Павлодар қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы "Жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібін бекіту туралы" N 361/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 12 тамыздағы N 1042/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 қыркүйекте N 3600 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы N 1386/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 22.10.2013 N 1386/5 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын бекіту туралы" N 821 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы "Жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібін бекіту туралы" N 361/2 қаулысына (2013 жылғы 18 сәуірдегі N 3504 Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізлімінде тіркелген, 2013 жылғы 22 сәуірдегі N 15 "Версия", 2013 жылғы 3 мамырдағы N 16, 2013 жылғы 17 мамырдағы N 13, 2013 жылғы 24 мамырдағы N 18, 2013 жылғы 31 мамырдағы N 19 "Шаһар" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде "31-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына" сөздері "31-бабы 2-тармағына" сөздерімен ауыстырылсын;
      қосымшаның 2-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Өтініш беруші – "Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" Бағдарламасының бағыты бойынша тұрғын үйді кейіннен сатып алумен жалға алуға өтінім берген Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман мәртебесі бар тұлға";
      10) тармақша алынып тасталсын;
      4-тармақта 2 абзац жолында "өтінішті қабылдау мерзімін" сөздерінен кейін "күнтізбелік 30 күндік мерзімінен аспайтын уақытқа" сөздерімен толықтырылсын.
      5-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған болуы не балаларды (баланы) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір (тұл ер) ата-ананың біреуі тәрбиелеп отырған толық емес отбасы болуы;";
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Қазақстан Республикасының азаматтығы не оралман мәртебесінің болуы.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Құжаттарды қабылдауды бастау белгіленген күннен бастап өтініш берушілер уәкілетті органға осы Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш және осы Тәртіптің 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды береді.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы, сонымен бірге соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактілерінің болмауын тексеру және өтініш берушілердің келесі параметрлер бойынша баллдарды есептеу бойынша жұмыс жүргізіледі:
      1) тіркелген некенің әрбір жылы үшін – 5 балл;
      2) тұңғыш бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл;
      3) мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл;
      4) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған үміткерлер үшін – қосымша 5 балл;
      5) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл.
      Есептелген баллдар туралы өтініш берушілерге осы Тәртіптің 4-қосымшасына сәйкес хабарлама беріледі.
      Жалға берілетін тұрғын үйді тарату үшін өтініш берушілердің іріктеуде алынған баллдардың ең көп саны бойынша жүзеге асырылады.";
      8-тармақта "сонымен бірге Банкке жіберіледі" сөздері алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Банктан төлем қабілеттілігін растау туралы хабарламаны берген өтініш берушілер, жолдама берілген күннен екі ай аспайтын мерзімінде Жалдаушылардың тізіміне қосылады.";
      N 1-қосымшада 7 бөлім жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік деректемелері

      Жалға берушінің деректемелері     Жалға алушының деректемелері
      ____________________________      ____________________________
      ____________________________      ____________________________
      ____________________________      ____________________________
      ____________________________      ____________________________

      N 3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" бағыты бойынша
"Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасына қатысуға
өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі

      1. Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің/Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаттарын нотариалды куәландырылған көшірмелері, оралманның нотариалды куәландырылған куәлігінің көшірмелері;
      2. Кәмелетке толмаған балаларының тууы туралы куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3. Некеге тұру (некені бұзу, ерінің/жұбайының қайтыс болғаны туралы куәліктің) туралы куәліктің      нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4. Азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе өтініш беретін елді мекенде тұратындығын растайтын анықтама;
      5. Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің өтініш беретін мекенде меншік құқығында тұрғын үй жоқ екендігін, сонымен бірге жұбайлардың және олардың отбасы мүшелерінің өтініш беретін елді мекенде соңғы 5 жылдың ішінде тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату деректерінің болмауын растайтын құжат;
      6. Өтініш берердің алдындағы соңғы 6 ай үшін отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте:
      а) ең төменгі – төменгі күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшері;
      б) ең жоғарғы – төменгі күнкөріс деңгейінің 12 есе мөлшерінен артық еместігін растайтын құжат;
      7. Мүгедектігі туралы анықтама әлде созылмалы аурумен ауыратынын растайтын анықтама (қажет болған жағдайда);
      8. Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың мәліметін куәландыратын құжаттар (қажет болған жағдайда);"

      N 4-қосымша жаңа редакцияда жазылсын:

      "N ______ ________(күні)              Адресат:______________

ХАБАРЛАМА

      "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламаны (бұдан әрі – Бағдарлама) орындау үшін Сізбен жиналған баллдардың саны туралы хабарлаймыз.
      Өтінішті беру күні: ________
      Тіркеу журнал бойынша кіріс нөмірі: _______
      Санаты: жас отбасы
      Отбасының құрамы:_____



Баллдардың саны

Некеге тіркелген мерзімі



Балалардың саны



Мүгедек болып табылатын немесе отбасында созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін



Бағдарламаға қатысып, бірақ алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған



Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы



Жалпы балл



      Жалға берілетін тұрғын үйді тарату үшін өтініш берушілердің іріктеуде алынған баллдардың ең көп саны бойынша жүзеге асырылады, Сізбен жиналған баллдардың саны - ___ баллды құрады.
      Баллдардың есебін жасады: (қолы) Т.А.Ж.

      Уәкілетті органның басшысы
      немесе хабарламаға қол қою құқығына
      уәкілеттік берілген қызметкерлер ___________
                                          (қолы)

      Таныстым, шағымдарым жоқ
      бір данасын алдым (күні, қолы) Т.А.Ж.";

      N 5-қосымша жаңа редакцияда жазылсын:

      "N ______ ________(күні)
                                          Адресат:______________
                                         ("Қазақстанның тұрғын үй
                                          құрылыс жинақ банкі" АҚ
                                          филиалының атауын көрсету)

"Жас отбасылар үшін тұрғын үй" бағыты бойынша "Қолжетімді
тұрғын үй - 2020" бағдарламасы шеңберінде өткізілетін өтініш
берушілердің төлем қабілеттігін бағалау үшін ЖОЛДАМА

      Осымен уәкілетті орган _______________________________________
      азамат(-ша)___________________________________________________
      ЖИН ______________
      жеке куәлігінің N ____ жылғы _______________________ берілген,
      "Жас отбасылар үшін тұрғын үй" бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасының қатысушысы болып табылатындығын растайды және келесі сипаттамаларымен кейінгі тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға беру үшін төлем қабілеттігінің бағалауын өткізуді өтінеді:
      Құрылыс объектісінің мекенжайы:
      Пәтерде бөлмелердің саны:
      1 ш.м. құны ______теңге;
      Пәтердің жалпы ауданы ______ш.м.
      Пәтердің жалпы құны _____теңге
      Отбасы құрамы ________адам

      Уәкілетті органның басшысы
      немесе хабарламаға қол қою құқығына
      уәкілеттік берілген қызметкерлер ___________
                                         (қолы)

      Орын.________
      тел.: ________".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласы әкімінің
      міндетін атқарушысы                        Е. Иманслям

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 19 марта 2013 года N 361/2 "Об утверждении порядка отбора участников Программы "Доступное жилье - 2020" по направлению - жилье по линии жилищного строительного сберегательного банка Казахстана для молодых семей и очередности предоставления им жилья"

Постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 12 августа 2013 года N 1042/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 13 сентября 2013 года N 3600. Утратило силу постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 22 октября 2013 года N 1386/5

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 22.10.2013 N 1386/5.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2012 года N 821 "Об утверждении Программы "Доступное жилье - 2020" акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Павлодара от 19 марта 2013 года N 361/2 "Об утверждении порядка отбора участников Программы "Доступное жилье - 2020" по направлению - жилье по линии жилищного строительного сберегательного банка Казахстана для молодых семей и очередности предоставления им жилья" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 18 апреля 2013 года за N 3504, опубликован в газетах "Версия" от 22 апреля 2013 года N 15; "Шаһар" 03 мая 2013 года N 16, 17 мая 2013 года N 13, 24 мая 2013 года N 18, 31 мая 2013 года N 19) следующие изменения и дополнения:
      в преамбуле слова "подпунктом 12) пункта 1 статьи 31" заменить словами "пунктом 2 статьи 31";
      в пункте 2 приложения:
      подпункт 2 изложить в следующей редакции:
      "2) Заявитель – гражданин Республики Казахстан либо лицо, имеющее статус оралмана, подавший заявку на аренду жилья с последующим выкупом по направлению Программы "Жилье для молодых семей";
      подпункт 10 исключить;
      в пункте 4 в абзаце 2 после слов "продлить сроки приема заявлений" дополнить словами "на срок не более 30 календарных дней";
      в пункте 5:
      подпункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1) возраст обоих супругов не достиг 29 лет на момент подачи заявления на участие в Программе либо неполная семья, в которой детей (ребенка) воспитывает один из родителей, не достигший возраста 29 лет, в том числе разведенный, вдовый;";
      дополнить подпунктом 8) следующего содержания:
      "8) гражданство Республики Казахстан либо статус оралмана.";
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      "6. С установленной даты начала приема документов, заявители предоставляют в уполномоченный орган по реализации жилья письменные заявления по форме согласно приложению N 2 и документы в соответствии с приложением N 3 к настоящему Порядку.";
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. После завершения приема заявлений в срок не более 3 (трех) месяцев производится работа по проверке отсутствия жилья на праве собственности, а также фактов преднамеренного ухудшения жилищных условий супругами, членами их семьи за последние 5 лет и подсчет баллов заявителей по следующим параметрам:
      1) за каждый год зарегистрированного брака – 5 баллов;
      2) за первого ребенка – 20 баллов, за каждого второго и последующего ребенка – 30 баллов;
      3) за каждого из членов семьи, являющегося инвалидом или страдающего тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, согласно перечню, утвержденному Правительством Республики Казахстан – 10 баллов;
      4) претендентам, не включенным в список на построенный дом при предыдущих отборах в рамках государственных программ – дополнительно 5 баллов;
      5) за каждого из супругов, относящихся к категории детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявших родителей до совершеннолетия - 10 баллов.
      О начисленных баллах заявителям выдается уведомление согласно приложению N 4 к настоящему Порядку.
      Отбор заявителей для распределения арендного жилья осуществляется по наибольшему количеству набранных баллов.;
      в пункте 8 слова "а также передаются в Банк" исключить;
      в пункте 12 изменения касаются только текста на государственном языке;
      в приложении N 1 раздел 7 изложить в новой редакции:

"7. Юридические адреса и банковские реквизиты сторон

      Реквизиты Арендодателя          Реквизиты Арендатора
      _____________________           ____________________
      _____________________           ____________________
      _____________________           ____________________
      _____________________           ____________________

      приложение N 3 изложить в следующей редакции:

"Перечень документов, прилагаемых к заявлению
на участие в программе "Доступное жилье — 2020"
по направлению "Жилье для молодых семей"

      1. Нотариально засвидетельствованные копии удостоверений личности/паспортов гражданина Республики Казахстан заявителя и членов его семьи, нотариально засвидетельствованные копии удостоверений оралманов;
      2. Нотариально засвидетельствованные копии свидетельств о рождении несовершеннолетних детей;
      3. Нотариально засвидетельствованная копия свидетельства о заключении брака (расторжении брака, свидетельства о смерти супруга/супруги);
      4. Нотариально засвидетельствованная копия книги регистрации граждан (домовая книга) или справка, подтверждающая проживание в населенном пункте, где подается заявление;
      5. Документ, подтверждающий отсутствие у заявителя и членов его семьи жилья на праве собственности в населенном пункте, в котором подается заявление, а также отсутствие фактов преднамеренного ухудшения жилищных условий супругов и членов их семьи в течение последних 5-ти лет в населенном пункте, в котором подается заявление;
      6. Документ, подтверждающий ежемесячный совокупный чистых доход семьи (за минусом пенсионных отчислений, индивидуального подоходного налога и других отчислений) за последние 6 месяцев перед подачей заявлений в пределах:
      а) минимальный — 3-х кратный размер прожиточного минимума;
      б) максимальный — не более 12-кратного размера прожиточного минимума;
      7. Справка об инвалидности или подтверждающая о тяжелой форме хронического заболевания (при необходимости);
      8. Документы, подтверждающие сведения супругов, относящихся к категории детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявших родителей до совершеннолетия (при необходимости).";

      приложение N 4 изложить в новой редакции:

      "N ______ ________(дата) Адресат:______________

УВЕДОМЛЕНИЕ

      Во исполнение программы "Доступное жилье — 2020" (далее - Программа), сообщаем Вам о количестве начисленных Вам баллов.
      Дата подачи заявления: ________
      Входящий номер по журналу регистрации: ___
      Категория: молодая семья
      Состав семьи: ___



Количество баллов

Период зарегистрированного брака



Количество детей



Наличие в семье инвалидов или страдающих тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний



Участвовал в государственных программах, но не был включен в список на построенный дом при предыдущих отборах



Каждый из супругов относился к категории детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявших родителей до совершеннолетия



Общий балл



      Отбор заявителей для распределения арендного жилья осуществляется по наибольшему количеству набранных баллов, где количество набранных Вами баллов составляет - ___ баллов.
      Расчет баллов составил: (подпись) Ф.И.О.

      Руководитель уполномоченного органа
      или работники, уполномоченные им
      на право подписи уведомлений _________________
                                        (подпись)

      Ознакомлен(а), претензий не имею,
      один экземпляр получил(а) (дата и подпись) Ф.И.О.";

      приложение N 5 изложить в новой редакции:

      N ______ ________(дата)
                                   Адресат:______________
                               (указать наименование филиала
                               АО "Жилстройсбербанк Казахстана")

НАПРАВЛЕНИЕ для оценки платежеспособности заявителя,
проводимой в рамках программы "Доступное жилье - 2020"
по направлению "Жилье для молодых семей"

      Настоящим уполномоченный орган _______________________
      подтверждает, что
      гражданин (ка) ______________________
      ИИН:_______________________________
      удостоверение личности N ________ выдано______________
      является участником программы "Доступное жилье-2020" по направлению "Жилье для молодых семей" и просит провести оценку платежеспособности для предоставления в аренду с правом последующего выкупа жилья со следующими характеристиками:
      Адрес объекта строительства:_________________
      Количество комнат в квартире:________________
      Стоимость 1 кв.м.:_________тенге
      Общая площадь квартиры:_______кв.м.
      Общая стоимость квартиры:__________тенге
      Состав семьи: ____ чел.

      Руководитель уполномоченного органа
      или работники, уполномоченные им
      на право подписи направлений _________________
                                         (подпись)

      Исп.________
      тел.:________".
      2. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Павлодара.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима города Павлодара                     Е. Иманслям