Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімінің 2013 жылғы 13 қарашадағы N 12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 желтоқсанда N 2415 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 2014 жылғы 4 мамырда N 7.1.8-12/184 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 4.05.2014 N 7.1.8-12/184 хаты)

       «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2013 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Әбішев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» Республикалық
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Мақсот Жақияұлы
                                                 Мұқанов
      2013 жылғы 13 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады