2013 жылы азаматтарды әскери оқу жиындарына шақыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі N 139/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 мамырда N 3542 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабы 3-тармағына және 33-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" N 620 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 наурыздағы "Әскери міндеттілерді әскери оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы" N 205 қаулысына сәйкес, 2013 жылы азаматтарды әскери оқу жиындарына шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылы Павлодар облысының әскери міндетті азаматтарын әскери оқу жиындарына шақыру ұйымдастырылсын және өткізу қамтамасыз етілсін.
      2. Облыс денсаулық сақтау басқармасы:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы "Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" N 44 қаулысымен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасымен көзделген қажетті шаралардың қолдануын қамтамасыз етсін;
      заңнамамен бекітілген тәртіпте уақытша (тұрақты) жұмыс істейтін медициналық комиссиялардың қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Облыс ішкі істер департаменті (келісім бойынша) өзінің құзыреті шегінде командаларды қалыптастыру және әскери міндеттілердің әскери бөлімдеріне кетуі кезінде облыстық жинақтау пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын қолдансын.
      4. Павлодар станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі (келісім бойынша):
      өзінің құзыреті шегінде теміржол станциясында отырғызу орындарында және әскери оқу жиындарын өту орнына жүру бағытында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастыру шаралар қолдансын.
      5. Облыс мәдениет басқармасы әскери оқу жиындарына шақырылған әскери міндеттілерді салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.
      6. Облыс ішкі саясат басқармасы:
      әскери міндеттілердің әскери оқу жиындарына шақыру және өту туралы іс шаралардың ақпараттық жариялануын ұйымдастырсын;
      облыс қалалары, аудандарының, ауылдық округтерінің аумағында әскери оқу жиындарына азаматтарды шақыру туралы көрнекі түрде үгіттеулер дайындасын және орналастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қалалар мен аудандар әкімдері:
      қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен бөлімдеріне әскери міндеттілердің медициналық куәландырылуы үшін жабдықталған жайларды ұсынсын;
      әскери міндеттілерді әскери оқу жиындарына шақыру және жөнелту кезеңінде медициналық персоналға жұмыс орындарының, атқаратын қызметтері мен орташа еңбекақыларының сақталуын қамтамасыз етсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыс қорғаныс істері жөніндегі
      департаментінің бастығы                    А. Каленов
      2013 жылғы 24 сәуір

      Облыс ішкі істер
      департаментінің бастығы                    С. Құсетов
      2013 жылғы 24 сәуір

      Павлодар станциясындағы
      ішкі істер желілік
      бөлімінің бастығы                          А. Нағыманов
      2013 жылғы 25 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады