Сарыкөл ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 мамырдағы № 85 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 маусымда № 4153 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы № 23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 12.05.2016 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл ауданы әкімінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 04-06/449 хатын қарастырып, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Сарыкөл ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 19 қазандағы № 147 "Митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу үшін орындарды және тәртіпті қосымша регламенттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-15 тіркелген, 2005 жылғы 1 желтоқсандағы "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс сессияның төрайымы Б. Шокаева
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Сарыкөл ауданының әкімі
      ____________ А. Тұрсынов

  Сарыкөл аудандық
мәслихатының
2013 жылғы 20 мамырдағы
№ 85 шешіміне қосымша

Сарыкөл ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарының тізбесі

р/с


Өткізу орны

Объектінің атауы

1

2

3

1.
Сарыкөл кенті
Сарыкөл кенті Павших борцов көшесіндегі әмбебап базарының алаңы, Пушкин көшесіндегі аудандық Мәдениет үйі алдындағы алаң
2
Барвин ауылдық
округі
Барвин ауылы Шевченко көшесіндегі "Аманжол-Акро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мәдениет үйінің алдындағы алаң
Новобарвин ауылы Центральная көшесіндегі алаң
3
Веселоподол
ауылдық округі
Веселый Подол ауылы "Стена Славы" жанындағы алаң, Грушко көшесі мен Ленин көшелерінің қиылысы
Ананьев ауылы Павших борцов көшесіндегі алаң
4
Златоуст ауылдық
округі
Златоуст ауылы Целинная көшесіндегі Орталық алаң
Күнтимес ауылы Ш.Уәлиханов көшесіндегі ауылдық клуб ғимараты алдындағы алаң
5
Комсомол ауылдық
округі
Комсомол ауылы Мира көшесіндегі "Современник и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі наубайханасы ғимаратының алдындағы алаң
Ленинское ауылы Наурыз көшесіндегі жеке кәсіпкер В.А. Шевченконың дүкені жанындағы аумақ
Қоскөл ауылы Бәйтерек көшесіндегі элеватор алдындағы алаң
Чапаев ауылы Веселая көшесіндегі ауылдық клуб ғимараты жанындағы алаң
6
Краснознамен
ауылдық округі
Новое ауылы Лесная көшесіндегі Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болғандар ескерткіші жанындағы алаң
Қара-Оба ауылы Центральная көшесіндегі ауылдық клуб ғимараты жанындағы алаң
7
Ленинград ауылдық
округі
Ленинградское ауылы Ленин көшесіндегі В.И.Ленин ескерткіші алдындағы алаң
Қарашілік ауылы Шаттық көшесіндегі ауылдық клуб ғимараты жанындағы алаң
Вишневка ауылы Бәйтерек көшесіндегі ауылдық клуб ғимараты жанындағы алаң
8
Лесной ауылдық
округі
Большие Дубравы ауылы Юбилейная көшесіндегі Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң
Ковалевка ауылы Центральная көшесіндегі алаң
9
Маяк ауылдық
округі
Маяк ауылы 1 Май көшесіндегі Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң
10
Севастополь
ауылдық округі
Севастополь ауылы Центральная көшесі мен Ленин көшелерінің қиылысы
Дубинка ауылы Центральная көшесіндегі алаң
11
Сорочин ауылдық
округі
Сорочинское ауылы Центральная көшесіндегі ауылдық клуб ғимараты алдындағы алаң
Крыловское ауылы Барақ батыр атындағы көшедегі "Арыстан" өндірістік кооперативінің ғимараты алдындағы алаң
Островное ауылы Центральная көшесіндегі "Урицкое орман шаруашылығы мекемесі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғимараты алдындағы алаң
Мелитополь ауылы Центральная көшесіндегі ауылдық дүкен ғимараты жанындағы алаң
12
Тәгіл ауылдық
округі
Тәгіл ауылы Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Павших борцов көшесіндегі саябақ
Ермаков ауылы Центральная және Озерная көшелерінің қиылысы
Соналы ауылы Центральная және Жастар көшелерінің қиылысы
Дудаков ауылы Центральная көшесіндегі алаң
13
Тимирязев ауылдық
округі
Тимирязево ауылы Мира көшесіндегі "Әлия" паркінде
Павлыш-Спасское ауылы Центральная көшесіндегі алаң
14
Чехов ауылдық
округі
Чехов ауылы Чехов көшесіндегі "Сұлу-Ағаш" өндірістік учаскесі кеңсесінің ғимараты алдындағы алаң
Ақшакөл ауылы Садовая көшесіндегі алаң
Анновка ауылы Школьная көшесіндегі алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады