Ауданның коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 431 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қаңтарда № 4399 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 30.06.2014 № 256 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 31211-баптарына, 18-бабының 22) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө өкіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қарабалық ауданының коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Сұлтановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Исмағұлов

Аудан әкімдігінің        
2013 жылғы 28 қарашадағы № 431 
қаулысымен бекітілген      

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес жасалды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айкындайды.

2. Аудандық коммуналдық меншікке қараусыз қалған жануарлардың түcyi

      2. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке тycyi тапсыру-қабылдау актісі негізінде және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы" (бұдан әрі - бұйрық) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
      Тапсыру-қабылдау актiсi қараусыз қалған жануарларды тапсырған тұлғаның, тиiстi поселке, ауылдық округі, ауыл әкiмi аппаратының (бұдан әрi – әкiм), "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ветеринария бөлiмi) және "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi – қаржы бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру-қабылдау актiсiн қаржы бөлiмiнiң басшысы немесе оны алмастыратын өкiлеттi тұлға бекiтедi.
      Тапсыру–қабылдау актiсiнде мiндеттi түрде аудандық коммуналдық меншiкке түсетiн қараусыз қалған жануарлардың жасы, тұқымы, түр-түсi, жынысы, күйi және саулығы көрсетiлуi тиiс.

3. Қараусыз қалған жануарларды уакытша күтімге алу

      3. Аудандық коммуналдық меншікке түскен қараусыз қалған жануарларды, уақытша күтімге алу үшін, жеке адамдарға, шаруа немесе фермер кожалықтарына немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың қосалқы шаруашылықтарына 6 (алты) айға дейін мерзімге, келісім-шарт негізінде бекітіліп беріледі.
      4. Әкім, қараусыз қалған жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаларды анықтау кезіне, олардың жануарларды күтімге алу жағдайына, алдын – ала зерттеу жүргізеді.
      Қараусыз қалған жануарларды уакытша күтімге алушы тұлғаны анықтау кезінде, міндетті түрде күтімге алатын тұлғаның жануарды бағып - кутетін орын жайының (қорасы, ауласы), құрал - сайманы және бұйымы, тәжірибесінің болуы тиіс.
      Зерттеу қорытындылары қаржы бөліміне жіберіледі.
      5. Қараусыз қалған жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаны қаржы бөлімі белгілейді.
      Әкім жағдайды зерттеген кезде, 5 тармақта көрсетілгенге сәйкес екіден аса жеке немесе заңды тұлғаларға, қараусыз қалған жануарлардың тынығуына, ауысуына, ұйқысына үлкен алаңы бар (қажетті кендік) жағдайда сол жаққа ілтипат білдіреді.
      6. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Азаматтық кодексіне (ерекше бөлігі) сәйкес, қараусыз қалған жануарларды уақытша күтімге алатын жақпен қаржы бөлімі Шарт жасайды.
      7. Қараусыз қалған жануарларды күтімге алу шығыны күтуші тұлғаға қаржы бөлімімен жергілікті бюджет есебінен төленеді. Өтем шығынына, сол жердегі елді мекеннің нарықтық бағасымен белгіленген, зоотехникалық норма негізінде шөптің құны және күтушінің еңбек ақысы кіреді. Күтушінің еңбек ақы мөлшері Қазақстан Республикасы Заңымен ең төменгі жалақы көлемімен белгіленеді.
      8. Қараусыз қалған жануарларды күтімге алған тұлға, олардың өлім – жетімі мен жарамсыздыға кінәлі болған жағдайда, сол қараусыз қалған жануардың құны мөлшерінде, сот тәртібінде материалдық жауапты болады.
      9. Аудандық коммуналдық меншікке түскен қараусыз қалған жануарларды, ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу іс – шаралары ветеринария бөлімінің қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары, жергілікті бюджет есебінен қыржыландырылады.
      10. Қараусыз қалған жануарлар келіп түсу және пайдалануда болған, онда қараусыз қалған жануарларды жекеменшікке сатып алған тұлға бас тартқан кезде, олар аудандық коммуналдық жекеменшікке түседі және осы Қағидаға сәйкес пайдаланады.

4. Қараусыз қалған жануарларды бағалау, есепке алу және бекітіп беру

      11. Аудандық коммуналдық меншікке түскен қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану үшін, оларды аудандық коммуналдық мүлктер тізбесіне енгізу және бағалау (қайта бағалау) жүргізіледі. Тізбеге еңгізу және бағалау (қайта бағалау) жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасына белгіленген тәртіппен қаржы бөлімі жүзеге асырады.
      12. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін, қараусыз қалған жануарларды аудандық әкімдіктің қаулысымен, тиісті аппаратының теңгеріміне бекітіліп беріледі. Теңгерімге алу қабылдау – беру актісі негізінде, бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Қараусыз қалған жануарларды одан әpi пайдалану

      13. Аудандық коммуналдық меншікке түскен қараусыз қалған жануарларды мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланады:
      1) қосалкы шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне өтеусіз беру;
      2) аукцион арқылы сату;
      3) сауда ұйымдары арқылы сату;
      4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен ұй құстарынан баска) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусіз беру.
      14. Аудандық коммуналдық меншікке түскен қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін, әрбір нақты жағдайда аудандық әкімдіктің қаулысымен құрылған комиссия (будан әрі - комиссия) қараусыз қалған жануарларды уақытша күтімге берілген мерзім ішінде шешеді. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

6. Қараусыз қалған жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару

      15. Қараусыз қалған жануарларды аудандық коммуналдық меншікке өткеннен кейін, олардың бұрынғы меншік иесіне келген жағдайда, осы қараусыз жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сакталғаның немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән - жайлар анықталған жағдайда комиссияның келісімімен, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда сот шешімімен қайтарылуға жатады.
      16. Қараусыз қалған жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару, оларды бағуға байланысты шығынды, жергілікті бюджет кірісіне, қараусыз қалған жануарларды пайдаланудан алынған табысты шегере отырып, өтелгеннен кейін жүзеге асырылады.
      17. Қараусыз қалған жануарларды бұрынғы меншік иесіне оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен немесе баска меншік иесіне өтеусіз беріліп кеткен жағдайда қараусыз жануарларды сатудан түскен тусім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұл жағдайда қараусыз қалған жануарларды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшері шегеріледі.
      18. Қараусыз қалған жануарларды қайтару, немесе оның құнын өтеу, бұрынғы меншік иесі мен каржы болімі арасында жасалатын келісім-шартпен рәсімделеді.

7. Қорытынды қағида

      19. Қараусыз қалған жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісінеe толық есептеледі.
      20. Қараусыз қалған жануарларды есепке алумен, бағалаумен, сатумен және өтеусіз берумен байланысты шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады