Әкімдіктің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 110 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 648 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда № 4406 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 28.11.2017 № 416 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Конституциялық Заңына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 110 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-156 тіркелген, 2011 жылғы 24 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.С. Актаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Утешов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Жітіқара аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ______________ Ж. Дарбаев

  Әкімдіктің
2013 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 648 қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
2011 жылғы 16 ақпандағы
№ 110 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      1. Жітіқара қаласы:

      1) Алтынсарин көшесіндегі 11-шағын аудандағы автобус аялдамасы жанындағы тумба (№ 41 дүкен);

      2) 11-шағын аудандағы стенд ("Фаворит" дүкені мен № 16 үй арасы);

      3) Алтынсарин көшесіндегі 6-шағын аудандағы автобус аялдамасының тумба-тіреуіші ("Березка" дүкені);

      4) Уәлиханов көшесіндегі 5-шағын аудандағы "Горняк" автобус аялдамасы жанындағы тумба;

      5) Ленин көшесіндегі 5-шағын аудандағы тумба ("Рахат" дүкені);

      6) Ленин көшесіндегі ("Универмаг" дүкені, 7-шағын аудан, 1-үй, 4-шағын аудан, 8-үй) автобус аялдамаларындағы қалқандар;

      7) Уәлиханов көшесіндегі 2-шағын аудандағы автобус аялдамасы жанындағы тумба (2-шағын аудан, № 28-үй);

      8) 2-шағын аудандағы "Горный лен" рестораны жаныңдағы автобус аялдамадағы қалқан, "Умка" дүкені жанындағы стенд.

      2. Пригородный ауылы: "Жітіқара-Қостанай" трассасындағы төрт автобус аялдамадағы қалқандар, Мир көшесіндегі автобус аялдамадағы бір қалқан.

      3. Аққарға ауылы: Абай көшесіндегі қалқан.

      4. Тургенов ауылы: Комсомольская көшесіндегі екі стенд.

      5. Құсақан ауылы: Центральная көшесіндегі қалқан.

      6. Волгоград ауылы: Производственная көшесіндегі қалқан.

      7. Қазірет ауылы: Центральная көшесіндегі қалқан.

      8. Жалтыркөл ауылы: Целинная, Молодежная көшелеріндегі екі қалқан.

      9. Приречный ауылы: Днепропетровская көшесіндегі қалқан, Клубная көшесіндегі стенд.

      10. Милютин ауылы: Степная көшесіндегі екі қалқан.

      11. Мүктікөл ауылы: Ленин көшесіндегі қалқан.

      12. Қондыбай ауылы: Клубная көшесіндегі қалқан.

      13. Забеловка ауылы: Октябрьская, Комсомольская көшелеріндегі екі стенд.

      14. Тимирязев ауылы: Садовая көшесіндегі стенд.

      15. Степной ауылы: Минская, Сабуров көшелеріндегі екі стенд.

      16. Чайковский ауылы: Клубная көшесіндегі стенд, Мир көшесіндегі қалқан.

      17. Шевченковка ауылы: Шевченко, Советская көшелеріндегі екі қалқан.

      18. Тоқтаров ауылы: Школьная көшесіндегі қалқан мен стенд.

      19. Львов ауылы: Центральная көшесіндегі қалқан.

      20. Ырсай ауылы: Школьная, Степная көшелеріндегі екі қалқан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады