Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы

Жаңартылған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 03 қаңтардағы N 2/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 ақпанда N 3402 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Преамбуласына өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 11.05.2014 N 160/5 ( алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы келісілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. А. Өрсариевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы дін
      істері Агенттігі Павлодар
      облысы дін істері
      департаментінің директоры                  Е. Рахымжанов

Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы 3 қаңтардағы
N 2/1 қаулысына     
қосымша        

Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде
діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуы

Р/сN Елді мекен Мекен-жайы

1

Павлодар қаласы

Сапаржай маңындағы алаң, 1-үй

2

Екібастұз қаласы

Омская көшесі, 31-үй

3

Ақсу қаласы

Сапаржай маңындағы алаң, 1-үй

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады