Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 770 "2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 310 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қазанда № 4246 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 770 "2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3996 тіркелген, 2013 жылғы 25 қаңтарда "Айна" газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Т. Сұлтановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Исмағұлов

О внесении изменения в постановление акимата Карабалыкского района от 29 декабря 2012 года № 770 "Об определения целевых групп населения на 2013 год"

Постановление акимата Карабалыкского района Костанайской области от 26 сентября 2013 года № 310. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 18 октября 2013 года № 4246

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2006 года № 778 "Об утверждении Правил государственной регистрации нормативных правовых актов", для приведения в соответствие с действующим законодательством акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Карабалыкского района от 29 декабря 2012 года № 770 "Об определении целевых групп населения на 2013 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 3996, опубликовано 25 января 2013 года в газете "Айна") следующее изменение:
      преамбулу указанного постановления изложить в новой редакции:
      "В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и в целях содействия занятости целевых групп населения акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на исполняющего обязанности заместителя акима района Султанова А.Т.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                А. Исмагулов