Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2013 жылғы 18 ақпандағы № 74 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 наурызда № 4060 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 206 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 26.02.2015 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Күштері жойылды деп танылсын:
      1) мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-134 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған);
      2) мәслихаттың "Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2011 жылғы 1 қарашадағы № 246 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-142 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 желтоқсанда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған);
      3) мәслихаттың "Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 53 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 желтоқсанда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы                           С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Л. Зейнекина

      "Жангелдин ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Д. Аренова

      "Жангелдин ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Д. Бидашев

Мәслихаттың         
2013 жылғы 18 ақпандағы № 74 
шешiмiмен бекiтiлген    

Тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы

1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Жангелдин ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын үйдің меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлем ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлем ақысын төлеуге;
      тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшiн жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетiледi;
      аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 21.02.2014 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегін "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қостанай облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының Жангелді бөліміне (бұдан әрі – ХҚО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.
      Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      4. алынып тасталды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      5. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейін тағайындалатын жылдың бірінші тоқсанын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегiн тағайындау бүкiл жылыту маусымына жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      6. Тұрғын үй көмегін қызмет алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ оның дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      7. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (қызмет алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      8. Қызмет алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      9. Жалғыз тұратын қызмет алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап аяқталады.
      Тұрғын үй көмегін қызмет алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті орган азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      10. Тұрғын үй көмегiн көрсету мәселелерi жөнiнде туындаған келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерiн анықтау

      11. алынып тасталды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 21.02.2014 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша отбасы (азамат) табысының жалпы сомасынан есептеледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      13. алынып тасталды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      14. Белгiленген нормалар шегiнде отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстан он пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      15. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде алаңның нормасы есепке алынады:
      1) бiр отбасы мүшесiне – көп бөлмелi тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн пайдалы алаңының 18 шаршы метрi және отбасына 9 шаршы метрiн қосымша; бiр бөлмелi тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшiн - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшiн де қолданылады.
      16. Есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн өтем шараларымен қамтамасыз етiлетiн коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленедi;
      егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгiленген тәртiпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргiзiледi.
      17. Коммуналдық қызметтердi тұтынатын есептегiш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшiн, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетiлген соңғы тоқсандағы есептегiш құралдардың көрсеткiштерi негiзiнде, бiрақ есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн белгiленген коммуналдық қызметтердi тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      18. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бiр адамға 100 киловатт; электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бiр адамға, 130 киловатт есебiнен, бiрақ нақты шығындардан асырмай жүргiзiледi.
      19. Осы ережемен белгiленген нормалардан жоғары төлемақы тұрғын жайдың меншiк иелерiмен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негiзде жүргiзiледi.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      20. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебiнен (олар бөлiнген жағдайда) жүзеге асырылады.
      21. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін қызмет алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы тұрғын үй көмегін қызмет алушының не қызмет көрсетушілердің немесе кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына тағайындалған сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 24.10.2014 № 194 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады