Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі N 2/302 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 сәуірде N 978 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы N 2/328 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 06.05.2014 N 2/328 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов

Енгізуші:

Алматы қаласы Сәулет және қала
құрылысы басқармасының бастығы               Ғ. Садырбаев

Келісілді:

Алматы қаласы
әкімінің орынбасары                          Б. Сауранбаев

Мемлекеттік қызметтерді көрсету
сапасының сақталуын бақылау
бөлімінің меңгерушісі                        М. Сүйіндіков

Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің меңгерушісі                    А. Қасымова

Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 1 сәуірдегі
№ 2/302 қаулысымен бекітілген

«Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы
орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет
көрсету регламенті

1. Негізгі түсініктер

      1. Осы Регламентте төмендегі негізгі түсініктер пайдаланылады:
      1) жарнама – кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын, тұлғалардың белгісіз аясына және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауарлық белгілерге, жұмыстарға қызығушылық қалыптастыру немесе қолдау көрсету және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасауға арналған ақпарат;
      2) сыртқы (көрнекі) жарнама – жылжымалы және жылжымайтын нысандарда орналасқан, сондай-ақ елді мекендердегі жайлардан тыс ашық кеңістіктегі жарнама;
      3) елді мекен – Алматы қаласы;
      4) жергілікті атқарушы орган – Алматы қаласы әкімдігі.

2. Жалпы ережелер

      2. «Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламенті елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру және ресімдеу рәсімін анықтайды (әрі қарай – Мемлекеттік қызмет).
      Аталған регламент «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді.
      3. Мемлекеттік қызметті Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма) көрсетеді, мекенжайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 (байланыс мәліметтері осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген).
      Мемлекеттік қызмет балама негізде осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мекенжайда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (әрі қарай - ХҚКО) арқылы көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 528-531 баптары, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру Ережелерін бекіту туралы», 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулылары негізінде көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін Мемлекеттік қызметтің нәтижесі елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрі - Рұқсат) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) осы көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсында: www.almaty.kz
      2) ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
      3) Басқарманың ғимараттарында орнатылған стенділерде;
      4) ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
      5) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
      ХҚКО тізбесі осы Регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
      1) Басқармаға жүгінген кезде:
      Басқарманың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліспен, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда 9.00- 13.00 және 14.00 – 18.00 дейін күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
      2) ХҚКО жүгінген кезде:
      ХҚКО-ның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбі аралығында көрсетіледі.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш Басқарманың жауапты қызметкеріне тапсырылады.
      ХҚКО құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы көрсетіледі, онда «терезелердің» мақсаты және орындайтын қызметтері, сондай-ақ құжатты қабылдайтын ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      Басқармаға жүгінген кезде:
      1) өтініш берген сәттен бастап – бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік қызметті алушыға елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға Рұқсат немесе жазбаша дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі;
      2) өтінішті тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
      3) Рұқсат алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
      ХҚКО жүгінген кезінде:
      1) Рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
      3) Рұқсат алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
      12. Осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттардың нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес болмауы мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде бас тартудың негіздемесі болып табылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде іс-қимыл
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      13. Осы регламенттің 14 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде Басқарма немесе ХҚКО мемлекеттік алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.
      14. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін Басқармаға немесе ХҚКО келесі құжаттарды ұсыну қажет:
      1) мыналарды көрсете отырып, еркін нысандағы жазбаша өтінішті:
      жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы (телефоны, факсы – болған жағдайда), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);
      заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, басшының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы (телефоны, факсы – болған жағдайда), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес - сәйкестендіру нөмірін (БСН) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің мақсаты мен негізгі параметрлерін;
      өтініш берушінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру орнын негіздеу арқылы оның болжамды орналасқан жерінің мекенжайын;
      2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектісіне құқық белгілейтін құжаттың немесе кондоминиум объектілерін басқару органдары немесе өтініш берушінің өзге де заттық құқықтарға ие адамдардың сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен) бекітілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
      3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түнгі бейнеленуін құрайтын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдерін ұсынады.
      15. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары: Басқарма және ХҚКО мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушының өтінішін алу сәтінен бастап Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сәтіне дейін Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      Басқармаға жүгінген кезде:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Басқармаға өтініш береді;
      2) Басқарманың жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, тіркеу журналына тіркейді және құжаттарды алу жөнінде растау қағаз береді;
      3) Басқарманың жауапты маманы Рұқсатты ресімдейді. Мемлекеттік қызметтен бас тартуға негіздеме бар болса, бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімдейді;
      4) Басқарма басшысы рұқсатқа қол қояды және Басқарманың жауапты маманына береді;
      5) Басқарманың жауапты маманы Рұқсатты қабылдайды, тіркейді және мемлекеттік қызметті алушыға береді.
      ХҚКО жүгінген кезде:
      1) Мемлекеттік қызмет алушы ХҚКО өтініш береді;
      2) ХҚКО инспекторы өтінішті тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды қабылдайды, құжаттарды алу жөнінде растау қағазын береді, және штрих-код сканерінің көмегімен белгілеп Басқармаға жолдайды;
      3) Басқарма кеңсесінің қызметкері қабылданған құжаттардың тіркеуін жүргізеді және басшының қарауына береді;
      4) Басқарма басшысы тіркелген құжаттары бар өтінішті Басқарманың жауапты маманына жібереді;
      5) Басқарманың жауапты маманы құжаттарды қабылдайды және тіркейді;
      6) Басқарманың жауапты маманы Рұқсатты ресімдейді. Мемлекеттік қызметтен бас тартуға негіздеме бар болса, бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімдейді;
      7) Басқарма басшысы Рұқсатқа немесе Мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және Басқарманың жауапты маманына жібереді;
      8) Басқарманың жауапты маманы Рұқсатты тіркейді және ХҚКО жолдайды;
      9) Басқармадан Мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау барысында ХҚКО келіп түскен құжаттарды штрих-код сканерінің көмегімен белгілейді;
      10) ХҚКО мемлекеттік қызметті алушыға Рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      Басқарма бастығы мен ХҚКО директорының қабылдау және жұмыс кестесі олардың жұмыстарының кестелеріне сәйкес белгіленеді.
      Басқарманың және ХҚКО байланыс телефондары, мекенжайы, оның ішінде электронды мекен-жайы осы Регламенттің 12 қосымшаларда көрсетілген.

5. Шағымдану тәртібі

      17. Басқарманың лауазымды адамының немесе ХҚКО қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы Басқарманың немесе ХҚКО-ның басшылығына жүгінеді.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      18. Басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Алматы қаласы әкімінің атына беріледі.
      19. Шағым осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жай бойынша Басқарманың кеңселерінде пошта бойынша немесе қолма-қол жазбаша түрде қабылданады.
      20. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда:
      1) ХҚКО қызметкеріне осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетiлген мекен-жайлар мен телефондар арқылы ХҚКО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекен-жайы бойынша шағым беріледі;
      2) Басқарманың қызметкеріне осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша Басқарма басшысының атына шағым беріледі.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      22. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
      23. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымын шағымды қабылдаған адамның қабылдағанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
      24. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғалардың жауапкершілігі

      25. Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсететін тұлғалар, мемлекеттік қызметті көрсету барысында қабылданған шешімдер, әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін жауапты болады.

«Алматы қаласында сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентінің
1 қосымшасы

«Алматы қаласында сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет
көрсету бойынша уәкілетті органның байланыс мәліметтері

Уәкілетті органның атауы Орналасқан жері Мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты тұлғасы Байланыс телефоны Жұмыс кестесі

«Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы Абылай хан, 91

«Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

8-727-279-58-24,факс 279-56-32

Күнделікті 9.00-18.00 дейін, 13.00-14.00 түскі үзіліспен, демалыс (сенбі, жексенбі) және мейрам күндерінен басқа

«Алматы қаласында сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентінің 2 қосымшасы

Алматы қаласы халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі

«Алматы қаласы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Жандосов көшесі, 51

8 (727) 247-16-28

Әуезов ауданының бөлімі

Жандосов көшесі, 51

8 (727) 247-16-27

Алмалы ауданының бөлімі

Бөгенбай батыр көшесі, 221

8 (727) 378-09-09

Алатау ауданының бөлімі

Шаңырак-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр көшесі, 24

8 (727) 395-36-10

Бостандық ауданының бөлімі

Алмагүл ықшам ауданы, 9 а

8 (727) 396-37-00

Жетісу ауданының бөлімі

Төле би көшесі, 155

8 (727) 330-72-43

Медеу ауданының бөлімі

Марков көшесі, 44

8 (727) 239-65-52

Түрксіб ауданының бөлімі

Рихард Зорге көшесі, 9

8 (727) 234-09-74

Об утверждении регламента государственной услуги по выдаче разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы

Постановление акимата города Алматы от 1 апреля 2013 года N 2/302. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 29 апреля 2013 года за N 978. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 6 мая 2014 года N 2/328

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 06.05.2014 N 2/328 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 cтатьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах», акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги по выдаче разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы.
      2. Управлению архитектуры и градостроительства города Алматы обеспечить размещение настоящего постановления на официальном интернет-реcурсе акимата города Алматы.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Б. Сауранбаева.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы             А. Есимов
 
 

Вносит:
Начальник Управления
архитектуры и градостроительства
города Алматы                       Г. Садырбаев

Согласовано:
Заместитель акима
города Алматы                       Б. Сауранбаев

Заведующий отделом контроля за
соблюдением качества предоставления
государственных услуг               М.Суюндуков

Заведующая юридическим
отделом аппарата акима
города Алматы                       А.Касымова

Утвержден
постановлением акимата города Алматы
от 1 апреля 2013 года № 2/302

Регламент государственной услуги
«Выдача разрешения на размещение наружной
(визуальной) рекламы в городе Алматы»

1. Основные понятия

      1. В настоящем Регламенте используются следующие основные понятия:
      1) реклама - распространяемая и размещаемая в любой форме, с помощью любых средств информация, предназначенная для неопределенного круга лиц и призванная формировать или поддерживать интерес к физическому или юридическому лицу, товарам, товарным знакам, работам, услугам и способствовать их реализации;
      2) наружная (визуальная) реклама - реклама, размещенная на движимых и недвижимых объектах и на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах;
      3) населенный пункт – город Алматы;
      4) местный исполнительный орган – акимат города Алматы.

2. Общие положения

      2. Настоящий Регламент государственной услуги «Выдача разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы» определяет процедуру оформления и выдачи разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы в населенном пункте (далее – Государственная услуга).
      Настоящий Регламент устанавливает требования к обеспечению соблюдения стандарта государственной услуги «Выдача разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения, а также в населенных пунктах».
      3. Государственная услуга оказывается коммунальным государственным учреждением «Управление архитектуры и градостроительства города Алматы» (далее - Управление), расположенным по адресу: город Алматы, улица Абылай хана, 91 (контактные данные указаны в приложении 1 к настоящему Регламенту).
      Государственная услуга оказывается на альтернативной основе через центры обслуживания населения (далее – ЦОН), указанных по адресу согласно приложению 2 к настоящему Регламенту.
      4. Форма оказываемой Государственной услуги: не автоматизированная.
      5. Государственная услуга оказывается на основании статей 528531 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» от 10 декабря 2008 года, Закона Республики Казахстан «О рекламе» от 19 декабря 2003 года, постановлений Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 121 «Об утверждении Правил размещения объектов наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах», от 16 октября 2012 года № 1315 «Об утверждении стандартов государственных услуг Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и местных исполнительных органов в сфере автомобильных дорог и внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 1998 года № 845 «О совершенствовании правового обеспечения дорожного хозяйства» и от 20 июля 2010 года № 745 «Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам».
      6. Результатом оказываемой государственной услуги является выдача разрешения на размещение объекта наружной (визуальной) рекламы в населенном пункте (далее - Разрешение)  либо мотивированный ответ об отказе в выдаче разрешения.
      7. Полная информация о порядке оказания Государственной услуги располагается:
      1) на интернет-ресурсе местного исполнительного органа: www.almaty.kz;
      2) на интернет-ресурсе ЦОН: www.con.gov.kz;
      3) на стендах, расположенных в помещениях Управления;
      4) на стендах, расположенных в помещениях ЦОН;
      5) в call-центре «электронного правительства» 1414.
      Перечень ЦОН указан в приложении 2 к настоящему Регламенту.
      8. Государственная услуга оказывается бесплатно.
      9. Государственная услуга оказывается физическим и юридическим лицам (далее – Получатель государственной услуги).

3. Порядок оказания Государственной услуги

      10. Государственная услуга предоставляется:
      1) при обращении в Управление:
      ежедневно с понедельника по пятницу включительно, за исключением выходных и праздничных дней, в соответствии с установленным графиком работы Управления с перерывом на обед с 9.00 до 13.00 часов и с 14.00 до 18.00 часов.
      Прием документов осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания;
      2) при обращении в ЦОН:
      ежедневно с понедельника по субботу включительно, за исключением воскресенья и праздничных дней, в соответствии с установленным графиком работы ЦОН с 9.00 до 20.00 часов, без перерыва на обед.
      Прием осуществляется в порядке «электронной» очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      Заявление с приложением всех необходимых документов сдается ответственному сотруднику Управления.
      В ЦОН прием документов осуществляется посредством «окон», на которых размещается информация о предназначении и выполняемых функциях «окон», а также указывается фамилия, имя, отчество и должность инспектора ЦОН, который принимает документы.
      11. Сроки оказания Государственной услуги:
      при обращении в Управление:
      1) с момента подачи заявления – в течение пяти рабочих дней получателю государственной услуги выдается Разрешение на размещение наружой (визуальной) рекламы в населенном пункте, либо письменный мотивированный отказ;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче заявления - не более 20 минут;
      3)максимально допустимое время ожидания в очереди при получении  разрешения - не более 20 минут;
      при обращении в ЦОН:
      1) выдача Разрешения осуществляется в течение пяти рабочих дней (день приема и выдачи документов не входит в срок оказания государственной услуги);
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче необходимых документов - не более 20 минут;
      3) максимально допустимое время ожидания в очереди при получении разрешения – не более 20 минут.
      12. Основанием для отказа в предоставлении государственной услуги является несоответствие документов указанных в пункте 14 настоящего Регламента, требованиям, установленным нормативно-техническими документами.

4. Описание порядка действий (взаимодействия)
в процессе оказания Государственной услуги

      13. При сдаче документов, указанных в пункте 14 настоящего Регламента Управлением или ЦОН получателю государственной услуги выдается расписка о приеме соответствующих документов с указанием:
      1) номера и даты приема запроса;
      2) вида запрашиваемой государственной услуги;
      3) количества и названий приложенных документов;
      4) даты (время) и места выдачи документов;
      5) фамилии, имени, отчества должностного лица, принявшего заявление на оказание государственной услуги.
      14. Для получения государственной услуги на размещение объекта наружной (визуальной) рекламы  в населенном пункте необходимо предоставить в Управление или ЦОН следующие документы:
      1) письменное заявление в произвольной форме с указанием:
      фамилии, имени, отчества, почтового адреса (при наличии - телефона, факса) заявителя, регистрационного номера налогоплательщика (РНН) или индивидуального идентификационного номера (ИИН) - для физических лиц;
      наименования организации, сведений о государственной регистрации юридического лица, фамилии, имени, отчества руководителя, почтового адреса (при наличии - телефона, факса), регистрационного номера налогоплательщика (РНН) или бизнес-идентификационного номера (БИН) - для юридических лиц;
      назначения и основные параметры объекта наружной (визуальной) рекламы;
      адреса предполагаемого местоположения объекта наружной (визуальной) рекламы с обоснованием выбранного заявителем места его размещения.
      2) нотариально засвидетельствованная копия правоустанавливающего документа на земельный участок или объект, на который предлагается разместить объект наружной (визуальной) рекламы либо договор о размещении объекта наружной (визуальной) рекламы, заключенный заявителем с собственником (собственниками) объекта, на который предлагается разместить объект наружной (визуальной) рекламы, органом управления объектом кондоминиума или лицами, обладающими иными вещными правами;
      3) эскиз, включающий дневное и ночное изображение объекта наружной (визуальной) рекламы, объекта, на который предлагается разместить объект наружной (визуальной) рекламы, решения по инженерному обеспечению функционирования объекта наружной (визуальной) рекламы.
      15. Требования к информационной безопасности: Управление и ЦОН обеспечивают сохранность, защиту и конфиденциальность информации о содержании документов получателя государственной услуги.
      16. Этапы оказания государственной услуги с момента получения заявления от получателя государственной услуги для получения государственной услуги и до момента выдачи результата государственной услуги:
      при обращении в Управление:
      1) получатель государственной услуги подает заявление в Управление;
      2) ответственный специалист Управления принимает документы, регистрирует их в журнале регистрации и выдает подтверждение о получении документов;
      3) ответственный специалист Управления оформляет Разрешение. Если есть основание для отказа в предоставлении Государственной услуги, оформляет мотивированный ответ об отказе;
      4) руководитель Управления подписывает разрешение и выдает ответственному специалисту Управления;
      5) ответственный специалист Управления принимает, регистрирует Разрешение и выдает получателю государственной услуги;
      при обращении в ЦОН:
      1) получатель Государственной услуги подает заявление в ЦОН;
      2) инспектор ЦОН проводит регистрацию заявления, принимает документы, выдает подтверждение о получении документов, фиксирует при помощи сканера штрих-кода и направляет в Управление;
      3) сотрудник канцелярии Управления проводит регистрацию полученных документов и передает на рассмотрение руководителю;
      4) руководитель Управления отписывает заявление с приложенными документами ответственному специалисту Управления;
      5) ответственный специалист Управления принимает и регистрирует документы;
      6) ответственный специалист Управления оформляет разрешение. Если есть основание для отказа в предоставлении Государственной услуги, оформляет мотивированный ответ об отказе;
      7) руководитель Управления подписывает разрешение либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении  государственной услуги и отписывает ответственному специалисту Управления;
      8) ответственный специалист Управления регистрирует разрешение и направляет в ЦОН;
      9) при приеме готового результата Государственной услуги от Управления, ЦОН фиксируется поступившие документы при помощи сканера штрих-кода;
      10) ЦОН выдает получателю государственной услуги разрешение либо  мотивированный отказ.
      График работы и приема руководителя Управления и директора ЦОН определяется в соответствии с графиками их работы.
      Контактные телефоны, адреса, в том числе электронные данные, Управления и ЦОН указаны в приложениях 12 к настоящему регламенту.

5. Порядок обжалования

      17. Для разъяснения порядка обжалования действий (бездействия) должностного лица Управления или работника ЦОН и оказания содействия в подготовке жалобы получатель государственной услуги обращается к руководству Управления или ЦОН по адресам и телефонам, указанным в приложениях 1 и 2 к настоящему регламенту.
      Информацию о порядке обжалования можно получить по телефону информационно-справочной службы call-центра «электронного правительства» 1414.
      18. Жалоба, в случае несогласия с результатом оказанной государственной услуги, оказываемой Управлением, подается на имя акима города Алматы.
      19. Жалобы принимаются в письменном виде по почте или нарочно в канцелярии Управления по адресу, указанному в приложении 1 к настоящему Регламенту.
      20. В случае некорректного обслуживания:
      1) работником ЦОН, жалоба подается на имя руководителя ЦОН по адресам и телефонам, указанным в приложении 2 к настоящему Регламенту, либо по адресу: 010000, город Астана, проспект Республики, дом № 43 «А», телефон: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz;
      2) сотрудником Управления, жалоба подается на имя руководителя Управления, по адресу и телефонам, указанным в приложении 1 к настоящему Регламенту.
      21. В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги, получатель государственной услуги имеет право обратиться в суд в установленном законодательством порядке.
      22. Жалобы подаются в произвольном виде на бумажном носителе по почте.
      23. Получателю государственной услуги в подтверждение о принятии его жалобы лицом, принявшим жалобу, выдается талон, в котором указываются номер, дата, фамилия лица, принявшего жалобу, с указанием контактных данных, а также срок и место получения ответа, контактных данных должностных лиц, у которых можно узнать о ходе рассмотрения жалобы.
      24. Дополнительную информацию о государственной услуге можно получить по телефону информационно-справочной службы call-центра «электронного правительства» 1414.

6. Ответственность лиц, оказывающих
Государственную услугу

      25. Лица, оказывающие государственную услугу, за принимаемые ими решения, действия (бездействия) в ходе оказания государственной услуги, несут ответственность в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

Приложение 1
к Регламенту государственной услуги
«Выдача разрешения на размещение наружной
(визуальной) рекламы в городе Алматы»

Контактные данные уполномоченного органа по
оказанию государственной услуги «Выдача
разрешения на размещение наружной (визуальной)
рекламы в городе Алматы»

Наименование
уполномоченного
органа
Место-
распо-
ложение
Ответст-
венное
лицо за
оказание
государ-
ственной
услуги
Кон-
тактный
телефон
График
работы

Коммунальное
государственное
учреждение
«Управление
архитектуры и
градостроитель-
ства города
Алматы»

город Алматы, улица Абылай хана, 91

Руководи-
тель Ком-
мунального
государ-
ственного
учреждения
«Управле-
ние архи-
тектуры и
градостро-
ительства
города
Алматы»

8-727-     29-58-24,
факс
279-56-32

Ежеднев-
но с
9.00 до
18.00
часов, с
переры-
вом на
обед с
13.00 до
14.00
часов,
кроме
выходных
(суб-
бота, воскре-
сенье) и
празд-
ничных
дней

Приложение 2
к Регламенту государственной услуги
«Выдача разрешения на размещение наружной
(визуальной) рекламы в городе Алматы»

Перечень
центров обслуживания населения города Алматы

Филиал РГП «ЦОН по городу Алматы»

улица Джандосова, 51

8 (727) 247-16-28

отдел Ауэзовского района

улица Джандосова, 51

8 (727) 247-16-27

отдел Алмалинского района

улица Богенбай батыра, 221

8 (727) 378-09-09

отдел Алатауского района

мкр. Шанырак-2, улица Жанкожа батыра, 24

8 (727) 395-36-10

отдел Бостандыкского района

мкр. Алмагуль,9 а

8 (727) 396-37-00

отдел Жетысуского района

улица Толе би, 155

8 (727) 330-72-43

отдел Медеуского района

улица Маркова, 44

8 (727) 239-65-52

отдел Турксибского района

улица Рихарда Зорге, 9

8 (727) 234-09-74