерді;
      оларда орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты қызметі тоқтатылғандарды;
      елді мекендердің құрамдас бөліктерінің жеке бұйрықпен бекітілген алдын-ала берілген мекенжай (жобалық нөмірлері);
      3) қате мекенжай деректерін реттеу мен жою немесе жоқ болуын анықтау мақсатында елді мекен аумағындағы МҚК ААЖ кезекшілік мекенжай жоспарына объектілерге түгендеу деректерін енгізе отыра объектілерге (аулаларды, үйлерді аралап шығу) түгендеу жүргізеді;
      4) бұзылған үйлердің мекенжайларын таратып, сондай-ақ оларға жаңа мекенжай беріп, осы учаскелерде қайта салынған үйлердің есебін жүргізеді;
      5) атау беру кезінде пайдаланатын жол мен көше санаттарын қоса, атауға немесе қайта атауға жататын қала құрылысы элементтерінің санаттарын анықтайды;
      6) елді мекендер аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің сәйкестігін жүзеге асырады;
      7) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы туралы ақпаратты МҚК ААЖ елді мекеннің кезекші мекенжай жоспарына және "Мекенжай тіркелімі" АЖ тіркейді және енгізеді;
      8) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйеден МТК кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы туралы анықтаманы беруді жүзеге асырады;
      9) жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілерінің реттік нөмірлерін беру, өзгерту, тарату туралы бұйрықтардың көшірмелерін жеті жұмыс күні ішінде әділет органдарына, сондай-ақ барлық мүдделі органдарға ұсынады;
      10) жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілерінің мекенжайын уақытылы беру, өзгерту және тарату, сондай-ақ осы Ереженің барлық нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді;
      11) жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне алдын-ала берілген мекенжайды (жобалық нөмірді) береді.
      8. Тұрақты адрестеуге жататындар:
      барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған пайдалануға берiлген және құқық беретiн құжаттары бар үйлер, ғимараттар, бұл ретте бағбандық (дача) объектiлерді адрестеу пайдалануға берусiз идентификациялық құжат негiзiнде жүзеге асырылады;
      жаңа құрылыс немесе қайта қалпына келтiру нәтижесiнде пайда болған гараждар, үйге қосылып, жалғастыра, жапсарластыра-жанастыра салынған үй-жайлар, тұрғын үй-жайлар, мансардтық қабаттар;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес бiрнеше дербес бөлiктерге бөлу нәтижесiнде пайда болған объектiлер;
      үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану үшiн ұсынылған меншiк құқығы әдiлет органдарында тiркелген жер учаскелерi.
      9. Алдын-ала адрестеуге жататындар:
      жылжымайтын мүлiк объектiлерiн салу үшiн ұсынылған жер учаскелер;
      пайдалануға беруге әзiрлеу сатысындағы құрылысы аяқталмаған объектiлер;
      пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектiлер;
      пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектiлер құрамындағы кейінгі объектiлер.
      Жылжымайтын мүлiктің бастапқы объектiлерiнiң мекенжайы туралы ақпарат "Мекенжай" АЖ тiркеуге жатқызылады.
      10. Мыналар адрестеуге жатпайды:
      өз бетiмен тұрғызылған объектiлер;
      азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысына бөлiнген аумақта орналасқан уақытша тағайындалған объектiлер, шаруашылық құрылыстар, гараждар, елдi мекендердiң инженерлiк инфрақұрылым объектiлерi, жеке тұрған жарнамалық құрылымдар, жылу өткiзгiштер, су өткiзгiштер, электр сымдары, кәрiз желiсi, тазартқыш құрылыстар, мұнай айдайтын құрылыстар.
      11. Елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру келесi кезеңдермен жүзеге асырылады:
      1) сәулет органы атауы берiлмеген, ұқсас атаулары бар елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерінiң тiзбесін елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру (қайта атау) жұмыстарын әрi қарай жүргiзу үшiн ономастикалық комиссияға жiбередi;
      2) ономастикалық комиссия елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру (қайта атау) мәселелерiн талқылау үшiн ономастикалық комиссия отырысын ұйымдастыру бойынша шараларды жүргiзедi;
      3) қалалық және аудандық атқарушы органдары елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру (қайта атау) туралы мәселелерді шешедi және қалалық және аудандық өкiлдi органдарға бекiту үшiн жолдайды;
      4) қалалық және аудандық өкiлдi органдар атқарушы органдардың ұсыныстары негiзiнде елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру (қайта атау) туралы шешiм шығарады;
      5) елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атаулар беру (қайта атау) туралы өкілді және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмдерi мүдделi мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдарға жеткiзiледi;
      6) "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, осы елдi мекендердiң құрамдас бөлiктеріне атау беру және қайта атау жөніндегі мәселелерді шешедi.
      12. Бiр жер учаскесiнде бiрыңғай сәулет үйлесiмiн құрушы немесе бiр сәулет-құрылыс кешенiнiң бөлiгi болып табылатын екi немесе одан да көп объект тұрғызылған жағдайда бұл объектiлердiң реттiк нөмiрлерi негiзгi үйдің нөмiрiнен корпустың қосымша нөмiрiнен тұрады. "Корпус" белгiсi олар орналасқан жер учаскесi аумағының қызметтiк қолданысын ескере отырып, үйдің қызметтiк мақсатына және жақын тұрған үйдің қалыптасқан нөмiрленуiне байланысты анықталады.
      Мұнда үйлердің нөмiрленуi негiзгi үй орналасуын ескере отырып, жер учаскесi аумағына басты кiру жолынан бастап жүргiзiледi.
      13. Егер объект квартал iшiнде орналасқан және объектiнiң еш бiр қасбетi көшелерге шықпаған болса, объектiнiң реттiк нөмiрiне бөлшек белгiсi арқылы қосымша бүтiн сандар қосылады. Бұл жағдайда негiзгi реттiк нөмiр болып нөмірленуге жататын объектіге ең жақын объектінің реттік нөмірі қолданылады.
      14. Бөлшек белгiсi арқылы жазылған цифр негiзгi реттiк нөмiрi бар объектiден жойылу мөлшерiне сәйкес өседi. Бөлшек белгiсi арқылы қосымша бүтiн цифрлер немесе бас әрiптер қосуға немесе бөлшек белгiсi бар объектiнiң реттiк нөмiрiне сызықша қосуға рұқсат етiлмейдi.
      15. Объектiнiң реттiк нөмiрi сәулет және қала құрылысы органдарымен пайдалануға алынған және/немесе қате мекенжайлық деректердi реттеу және жою мақсатында елдi мекен аумағындағы объектiлерге кешендi түгендеу жүргiзу барысында берiледi.
      16. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген үйлердің реттік нөмірлері және нөмірлеуі өзгеріссіз қалдырылады.
      17. Жергiлiктi атқарушы органның жер қатынастары бойынша уәкiлеттi органы жер учаскелерiн бөлiп беруде жер учаскесiне бастапқы мекенжай алу үшiн сәулет және қала құрылысы органына өтініш береді. Жер учаскесiн беру туралы шешiмде объектiнiң бастапқы мекенжайы және мекенжай тiркеу коды көрсетiледi.
      18. Елдi мекеннiң бiр бөлiгiндегi объектiлердiң нөмiрленуi оннан артық бiрлiкке тоқтатылған (жоғалған) жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы қайта нөмiрлеудi талап ететiн объектiлердiң нөмiрленуiне өзгерiстер енгiзуге бастама жасайды.
      19. Оңтүстiктен солтүстiкке (батыстан шығысқа) қарай құрылыстың үздiксiз бағытын түзеген үйлерге (ғимараттарға) реттiк нөмiр беру тиiсiнше оңтүстiктен солтүстiкке (батыстан шығысқа) қарай елдi мекеннiң құрамдас бөлiгiнiң сол жағы бойынша тақ нөмiрлермен және оң жағы бойынша жұп нөмiрлермен жүргiзiледi.
      20. Жылжымайтын мүлiк объектiсі атауын тарату түгендеу арқылы (әрбiр ауланы және әрбiр үйдi аралап шығу) жылжымайтын мүлiк объектiсінiң физикалық жоқтығы анықталған кезде, сондай-ақ елдi мекеннiң құрамдас бөлiгiне бекiтiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң реттiк нөмiрлерiн ретке келтірген кезде сәулет және қала құрылысы органымен жүзеге асырылады.
      21. Әртүрлi санаттағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiнiң қиылысында орналасқан үйлерге магистральдық көшелердiң жiктегiшiне сәйкес жоғары санатты елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерi бойынша реттiк нөмiр берiледi.
      22. Тең санаттағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiгiнiң қиылысында орналасқан үйлерге, үйлердің басты қасбетi шығатын елдi мекеннiң құрамдас бөлiгi бойынша реттiк нөмiр берiледi. Егер бұрышқа бiр үйдің екi бiрдей қасбетi шығып тұрса, реттiк нөмiр елдi мекеннiң орталығы бағытына қарай жүретiн елдi мекеннiң құрамдас бөлiгi бойынша берiледi. Егер үйдің басты қасбетi аула iшiнде орналасқан болса, үй созылып жатқан бойдағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiгi бойынша реттiк нөмiр берiледi.
      23. Алаң периметрiн құрайтын үйлерге реттiк нөмiр беру елдi мекеннiң орталық жағындағы басты жолдан бастап сағат тiлi бағыты бойынша жүргiзiледi. Егер бұрыштық үйде басты қасбетi бар және жалғасушы елдi мекеннiң құрамдас бөлiгi бойында едәуiр созылып жатса, оның нөмiрленуi елдi мекеннiң құрамдас бөлiгi бойынша жүргiзiледi.
      24. Осы Ереженің 19-тармағының талаптарын орындау мүмкiн болмаған кезде, елдi мекен аумағында жаңа құрылыс табиғи жолмен қалыптасқан жағдайда, сол аумақтағы реттiк нөмiрлердi керi тәртiппен, яғни елдi мекеннiң құрамдас бөлiгiнiң оң жағы бойынша тақ нөмiрлермен және сол жағы бойынша жұп нөмiрлермен солтүстiктен оңтүстiкке немесе шығыстан батысқа қарай беруге болады.
      25. Мекенжай бiр объектiнiң әртүрлi бөлiктерi үшiн ортақ болып табылады.
      26. Бiрiздi нөмiрленген нөмiрлерi бар екi үйдің, ғимараттың аралығында орналасқан үйлерді нөмiрлеуді (объектiлер қою), осы Ережеге сәйкес тиiстi объектiнiң кiшi нөмiрiне бөлшек белгiсiн қосуды қолдана отырып жүргiзу қажет.
      3. Қорытынды ережелер
      27. Ережеде қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

  Қостанай облысы аумағындағы
елді мекеннің құрамдас бөліктеріне
атау беру және атауын қайта өзгерту
тәртібін жүргізу жөніндегі ережелер,
жер төлемдеріне, ғимараттарға және
құрылыстарға реттік нөмірлер беру
талаптарына 1-қосымша

Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер типтерi
атауларының тiзбесi


Қазақ тiлiндегi атау
1
Ауыл
2
Ауылдық округ
3
Облыстық маңызы бар қала
4
Аудандық маңызы бар қала
5
Республикалық маңызы бар қала
6
Облыс
7
Бөлiмше
8
Кент
9
Аудан
10
Қаладағы аудан
11
Жол айрығы
12
Станса
13
Қосалқы шаруашылық
14
Ферма
15
Шипажай
16
Орман шаруашылығы

  Қостанай облысы аумағындағы
елді мекеннің құрамдас бөліктеріне
атау беру және атауын қайта өзгерту
тәртібін жүргізу жөніндегі ережелер,
жер төлемдеріне, ғимараттарға және
құрылыстарға реттік нөмірлер беру
талаптарына 2-қосымша

Елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерi
типтерi атауларының тiзбесi


Қазақ тiлiндегi атау
1
Көше
2
Бульвар
3
Аллея
4
Алаң
5
Даңғыл
6
Сызық
7
Жол
8
Жағалау
9
Тұйық көше
10
Өтпе жол
11
Қыстау
12
Орман шаруашылығы
13
Әскери бөлiм
14
Жол айрығы
15
Станса
16
Демалыс базасы
17
Шағын аудан
18
Орам
19
Шекара бекетi
20
Шоссе
21
Даңғыл жол
22
Cаяжай кооперативi
23
Гараж кооперативi
24
Алқап
25
Гараж қоғамы
26
Саяжай қоғамы
27
Жол
28
Гараж алқабы
29
Бау-бақша (Бағбандық) қоғамы
30
Тұрғын үй алабы
31
Учаске
32
Өнеркәсiптiк аймақ
33
Бөлiмше
34
Тұйық көше
35
Шаруа қожалығы
36
Бағбандық ұжым
37
Гараж иелерiнiң тұтыну кооперативi
38
Тұтыну кооперативi
39
Бағбандық серiктестiк
40
Саяжай алабы
41
Ферма
42
Қоныс
43
Аймақ
44
Гараж тұтыну кооперативi
45
Саяжай учаскелерi иелерiнiң тұтыну кооперативi
46
Кеден бекетi
47
Орман шаруашылығы
48
Кардон
49
Жеке гараж иелерiнiң тұтыну кооперативi
50
Гараж-құрылыс кооперативi
51
Әуесқой бағбаншылардың тұтыну кооперативi
52
Заимка
53
Алаңқай
54
Аумақ
55
Қиық
56
Саяжай кешенi
57
Есеп кварталы
58
Гараж пайдаланушылар кооперативi
59
Кадастр кварталы
60
Бау-бақша тұтынушылар кооперативi
61
Бау-бақша қоғамы

  Қостанай облысы аумағындағы
елді мекеннің құрамдас бөліктеріне
атау беру және атауын қайта өзгерту
тәртібін жүргізу жөніндегі ережелер,
жер төлемдеріне, ғимараттарға және
құрылыстарға реттік нөмірлер беру
талаптарына 3-қосымша

Жылжымайтын мүлiк объектiлерi
типтерiнiң тiзбесi


Қазақ тiлiндегi атау
1
Тұрғын үй қоры
2
Өндiрiстiк үйлер
3
Ғылым, бiлiм және тәрбие объектiлерi
4
Денсаулық сақтау және демалыс объектiлерi
5
Әкiмшiлiк және қоғамдық ұйымдар және басқармалар
6
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектiлерi
7
Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерi объектiлерi
8
Сауда объектiлерi
9
Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi
10
Тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерi
11
Коммуналдық қызмет көрсету объектiлерi
12
Көлiкке және халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған өндiрiстiк объектiлер
13
Өнеркәсiптiк және қойма объектiлерi
14
Қала маңы аймағының көгалдандырылған аумақтары
15
Тұруға уақытша жарамсыз объектiлер
16
Ғимарат
17
Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мақсатындағы
объектiлер
18
Бағбандық учаскелер

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады